
Қоғам • 30 Қараша, 2020
ЕСА кеңсесі ұсынатын бағдарламалар қолжетімді
Америка Құрама Штаттары Мемлекеттік хатшысының білім және мәдениет мәселелері (ECA) жөніндегі көмекшісі Мари Ройстың қатысуымен өткен виртуалды дөңгелек үстел барысында мәдениет саласында, оның ішінде ЕСА кеңсесі ұсынатын бағдарламалар аясындағы екі елдің ынтымақтастық мәселелері сөз болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Руханият • 30 Қараша, 2020
Әскери тұтқындар есімдері деректер қорына енгізілуде
Бүгінде Қазақстанда тұрып жатқан өзге этнос өкілдерінің II Дүниежүзілік соғыс жылдарында жер аударылу деректері Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты мен ҚХА хатшылығы бірлесе ұйымдастырған «Екінші дүниежүзілік соғыс және халықтарды Қазақстанға депортациялау: жаңа дереккөздер мен заманауи әдіснамалық тәсілдер» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға арқау болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Коронавирус • 30 Қараша, 2020
Алдын алмаудың салдарынан Covid-19 жұқтыру әбден мүмкін
С. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің жұқпалы және тропикалық аурулар кафедрасының профессоры Равиля Егембердиева онлайн-сұхбат барысында коронавирустың көбеюі көп жағдайда профилактикалық шаралардың сақталмауы салдарынан болады деп атап өтті. Яғни, бұқаралық шаралар, әлеуметтік арақашықтықты сақтамау және бетперде кимеу ауыр зардаптарға соқтырады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 30 Қараша, 2020
"Ұлы дала мұрагерлері" домбырашылар марафоны басталады
Назарбаев Зияткерлік мектептерінде Тұңғыш Президент күні дәстүрлі «Ұлы дала мұрагерлері» домбырашылар марафонынан бастау алады. NIS-тің барлық YouTube арналарында Құрманғазы мен Дәулеткерейдің, Нұрғиса Тілендиевтің атақты күйлері орындалатын болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 30 Қараша, 2020
"Ұлы дала тұлғасы" онлайн байқауы мәресіне жетті
Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында Ұлы ақын, философ, саяси қайраткер, ағартушы, композитор Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған жоғары оқу орындары арасында "Uly dala tulǵasy" халықаралық онлайн конкурсы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 27 Қараша, 2020
Алматыда 7 мыңнан астам жұмыс орны ашылады
Өңірлік коммуникациялар алаңында өткен онлайн-брифингте Алматы қаласының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин биылғы жылдың 10 айында пандемия салдарының аясында сауда саласы құлдырағанына қарамастан, өндіріс және инвестициялар саласында оң динамика байқалатындығын атап өтті.
Аймақтар • 27 Қараша, 2020
"Ұлы дала тұлғасы" онлайн байқауы мәресіне жетті
Ұлы Абайдың 175 жылдығына арналған жоғары оқу орындары арасында өткен халықаралық онлайн конкурс «Ұлы дала тұлғасы» мәресіне жетті. Байқауға Казақстан, Корей, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінен 55 студент іріктеу сынынан өтіп, ақтық мәреге жолдама алған. Өнер саласының елге белгілі майталмандарынан тұрған әділқазы мүшелері сараптап сайыстың нәтижелерін шығарды.
Аймақтар • 27 Қараша, 2020
"Түйелер" декоративті-бедерлі панно қалпына келтірілуде
Мүсіндік туындының авторы Павел Шорохов Алматы әкімі Б. Сағынтаевтың өтінішіне жауап ретінде уақыттан және вандалдардың қолынан зардап шеккен композицияны бастапқы қалпына келтіруді қолға алды, - деп жазады Egemen.kz
Оқиға • 25 Қараша, 2020
Қазақстандық каскадерлер «Таурус» сыйлығын иеленді
Қазақстандық Nomad Stunts тобы әлемдік каскадерлер академиясының «Таурус» сыйлығын жеңіп алды. Бұл сыйлық қазақстандық каскадерлерге режиссер Ақан Сатаевтың «Томирис» тарихи драмасындағы трюктері үшін берілген.
Қоғам • 25 Қараша, 2020
Тауында ілбіс жортқан Алматы мемлекеттік қорығының экожүйесі қалай қорғалуда?
Іле Алатауының орталық бөлігінде 71 мың гектардан аса аумақты алып жатқан Алматы мемлекеттік табиғи қорығы теңіз деңгейінен 1200-5017 метр биіктікте орналасқан. Биыл тоқсан жылға жуық тарихы бар табиғи қорық ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік резерваттар тізіміне енді.