
Оқиға • 01 Ақпан, 2021
Жас оқырмандар кітапханасы жаңартылды
Алматыда кітапхана жүйелерін жаңарту жалғасын табуда. Оңтүстік шаһар басшысы Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасына орай өткен жылы 10 кітапхана жаңартылған болса, бұл бағыттағы жұмыстар балалар мен жастардың бос уақытын тиімді пайдалану үшін арнайы орталықтар ашумен ерекшеленіп отыр.
Аймақтар • 29 Қаңтар, 2021
Алматылықтарға қауіпсіздік талаптары ескертілді
Алматы қаласының ӨКК брифингінде «ҚазТрансГазАймақ» АҚ Алматы өндірістік филиалы директорының бірінші орынбасары Жайық Әлішев жылыту пештері мен газ аспаптарын ұқыпсыз қарау және дұрыс пайдаланбау өртке, жарылысқа, улы газбен улануға және адамдардың қаза болуына әкелуі мүмкін екенін атап өтті. Кейбір үй иелері өз әрекеттерінің салдары туралы ойланбайды, ережелерді елемейді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 29 Қаңтар, 2021
Қырымбек Көшербаев мәдениет және өнер саласының үздіктеріне мемлекеттік стипендия табыстады
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша белгілі мәдениет және өнер қайраткерлеріне Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының 2020 жылғы мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын табыс етті. Салтанатты рәсімге Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова және Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 26 Қаңтар, 2021
Ерекше қажеттіліктері бар балалар қалай оқиды?
Бүгінде елімізде ерекше қажеттіліктері бар балаларды оқыту, қоғамға бейімдеу мемлекет алдында тұрған келелі мәселенің бірі. Инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір кемсітушілікке ұшырамауы қажет. Барлық білім алушылардың тең құқылығы, қолайлы жағдай туғызу, олардың қоғамда өзін жайлы сезінуі білім беру мекемелеріндегі маңызды жұмыстардың бірі.
Қоғам • 25 Қаңтар, 2021
Сапар Байжановтың туғанына 90 жыл толуына орай конференция өтеді
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Журналистика факультетінің Е. Шәймерденов атындағы аудиториясыда көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, танымал жазушы публицист Сапар Байжановтың туғанына 90 жыл толуына орай 27 қаңтарда «Ұлтының ұмытылмас тұлғасы – сапар Байжановтың шығармашылығы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференция өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021
Абай атындағы ҚазҰПУ-да Директорлар кеңесінің төрағасы сайланды
«Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің мәжілісі өтіп, Директорлар кеңесінің төрағасы қызметіне белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Исимбаева Гүлмира Истайбекқызы сайланды.
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021
Ержан Бабақұмаров COVID-19-дан сақтану шараларын күшейтуді тапсырды
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев алға қойған міндеттерді орындау үшін қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау Департаменті басшысының, қаланың мемлекеттік бас санитар дәрігері Ж.Бекшиннің, қалалық басқармалар мен аудандық әкімдіктер басшыларының қатысуымен онлайн форматта жұмыс кеңесін өткізді.
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021
Заңгерлерді даярлау меморандумына қол қойды
Абай атындағы ҚазҰПУ Тарих және құқық институтының «Құқықтану» кафедрасының меңгерушісі Ермек Бөрібаев пен Алматы қаласы Медеу аудандық №2 аудандық қылмыстық сотының төрағасы Айгүл Маликова ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, - деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021
«Жұмыспен қамту жол картасы» аясында 23 жоба жүзеге асты
Түрксіб ауданының өткен жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және биылғы жоспарлар жайында өңірлік коммуникациялар алаңында аудан әкімі Бақытжан Ақжаров таныстырды, - деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021
Алматыда «Алтай», «Сапар», «Ақбұлақ» базарларын жаңарту жоспарлануда
Ауданның экономикалық даму көрсеткішінің негізі өнеркәсіп өндірісінің көлемін арттыру мен негізгі капиталға инвестицияны салу болып таблады. Пандемия жағдайына қарамастан Түрксіб ауданы едәуір көрсеткіштерге қол жеткізген.