Байқал БАЙӘДІЛ
Байқал БАЙӘДІЛ«Egemen Qazaqstan»
1657 материал табылды

Шаруашылық • 11 Қазан, 2024

Ақмолада астық мол

Өңір диқандары 6 млн тоннадан аса астық жинады. Тәуелсіздік жылдары мұндай мол астық тек 2011 жылы ғана шыққан еді.

Аймақтар • 11 Қазан, 2024

Қызылжардың ажары

«Ауылдың көркі азаматынан» дейтін сөздің жаттанды болса да жаны бар. Қызылжар ауылының дамуына 2,6 млрд теңге қаражат бағытталып, көп-көрім көркейіп қалды.

Ауыл • 10 Қазан, 2024

Ауыл медицинасы жақсарып келеді

Өңірде денсаулық сақтау саласының 561 мекемесі бар. Саланың ахуалын жақсарту барысында қыруар жұмыс атқарылып жатыр. Соның ішінде ауылдық жердегі медицина мекемелерін жаңғыртуға, кадрмен қамтамасыз етуге жіті көңіл бөлініп отыр.

Қоғам • 10 Қазан, 2024

Артымда ұрпақ қалсын деп...

Кең көшені бойлай көлікпен жүріп келе жатырмыз. Бей­таныс ауылда ат байлар жер­дің бағытын білмей пұшайман бол­дық. Жөн білер біреу жолықса жол сұрамақшымыз. Көз байланып келе жат­қан уақыт еді. Баяғыда ғой, ел ішінде мұндай уақытта адам аяғы басыла қой­майтын. Біреу шөп тасып, біреу қысқы отынын қамдап абыр-сабыр болып жатушы еді. Қазір көлденең жүр­гінші кезіге қоймайды екен.

Еңбек • 09 Қазан, 2024

Бабын тапқан бизон да өсіреді

Ақкөл ауданындағы Новорыбинка селолық округіндегі «Агрофирма халық жері» серіктестігі бизон әкеліп бағып жатыр деген хабарды естігенде таң қалғанымыз рас. Сөйтсек, бизон бағумен бірге бірқыдыру игілікті іс қолға алыныпты.

Қоғам • 08 Қазан, 2024

Аға ұрпақ – асыл қазына

Қазақ халқы – бағзы заманнан үлкенін ардақтаған ел. «Қария – даналық пен өмір тәжірибесінің қайнар көзі» деп тегін айтылмаса керек. Қазірде елде «Қарттарымызды қамқорлай жүрейік» акция­сы жүріп жатыр.

Референдум 2024 • 06 Қазан, 2024

Ерте келгендерге тосын сый

Облыс орталығының Ақан сері көшесіндегі «Білім-инно­вация» лицейінде орналасқан №24 дауыс беру учаскесіне қала тұрғындары таңсәріден келе бастады.

Ауыл • 05 Қазан, 2024

Рухани дүниенің реңі

Ел ішіндегі мәдениет саласындағы мәнді шаруа «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы арқылы атқарылып, рухани әлем нұрлана түсті. Биыл аудандық мәдениет нысандарының инфра­құрылымын дамытуға 7,1 миллиард теңге бөлініп отыр.

Шаруашылық • 04 Қазан, 2024

Ақмолалық диқандар ерледі

Күннің әрбір ашық сәтін ұтым­ды пайдаланған ақмолалық диқан­дардың алды егін орағын аяқтады. Дала ерлері 5 млн тоннадан астам астық бастырды.

Оқиға • 04 Қазан, 2024

Атамыз атқа мінбеп пе еді?..

Құзар жартасқа өрмелей ұмтылған қолдың саласындай ақ қайыңдар жалқын сары бояу жағып алыпты. Бажайлап қарасаңыз, мың түрлі бояу кенепке салған мінсіз суреттей жайнап тұр. Бурабайдың баурайы күзгі шапанын айқара жамылыпты. Демалыс күні болғандықтан ба екен, Абылайхан алаңында демалып жүрген жұрт жыртылып-айырылады. Хан тағының қарсы алаңында шоғырланған адамдар. Әлденені қызықтап тұр. Біз де жеттік. Қолына зілдей алдаспан, аумағы әжептәуір қалқан ұс­таған жас жігіт пониға мінбек. Таңғы тымық ауаны қақ айырып елеу­рей үн қатады.