Эльвира СЕРІКҚЫЗЫ
Эльвира СЕРІКҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
1844 материал табылды

Аймақтар • 27 Ақпан, 2021

Алматыда әлеуметтік қор пәтерлерінің құны көтерілмейді

Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында қаладағы мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларын жүзеге асыру барысы туралы онлайн-брифинг өтті. Брифинг барысында Алматы қаласының «Отбасы банк» АҚ филиалының директорының орынбасары Данагүл Түсіпова әлеуметтік қор пәтерлерінің құны көтерілмейтінін атап өтті.

Аймақтар • 27 Ақпан, 2021

Алматыда 452 көпбалалы отбасы баспанамен қамтылады

Алматы қаласы Тұрғын үй саясаты басқармасы басшысының орынбасары Ермек Әміров және Алматы қаласы «Отбасы Банк» АҚ филиалы директорының орынбасары Данагүл Түсіпова өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында тұрғын үй бағдарламаларын жүзеге асыру туралы сұрақтарға жауап берді.

Қоғам • 26 Ақпан, 2021

Қазақстан тарихы: 7 томдық академиялық еңбек әзірленеді

Ұлы Даланың тарихын ежелгі дәуірден бастап қазірге дейін зерттеуді одан әрі жалғастыруға ерекше назар аудару қажеттілігі туралы Президент Қ.Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» бағдарламалық мақаласында баса айтылған болатын. Аталған мақалада көтерілген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында «Қазақстан тарихы ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейін» 7 томдық іргелі ғылыми еңбекті әзірлеу мәселелері бойынша республикалық методологиялық семинар-кеңес өтті.

Аймақтар • 26 Ақпан, 2021

Жамбыл мұрасы – ұлт руханиятының айнасы

Өлең сөздің дүлдүлі, жыршы, жырау Жамбыл Жабаевтың шығармашылығы хақындағы зерттеулер бүгінде отандық ғылым саласы ғана емес, алыс-жақын шетел ғалымдарының да назарында. Жыр алыбының туғанына 175 жыл толуына орай М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты ұйымдастырған «Жамбыл шығармалары – ұлт руханиятының айнасы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференцияда халық жыршысының мұрасын зерттеу, насихаттауға байланысты ғалымдар ой қозғады.

Аймақтар • 26 Ақпан, 2021

Алматыда қосымша жұмыс орындары ашылады

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен кеңесте жұмыс орындарын құру, жұмыспен қамтуды сақтау, жалақыны және міндетті зейнетақы және әлеуметтік аударымдарды дер кезінде төлеу мәселелері қаралды.

Әдебиет • 26 Ақпан, 2021

Сайын Мұратбетковтың әңгімелері ағылшын тіліне аударылды

Алматыда балаларға арналған И.Крылов атындағы кітапханада тұманды Альбионнан жеткен жаңа бір кітаптың тұсаукесері өтті. Халықаралық Қазақ ПЕН-клубының ұйытқы болуымен Лондонда басылған «The crossing end other stories» жинағына қазақ әдебиетінің классигі Сайын Мұратбековтың шығармалары еніп отыр. Кітап Алматы қаласы әкімдігінің демеушілігімен жарыққа шыққан, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 26 Ақпан, 2021

Алматыдағы NIS Қамқоршылық кеңесінің отырысы өтті

Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Қамқоршылық Кеңесінің біріккен онлайн-отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 26 Ақпан, 2021

Алматыда Крылов атындағы балалар кітапханасы жаңартылды

Алматыда қала әкімінің тапсырмасы бойынша кітапхана жүйесін жаңарту жұмыстары жалғасын табуда. Былтырғы жылдан бері оңтүстік шаһарда 10 кітапхана жөндеуден өткені белгілі. Бүгінде қаладағы 25 кітапхананың 16-сы жаңа форматта жұмыс істеуде.

Аймақтар • 26 Ақпан, 2021

Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті

Абай атындағы ҚазҰПУ Жаратылыстану және география институтының мансапты дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі» өтті.

Білім • 26 Ақпан, 2021

ҰБТ тапсыру ерекшеліктері «Ашық есік» күнінде талқыланды

Алматы облысы Талғар ауданының білім бөлімі, Талғар ауданы мектептерінің тарих пәні мұғалімдері және 11-сынып оқушылары Абай атындағы ҚазҰПУ Тарих және құқық институты әлем тарихы кафедрасының ұйымдастырумен өткен «Ашық есік» күніне қатысты.