Арман ОКТЯБРЬ
Арман ОКТЯБРЬ«Egemen Qazaqstan»
1397 материал табылды

Аймақтар • 21 Наурыз, 2020

Алматыда 500-ге жуық ерікті тәртіп сақшыларына көмекке келді

Мемлекет басшысы 2020 жылды «Волонтерлер жылы» деп жариялағаны белгілі. Өз ықыласымен ақысыз қызмет етіп, қоғамның ізгіленуіне үлес қосуды қалайтын азаматтар ел басына күн туған сын сағатта да аянып жатқан жоқ. 

Туризм • 21 Наурыз, 2020

Туристік нысандар жабылды

Алматы билігі елдегі төтенше жағдай режиміне байланысты қаладағы туристік нысандарды жабу туралы шешім қабылдады.

Қаржы • 21 Наурыз, 2020

Ақша айырбастау орындарының жұмыс тәртібі өзгерді

21 және 25 наурыз аралығында Алматы қаласындағы  ақша айырбастау орындары сағат 10.00-ден 16.00-ге дейін ғана жұмыс істейді. Бұл жөнінде қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Аймақтар • 20 Наурыз, 2020

Тәртіпке бағынбаған кәсіпкерлер жауапқа тартылады

Алматы қаласы әкімдігінің мәліметінше, мегаполистегі аумағы 2 мың шаршы метрден асатын барлық сауда үйлері мен сауда ойын сауық орталықтары жабылды. Мұндай шара адамдардың жиналуына жол бермеу үшін қабылданды. Алайда, осы орталықтарда орналасқан супермаркеттер, дәріханалар мен екінші деңгейлі банктер жұмысын жалғастырады.

Аймақтар • 20 Наурыз, 2020

Медициналық бетперделерді қымбат бағаға сатқандар ұсталды

Алматыда медициналық бетперделерді қымбат бағада сатқандар ұсталды. Бұл туралы қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Технология • 20 Наурыз, 2020

Майкрософт «Жасанды интеллект» бизнес мектебін іске қосты

Технологиялық трансформацияларға ұшырап отырған бүгінгі әлемде бірқатар қажетті дағдыларды игеріп, үнемі жаңа білімдерді алып отыру ерекше маңызға ие. Соңғы жылдары қарқынды дамып жатқан компаниялардың кейбірі бизнес-үдерістерді жетілдіріп, бәсекеге қабілетті болу үшін өз кәсіпорындарына жасанды интеллект әдісін жаппай енгізіп жатқаны белгілі.

Аймақтар • 20 Наурыз, 2020

Алматыда 2 балдық жер сілкініс болды

Бүгін таңертең сағат 06-дан 49 минут кеткенде Алматыда 2 балдық жер сілкінісі тіркелді.

Қазақстан • 20 Наурыз, 2020

Қазақстандықтарға білім беру интернет-ресурстарына тегін кіруге мүмкіндік беріледі

Білім беру сайттарын тегін пайдалануға болады. Ынтымақтастық туралы тиісті меморандумға Білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғари, Цифрлық даму вице-министрі Дарын Тұяқов, сондай-ақ «Қазақтелеком» АҚ, «Транстелеком» АҚ, «Кар-Тел» ЖШС, «Кселл» АҚ, «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС, «Astel» АҚ сияқты байланыс операторларының басшылары қол қойды.

Аймақтар • 19 Наурыз, 2020

Алматыда қаланы дезинфекциялау жұмыстары қарқын алды

Алматыда 29 миллион шаршы метр жол, тротуар мен жаяу жүргіншілер жолы дезинфекциялық қоспамен жуылады. Бұл туралы қалалық Жасыл экономика басқармасы басшысының орынбасары Диас Ахметқалиев онлайн-брифинг барысында мәлімдеді.

Аймақтар • 19 Наурыз, 2020

Алматыны айналып өту жолының сызбасы көрсетілді

19 наурыз күні сағат 00:00-ден бастап жарияланған карантин ережелерін сақтау, сондай-ақ қаланың көлік артериясын түсіру тәртібін реттеу мақсатында Алматы полициясы қаланы облыс аймағы арқылы айналып өту жолының сызбасын картаға белгіледі.