Эльвира СЕРІКҚЫЗЫ
Эльвира СЕРІКҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
1844 материал табылды

Білім • 19 Қазан, 2020

Колледждерге талап күшейе ме?

Ел Президенті кезекті Жолдауында қолжетімді және сапалы білім берудің маңыздылығын ерекше атап өткен болатын. Осы орайда еңбек нарығында талап етілетін құзыреттерді қалыптастыруға кәсіптік білім берудің барлық жүйесін қайта бағдарлау мәселесіне ерекше назар аударылған-ды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғам • 19 Қазан, 2020

Құтқарушылар қызметі заманауи бағытта дамып келеді - Серік Әубәкіров

Бүгінде Қазақстанның төтенше жағдайлар ұйымының құрылғанына ширек ғасырдай уақыт өтті. Қаншама адам өміріне араша түсіп,  көмекке мұқтаж жандардың алғысын арқалаған алматылық құтқарушылар әрдайым көмекке дайын. Алматы қаласындағы Төтенше жағдайлар қызметі жылына мыңдаған шұғыл дабылдарға шығып, 600-ден астам адам қауіпті аймақтардан құтқарылған. Шұғыл қоңырауларға орай 500-ден астам оқиға орнында жедел медициналық көмек көрсетілген. Кез келген апатты жағдайлардың алдын алуда штаттағы құтқарушылар құрамымен ғана жүзеге асыру мүмкін емес. Сондықтан азаматтық қорғаудың аумақтық ішкі жүйесі қалыптасқан. Бүгінде төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында 19 қызмет түрлерінен азаматтық қорғау жүйесі құрылып, әртүрлі профильдегі 1,5 мыңнан астам құтқарушы жұмыс істейді. Шұғыл қызметке 350-ден астам құтқарушы мен 150 бірліктен астам техника тәулік сайын қала қауіпсіздігінің қырағы күзетінде. Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, Өрт сөндіру қызметінің генерал-майоры Серік Әубәкіровпен әңгімемізде оңтүстік астананың өрт сөндірушілері мен құтқарушыларының қызметіне қатысты сұрақтарымызды қойған едік.

Руханият • 15 Қазан, 2020

Алматыда "Абай Құнанбайұлы. Ғақлия кітабы" таныстырылды

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде "Абай шығармаларының түркі әлемінде зерттелуі мен насихатталуы" ғылыми конференция аясында  Немат Келімбетов атындағы Түркітану орталығы Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай "Абай Құнанбайұлы. Ғақлия кітабы" кітабын  таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz

Аймақтар • 15 Қазан, 2020

Қырағы күзетте – замануи техниканы меңгерген жауынгерлер

Радиотехника мамандығы бойынша офицер-инженерлерді дайындайтын Орталық Азия аумағындағы тұңғыш әрі бірден-бір білім ордасы  Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының тарихы – Қазақстан әскерінің, отандық білім-ғылым жүйесінің дамуымен тығыз байланысты, деп хабарлайды Egemen.kz

Қоғам • 13 Қазан, 2020

Әкімшілік құқық бұзғандарға 4 мыңға жуық хаттама толтырылған

Өңірлік коммуникациялар алаңында өткен онлайн-брифинг барысында Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасының директоры Нариман Әбілшайықов алматылық бизнесмендерді санитарлық нормаларды қатаң сақтауға және келушілер мен қызметкерлердің денсаулығына қауіп төндірмеуге шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Білім • 08 Қазан, 2020

Алматы оқушылары компьютермен толық қамтамасыз етілген

Алматы қаласы білім басқарма басшысының орынбасары Қайрат Жұманов қаладағы қазіргі білім беру саласындағы ахуалға байланысты,  қашықтықтан оқыту мәселелері бойынша брифинг өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 06 Қазан, 2020

87-ші театр маусымы "Ұлы Абайға тағзыммен" басталады

Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры ұзақ үзілістен кейін 8 қазанда алматылықтар мен қала қонақтарына өз есігін айқара ашады. 87-ші театр маусымы "Ұлы Абайға тағзым!" концертімен ашылатын болады.

Аймақтар • 06 Қазан, 2020

Ержан Бабақұмаров мектеп директорларымен кеңес өткізді

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша әкімнің орынбасары Ержан Бабақұмаров қала мектептерінің директорларымен балалардың денсаулығын қорғау және қашықтан оқыту сапасы мәселелері бойынша  онлайн-кеңес өткізді, - деп хабарлайды Egemen.kz

Сұхбат • 06 Қазан, 2020

Тұңғышбай Жаманқұлов: Өнер – білектің емес, жүректің ісі

– Тұңғышбай аға, өнерде жүрге­ні­ңізге елу жылдай болыпты. Осы жыл­­дарда ұлттық театрымыз бен ки­но­мыз­­ға бір кісідей еңбегіңіз сіңді. Абы­­лай хан, Әбілхайыр, Қайырхан, Жә­ні­бек хан, Махамбет, Құнанбай сияқ­ты қазақ тарихында ерекше орны бар тұлғалар образын сомдап, көрер­меннің ықыласына бөлендіңіз. Өз па­йымыңыз бойынша, еліңізге қандай ең­бек сіңірдім деп білесіз? Жалпы елге еңбек ету ұғы­мын қалай түсіндірген бо­лар едіңіз?

Сұхбат • 05 Қазан, 2020

София Молдағалиева: «Жұбан қазақты жырласа, халқы бүгінде Жұбанды жырлайды»

«Мен – қазақпын мың өліп, мың тіріл­ген.Жөргегімде таныстым мұң тіліменЖылағанда жүрегім, күн тұтылып,Қуанғанда күлкімнен түн түрілген» деген өлең жолдарын оқымаған қазақ кемде-кем. Жұбандай өр ақынның өр­шіл де, ұлтжанды өлеңі қай-қайсымыз­дың болмасын жүрегімізде намыс отын жағып, ел мен жерге деген сүйіс­пеншілігімізді арттыра түсетіні хақ. Ашаршылық пен жоқшылықтың азабын тартқан, жетімдікті көріп, сұрапыл соғысты басынан өткерген майдангер-қаламгер өзі өмір сүрген кезеңнің әділетсіздігін шығармасына арқау етті. Бүгінде Жамбыл көшесіндегі 147-үй, 9-шы пәтер ақын мұрасының ұясына айнал­ған. Өзі көзі тірісінде жинаған кітап қорының бір парасы сақталған шаңырақта ақынның жары София Молдағалиева қаламгер аманаттап кеткен асыл мұрасын көзінің қарашығындай сақтап, келер ұрпаққа естеліктерімен бөлісіп отыруды өмірінің бір бөлшегіне айналдырған. Жақында Жұбан Молда­ғалиевтің туғанына 100 жыл толуына орай Орал өңірінде өткен кездесуден ора­л­ған София Мәлікқызымен ақын шығармашылығы жайында әңгі­мелескен едік.