Еңбек • 27 Қараша, 2024
Мал баққанның бейнеті бес батпан. Әйтсе де шалғайдағы шағын ауыл мал сүмесімен күн көріп отыр. Ел ырысын шым-шымдап болса да молайтуға атсалысып жатқандардың үлкен бір шоғыры – осы малсақ қауым.
Руханият • 26 Қараша, 2024
Қажеттілік тілдің өрісін кеңейтеді
Жергілікті жұрты өзге тілде көбірек сөйлейтін Көкшетау төңірегінде ана тіліміздің айдарынан жел есетін түрі бар. Кейінгі жылдары түпқазық ата жұртымыз тұрмақ, өзге ұлттың өкілдері де қазақ тілін үйренуге ден қойып, тәп-тәуір талпыныс жасап келеді.
Тағзым • 19 Қараша, 2024
«Мен келдім кербез Көкше бауырынан»
Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында киелі Көкше топырағында туған таланттардың бірі Мұса Асайыновтың туғанына 95 жыл толуына арналған «Асқақ әнші, ақтаңгер ақын» атты рухани-танымдық кеш өтті.
Шаруашылық • 16 Қараша, 2024
Түлік төресі тақсірет тартпаса екен
Өткен қыс жылқы малына жайсыз болды. Шығын да аз емес. Әсіресе Бурабай, Зеренді, Біржан сал аудандарындағы малсақ қауым қытымыр қыстың қыспағын көп көрді. Әйтсе де шығын болған малына төлемақы ала алмай отыр. Себеп – төтенше жағдайдың жарияланбауы.
Шаруашылық • 14 Қараша, 2024
Өзекті мәселелердің түйіні қалай шешілмек
Облыстық кәсіпкерлер палатасының алаңында өткен агроөнеркәсіп кешені және тамақ өнеркәсібінің салалық кеңесі барысында ауыл шаруашылығы өндірушілеріне қатысты бірқатар өзекті мәселе көтеріліп, саладағы салмақты сауалдар ортаға тасталды.
Өндіріс • 13 Қараша, 2024
Диқан тілегі – тегеурінді техника
«Kazrost Engineering Ltd.» жеке компаниясы – ауыл шаруашылығы техникаларын дайындайтын кәсіпорын. Кәдеге жарату алымы іске қосылғаннан кейін жер емшегін емген диқандарды қуатты техникамен қамтамасыз ету барысында толымды жұмыс істеп келеді.
Шаруашылық • 07 Қараша, 2024
Төрт түлік мал өсірген малсақ қауым азық-түлік молшылығын жасауға үлесімізді қоссақ дейді. Оған жыл он екі ай бейнетін белден кешкен бар шаруа нәтижелі болуы керек. Яғни мал өнімдері өңделіп, тұтынушыларға жетсе – еңбектерінің жанғаны.
Шаруашылық • 31 Қазан, 2024
Ақмолада егін науқаны аяқталды
Сын сағатта уақытпен санаспай, бар күш-қуат, қажыр-қайратын жұмылдырып еңбек еткен диқан, механизаторлар 4,7 млн гектар алқапқа сіңірілген дәнді және дәнді-бұршақ дақылдарын тап-тұйнақтай жинап алып, құт қамбасына құйып, астық үшін арпалыста өрістетілген жорықты табысты аяқтады.
Ауыл • 30 Қазан, 2024
Шағын ауылдардың шырайы қалай кірмек?
Ауыл тұрғындары күрт азайып, қартайып бара жатыр. Кейінгі бес жылдың ішінде өңірде 13 ауыл жабылған. Зеренді ауданына қарасты Қарлыкөл ауылындағы қос қабатты, еңселі мектеп сатылғалы жатыр деген суыт хабар жеткеннен кейін ізін суытпай іле бардық. Сатылымға шығарылғаны рас екен. Жаңа оқу жылында 19 оқушы қалғаннан кейін білім ошағы жабылған. Бұған дейін ауылдың ортасындағы клуб, балабақша сатылып кеткен. Ендігісі жүзге жуық отбасы тұратын, етек-жеңі кең пішілген ауылдағы көзге түсетін жалғыз ғимарат – осы мектеп.
Білім • 25 Қазан, 2024
Республика күні қарсаңында Ақмола облысында тағы да екі жаңа жайлы мектеп пайдалануға берілді. Қабанбай батыр ауылында ақ түйенің қарны жарылған оқиға орын алды.