
Қоғам • 24 Қыркүйек, 2020
Сағатшылар әулетінің сыршыл әлемі
Көкшетаудағы Қартбаевтар әулетінің сағат жөндеу ісіндегі жалпы еңбек өтілі 120 жылды құрайды екен. Ертеректе сағат жөндейтін шеберлердің арасында жергілікті ұлт өкілдері саусақпен санарлық еді. Сөйтсек, тұтас әулет осы бір кәсіппен айналысып, өзіндік мол тәжірибе жинапты.
Аймақтар • 23 Қыркүйек, 2020
Ел еңсесін көтеруге "Ауыл – ел бесігі" мемлекеттік бағдарламасының шарапаты тиіп-ақ тұр. Бағдарлама бойынша бөлінген мол қаржы талай елді мекеннің ажарын ашып, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсарта түсуде. Бұрын ауылда жағдай жоқ деп аңсары қалаға ауып тұратын жастар енді туған жерінде түтін түтетіп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 23 Қыркүйек, 2020
Адам жанын гүлдететін қайырымдылық – шуақты да шырайлы асыл қасиет. Елімізде өріс алған қайырымдылық шарасы аясында өңірде сегізінші адам баспаналы болып отыр. Әншейінде көңіл аудара бермегенімізбен, осы бір жанашырлық істің аясында көмек қолын созған көпшіліктің бойындағы кісілік пен кішіліктің, ажарлы азаматтықтың мейлінше мол екендігін көргенде, баянды болашаққа деген ел сенімі де нығая түседі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 23 Қыркүйек, 2020
Көкшетауда рұқсат етілмеген қоқыс үйінділері көбейген
Табиғаты тамылжыған Көкшетау қаласының төңірегінде рұқсат етілмеген қоқыс үйінділері жыл өткен сайын көбейіп келеді. Орманды алқаптың ішінде бей-берекет шашылған қоқыс сәл ғана жел тұрса болды, төңіректің бәрін былғайды, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 23 Қыркүйек, 2020
Көкшетаулық балықшы Андронов мәдениетіне жататын керамикалық бұйымдар тауып алған
Көкшетаулық әуесқой балықшы Камиль Усмановтың қармағына мол олжа ілікті. Балық емес, бағалы зат. Сонау қола дәуіріндегі Андронов мәдениетіне жататын керамикалық ыдыстардың сынықтары, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 23 Қыркүйек, 2020
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы 26 тамыздағы «Еріктілер жылын жариялау туралы» Жарлығынан кейін облыста айта қаларлықтай іс қолға алынуда. Әсіресе жастардың бойында жанашырлық сезімінің мол екендігі қуантады.
Оқиға • 23 Қыркүйек, 2020
Көктерегін көркейткен кәсіпкер
Туған жерге ыстық ықыласы жұртқа өнеге боларлық көкшетаулық кәсіпкер Жұмағұл Жолдықов кіндік қаны тамған Көктерек ауылын көркейтуге көп еңбек сіңіруде.
Экономика • 23 Қыркүйек, 2020
Тозған жерде толымды табыс болмайды
Ел ішінде шаруасын дөңгелетіп өзіне де, өзгеге де шарапаты тиіп отырған шаруақор адамдар аз емес. Екі қолға бір күрек таппай жүргендер осындай еңбекқор жандардан үлгі алса, қанекей!.. Әйтсе де, алға ұмтылғандардың да адымын аштырмайтын мәселе бар.
Қоғам • 23 Қыркүйек, 2020
Облыстың алты ауданында үй құстарының жаппай қырылуы тіркеліп отыр. Соның ішінде Жарқайың ауданында лабораториялық зерттеулер нәтижесінде қанаттылардың қырылуы құс тұмауына байланысты екені анықталып отыр.
Аймақтар • 22 Қыркүйек, 2020
Қыс қамына кіріскен қала да, дала да қауырт тіршілік қамымен бас көтере алмай жатыр. Маусым жүгін көтеру үшін де бірлік керек екен.