
Қоғам • 26 Тамыз, 2020
Мүмкіндігі шектеулі жандарға тегін заңгерлік кеңес беру акциясы өтеді
Азаматтардың әлеуметтік осал санаттарына және мүмкіндігі шектеулі жандарға құқықтық кеңес беру ниетімен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры, Алматы қаласы, Медеу аудандық "Nur Otan" филиалына қарасты "Абай" бастауыш партия ұйымының төрағасы Такир Оспанұлы Балықбаевтың бастамасымен қайырымдылық акциясы ұйымдастырылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 26 Тамыз, 2020
Дүние жүзіне таралған пандемия бүкіл әлем үшін күрделі сынаққа айналды. Өмірдің барлық салалары, әсіресе медицина мен білім берусаласы қатты зардап шегуде. Осыған байланысты Қазақстан тұрғындарының көпшілігі өзін-өзі оқшаулап, «қамауда» қалған сияқты. Көптеген жұмыс берушілер де өз бизнестерін қашықтықтан жүргізу режиміне ауыстырды. Сарапшылардың болжамы бойынша, еңбек нарығы өзгереді. Ал өзгерістер енгізіп, оларға бейімделу үшін, сарапшылардың пікірінше, кем дегенде бір жылдан астам уақыт кетеді, деп хабарлайды Egemen.kz
Қазақстан • 26 Тамыз, 2020
Өңірлік кеңселер "Рухани жаңғыру" бағдарламасын іске асыруды талқылады
"Рухани жаңғыру" бағдарламасын іске асыру мәселелері бойынша Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Болат Тлеповтың төрағалығымен өткен онлайн форматтағы жұмыс кеңесі "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын басшылыққа алды, деп хабарлады Egemen.kz
Технология • 26 Тамыз, 2020
Киберқауіпсіздік саласында білікті мамандардың рөлі қандай?
Жыл басынан бергі аралықта ranking.kz мәліметі бойынша, Қазақстанда 8 мың кибершабуыл тіркелген. Ғаламдық цифрландыру ғасырында ақпараттық қауіпсіздік мәселелері, сонымен қатар пайдаланушылардың сандық сауаттылығын арттыру мен ақпараттық қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бұрынғыдан да өзекті болып отыр, деп хабарлады Egemen.kz.
Медицина • 20 Тамыз, 2020
Мейірім – дәрігердің басты құралы
Әлем елдерін әбігерге салып, дүние жүзінің денсаулық сақтау жүйесін тығырыққа тіреген пандемияның беті қайтып, еліміздегі эпидемиялық жағдай тұрақтана бастады. Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан берілген ақпараттан кейін жұртшылықтың көңіл-күйі орнына түсіп, қалыпты жағдайда жұмыс істеуге мүмкіндік ашылғандай.
Руханият • 14 Тамыз, 2020
Мемлекеттік орталық музейі қоры онлайн-жоба ұсынды
Мемлекеттік орталық музейі жыл сайын музей қорындағы құндылықтарды дәріптеу бағытында танымдық мәдени-білім беру бағдарламаларды жүйелі түрде музей көрермендеріне ұсынып келеді. Елдегі қазіргі жағдайға байланысты орталық музей өз жұмысын белсенді түрде онлайн режімде жалғастырып отыр.
Сұхбат • 14 Тамыз, 2020
Жанна Қуанышева: «Кино майталмандарының мектебі менің университетіме айналды»
Қалыпты тіршілікте өз кейіпкерлеріне ұқсай бермейтін, бірақ кәсіби түйсігі мен тәжірибесін тағдыр-талайы әртүрлі бейнелерді сомдауға арнаған актриса Жанна Қуанышеваның кино әлеміне келуінің өзі өзгеше. Ұлттық кино элитасының үлкен мектебінен өтіп, отыздан астам фильмдегі жарқын бейнелер арқылы көрерменіне танылды. Дара жолын ұлттық киномен байланыстырған кейіпкеріміз саланың дәуірлеген кезінде де, тоқырап құлдилаған тұсында да өз кәсібіне адалдық таныта отырып, өнер жолында қанат жая бастаған жас толқынға білгенін үйретумен келеді. Бүгінде «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері, «Қазақфильм» киностудиясы сарапшылар кеңесінің, Кинематографистер одағының мүшесі Жанна Қуанышеваның есімі еліміздің үздік актрисаларының қатарында аталады. Осы орайда кәсіби актер болудың қыр-сырымен бөліскен әйгілі әртіспен әңгімемізді оқырманға ұсынып отырмыз.
Білім • 13 Тамыз, 2020
Тамыз кеңесінде қашықтық форматында педагогтардың біліктілігін арттыру мәселесі талқыланды
Жаңа оқу жылының қарсаңында білім беру жүйесіндегі жетістіктерді бағалайтын, дайындықты саралайтын, өзекті мәселелердің тиімді шешімін бірлесіп қарастыратын тамыз кеңесі биылғы жылы алғаш рет онлайн форматта өтті, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Абай • 10 Тамыз, 2020
Жас кітапханашылардың ІІ слеті Абай мұрасына арналды
Зағип және нашар көретін азаматтарға араналған республикалық кітапханасы Жас кітапханашыларының II Cлетін өткізді. «Жастар және Абайдың рухани құндылықтары» тақырыбын арқау еткен слет «Біз сәттілікті таңдаймыз!» ұранымен онлайн режимде Zoom платформасында өтті, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Абай • 10 Тамыз, 2020
Алматыда зиялы қауым өкілдері Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойды
Алматы қаласында зиялы қауым өкілдері Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, ұлы хәкімнің рухына тағзым етті, - деп хабарлайды Egemen.kz.