
Таным • 30 Сәуір, 2020
Ер Мәліктің есімі институтқа берілсе, елдіктің белгісі болар еді
Жеңістің 75 жылдығына орай Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің Көкшетау техникалық институтына Кеңес Одағының Батыры, академик-жазушы Мәлік Ғабдуллин есімі берілсе, әлімсақтан ерлікті мұрат тұтатын Алаш баласы үшін ақжарылқап күн болар еді. Ұлттық құндылықты ұлықтаудағы себі зор бұл мәселе үш жылдан бері сағыздай созылып келе жатыр.
Аймақтар • 29 Сәуір, 2020
Ақмолада көкөніс өсіруге көп көңіл бөлінбек
Жазы қысқа, жылуы аз біздің өңір үшін көкөніс өсіру қияпат шаруа. Әйтсе де, жекелеген аудандарда жылыжай салып жап-жақсы өнім алып отырған мысалдар аз емес.
Аймақтар • 29 Сәуір, 2020
Ақмолада еңбекті қорғау саласында 200 заң бұзушылық анықталды
Жыл басынан бері Ақмола облысында еңбек қауіпсіздігін сақтамаудың 200 дерегі тіркелген. Оның басым көпшілігі кәсіпорындардың еңбекақыны уақытылы төлемеуіне байланысты.
Аймақтар • 29 Сәуір, 2020
Көкшетауда азық-түлік бағасы қатаң бақылауда
Төтенше жағдай кезіндегі азық-түлік бағасын тұрақты ұстау өте маңызды мәселе. Қазір облыс орталығындағы сауда орындары басшыларына бағаны орынсыз көтермеу керектігі ескертіліп, жіті назарға алынған.
Қоғам • 29 Сәуір, 2020
Қара малдың ғана сүтін кәдеге жаратқан жалпақ жұртқа ешкі сүті таңсық. Дегенмен Шекшек ата сүтінің құнары, адам ағзасына пайдасы әлдеқашан дәлелденген. Есіктен кіріп төрге озған коронавирус індеті кезінде әр ұлт өзінің ұлттық тағамдарын пайдаланғаны дұрыс деген пікір орынды айтылып жүр.
Аймақтар • 28 Сәуір, 2020
Көкшетауда коронавирус анықталмаған сырқаттар провизорлық стационардан шықты
Облыстық тері-венерологиялық ауруханасы төтенше жағдай мерзімінде провизорлық стационар ретінде қайта жасақталған еді. Бүгінгі таңда нысанда 143 ақмолалық індетін жұқтыру қаупіне байланысты тексеруден өтті. Олардың арасында «Шапағат» арнайы әлеуметтік көмек көрсету орталығының 24 қамқоршысы бар.
Аймақтар • 28 Сәуір, 2020
Ақмола облысындағы бірқатар кәсіпорын жұмысқа кірісті
Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың төрағалығымен төтенше жағдайға байланысты өңірлік жедел штабтың кезекті отырысы өткізіп, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың еліміздегі төтенше жағдайға байланысты жасаған мәлімдемесіне орай өңірімізде атқарылуға тиісті шараларды пысықтады.
Аймақтар • 28 Сәуір, 2020
Қорғалжындық композитор Марат Әлімжанов Ұлы Жеңістің 75 жылдығына ән арнады. Жергілікті ақын Меруерт Алпысованың өлеңіне жазылған ән «Әлия мен Мәншүк» деп аталады. Яғни, ерлік пен өрлікке үндейтін әсерлі ән шығыстан шыққан қос жұздызға арналған.
Аймақтар • 28 Сәуір, 2020
Ақмолада жол құрылысы қарқынды жүргізілуде
Биыл облыстағы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарына 24 миллиард теңге қаражат бөлінген. Бюджет есебінен 440 шақырым жол жөнделмек.
Аймақтар • 28 Сәуір, 2020
Ақмолалық түлектерге онлайн режиміндегі кәсіби үгіт-насихат жүргізілуде
Мәнді мәселенің бірі мамандық таңдау. Жоғары оқу орындары мен колледждер жыл бойы кәсіби үгіт-насихат жұмыстарын жүргізеді. Оқу жылының соңында бұл үрдіс күшейе түсетін. Ал, енді карантин кезінде оқушыларға кәсіби бағдар беру жұмысы қалай жүзеге асырылуда?