Эльвира СЕРІКҚЫЗЫ
Эльвира СЕРІКҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
1991 материал табылды

Қазақстан • 28 Қараша, 2021

Үшінші сектор: тұрақты даму мүддесіндегі әріптестік

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Қазақстан Азаматтық альянсының ұйымдастыруымен өткен «Қоғам мен мемлекеттің тұрақты даму мүддесіндегі әріптестікке 30 жыл» Х Азаматтық форумы Алматы қаласында қорытындыланды. Отыздан астам пікірталас алаңында үкіметтік емес ұйым өкілдері, халықаралық сарапшылар адамзат дамуының түйткілді мәселелерін талқылады.

Білім • 25 Қараша, 2021

10 облыстан келген мамандар біліктілік курсынан өтті

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Біліктілікті арттыру және қашықтықтан білім беру орталығы мектепке дейінгі және мектептен тыс ұйымдардың басшылары, тәрбиешілері мен әдіскерлеріне «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында мектепке дейінгі ұйымдардың инновациялық қызметін басқару» тақырыбында 80 сағаттық біліктілікті арттыру курстарын өткізді, деп жазады Egemen.kz.

Білім • 25 Қараша, 2021

Қырғызстан мен Қазақстан ынтымақтастығы аясында ректорлар кездесті

Бішкекте Қырғызстан мен Қазақстан университеттері ректорларының Бірінші халықаралық форумы өтті, деп жазады Egemen.kz.

Ғылым • 25 Қараша, 2021

ҚазҰАЗУ ғалымдары Бельгияның агротехнология тәжірибесін зерттейді

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетіне Бельгия Корольдігінің Қазақстандағы елшісі Анри Вантигем және Валлон экспорт және инвестициялар жөніндегі агенттігі бас директорының кеңесшісі Шанталь Де Бле (AWEX)  бастаған делегация келді, деп жазады Egemen.kz.

Білім • 25 Қараша, 2021

Орталық Азиядағы оқу бағдарламаларының ықпалдастығы

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультеті ЮНЕСКО Халықаралық коммуникация даму бағдарламасы аясында (IPDC) Орталық Азия университеттерінде қолданыстағы деректер журналистикасы бойынша оқу бағдарламаларын ықпалдастыру жобасын жүзеге асыруда.

Қазақстан • 23 Қараша, 2021

Қазына қатталған орталық

Биыл Орталық мемлекеттік архив­тің құрылғанына 100 жыл толды. XVI-XXI ғасырлар тарихын қам­титын бір жарым миллионға жуық деректер қоры сақталған еліміздегі ең ірі мұрағат қорының мерейтой­лық мерекесі ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. Іс-шара мұрағат қоры орналасқан ғимаратқа ескерткіш тақта орнату рәсімімен басталып, Абай атындағы Опера және балет театрында салтанатты шараға ұласты.

Білім • 22 Қараша, 2021

Студенттер үздіксіз тәжірибеден өтіп жатыр

Таяуда Алматы қалалық білім басқармасы мен Абай атындағы ҚазҰПУ арасында арнайы меморандум жасалып, педагогикалық кадрлардың үздіксіз тәжірибеден өтуіне байланысты нақты қадамдар бекітілген болатын. Университет ректоры Дархан Біләловтің айтуынша, жоғары оқу орындарының басшылары педагогикалық жоғары оқу орны мен орта білім беру орындары арасындағы бірлескен жұмыстарды, студенттердің өндірістік тәжірибені қалай өтіп жатқандығы туралы дер кезінде біліп отыр­уы ынтымақтастық аясындағы маңызды шарттардың бірі.

Тәуелсіздік • 22 Қараша, 2021

Саяси тұрақтылық пен экономикалық өркендеу негізі

Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалып­та­суы мен даму үрдістері, қоғамның құқықтық жүйе­сі­нің құрылу тарихы, әлемдік кеңістіктегі рөлі, адам құқықтарын қорғау жағдайы «Қазақстан Тәуел­сіз­ді­гінің 30 жылдығы – саяси тұрақтылық пен эконо­ми­ка­лық өркендеудің негізі ретінде Нұрсұлтан Назарбаевтың құқықтық мо­де­лі» тақы­р­ыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға ар­қау болды.

Білім • 19 Қараша, 2021

Бәсекеге қабілетті ЖОО-лар Лигасы құрылады - Асхат Аймағамбетов

Абай атындағы ҚазҰПУ-да ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов еліміздің жоғары оқу орындарының ректорларымен кездесу өткізді. Іс-шараға Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрайымы Гүлзат Көбенова және жоғары оқу орындарының басшылары қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Білім • 19 Қараша, 2021

Орталық Азиядағы оқу бағдарламаларының ықпалдастығы

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультеті ЮНЕСКО Халықаралық коммуникация даму бағдарламасы аясында (IPDC) Орталық Азия университеттерінде қолданыстағы деректер журналистикасы бойынша оқу бағдарламаларын ықпалдастыру жобасын жүзеге асыруда, деп хабарлайды Egemen.kz.