Байқал БАЙӘДІЛ
Байқал БАЙӘДІЛ«Egemen Qazaqstan»
1658 материал табылды

Қоғам • 29 Наурыз, 2021

«Бүйректің» бағасы...

Ілкіден жалғасып келе жатқан ізгілікті салт-дәстүрдің меңзер мәні аз емес-ау. Тек соған көңіл бөлмейтініміз ғана өкінішті.

Аймақтар • 29 Наурыз, 2021

Киікке қауіп төніп тұр

Наурыздың соңғы күндері дала төсі сәл жіпсігенімен, қыс бойғы тау-теңіз қасат қардың мұрты да бұзылған жоқ. Орманды алқапта ақ қар, көк мұз сіресіп жатыр. Осы уақытта тебіндегі жылқыға да, тағы аңға да қауіп көп.

Қоғам • 25 Наурыз, 2021

Жан шуағымен жадыратып...

Халқымызда қиындықты бірлесе, иықтаса көтеретін ізгі дәстүр бар. Шарапаты қысылған жанға тисе, ізгілігі жалпыға ортақ өнеге. Жұмыр жердің бетін жаман тұмау жайлаған уақытта Ақмоланың жаны ізгі жомарт жандары, әсіресе жас толқын қолы қысқа адамдарды демеп, жан шуағымен жадыратып қолдағандығын айту парыз.

Экономика • 25 Наурыз, 2021

Ешкі баққанның есебі түгел

Елорданың іргесіндегі «Зеренді» асылтұқымды шаруашылығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің таңсық тағам – ешкі сүтін өндірумен аты шығып тұр. Нұр-Сұлтан қаласы мен облыстың сауда сөрелеріне ешкі сүтінен жасалған өнімнің қырықтан астам түрін ұсынатын шаруашылықтың келешегі кемел.

Аймақтар • 18 Наурыз, 2021

Қар қалың, қауқар шамалы

Көкшетау мен Қараөткелдің арасын жайлаған ел қалың қардың құрсауында. Наурыз айының басында қар ересен мол жауды. Алыстағы ауылға қарағанда қолы ұзын облыс орталығының өзі қар тазалауға қауқарсыз болып шықты. Қалың қар елдің өкпе-назын көбейтуде.

Руханият • 15 Наурыз, 2021

Рухани қазына көмбесі

Облыс орталығында жалпақ жұрттың рухани сұранысын өтеп тұрған орынның бірі – облыстық әдебиет және өнер музейі. Музей қызметкерлері жаман тұмау жайлап тұрған уақытта да қол қусырып қарап отырмай, замандастарымыздың сұранысын өтеуге зор үлес қосып отыр.

Аймақтар • 12 Наурыз, 2021

Жыл сайын бөгет салынады: Одан да ұрымтал тұстарды неге біржола жөндеп алмасқа?

Биыл Ақмола өңірінде қар қалың. Қызыл судан қауіп көп. Көңілдің күпті болуының бірнеше себебі бар. Біріншіден, ақпан айында сіркіреп жаңбыр жауды, қатты аяздың салдарынан жердің қату деңгейі тереңдеді. Мәселен, былтыр жердің үстіңгі беті 70-80 сантиметр деңгейінде қатса, биыл бір жарым метрге жуық. Су қоймаларындағы 98 инженерлік құрылғының 34-і іске жарамсыз.

Экология • 11 Наурыз, 2021

Булығып аққан бұлақтардың көзін ашсақ...

Көкшетау мен Қараөткелдің кең көсілген алқабында сансыз бұлақтың күні-түні шапқылап аққан, қара қарғаның миы қайнайтын қырық күн шілдеде кенезесі кепкен даланың таңдайын жібіткен, өсімдік атаулының бойына нәр берген тамаша шағын көнекөз қариялар бүгінде сағынышпен еске алады.

Аймақтар • 11 Наурыз, 2021

Бұлақсай ауылында білім ошағының қазандығы жарылды

Бүгін Аршалы ауданына қарасты Бұлақсай ауылындағы орта мектепте қазандық жарылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғам • 09 Наурыз, 2021

Масыл болғым келмейді...

Еменнің иір бұтағындай мықтылық... Тағдырдың тәлкегіне әсте мойымау. Бәлкім бұл ішкі жан-дүниенің қайсарлыққа шүпілдеп толуынан шығар. Қалай болған күнде де көктемнің қырмызы гүліндей нәп-нәзік қыздың бойында осыншама күш-қуаттың болуы әуелі таңғалдырған. Кейін тілдесе келе тәнті болдық.