Өнер • 21 Наурыз, 2023
Кейінгі жылдары отандық сән әлемі ұлттық нақышта дамып келеді. Сән үйлері қазақы киім үлгілерінің түр-түрін заманға сай икемдеп, отбасы мүшелеріне арналған жаңа дизайнмен тәнті етуде.
Марапат • 12 Наурыз, 2023
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткен Ө.Жолдасбеков атындағы математика және механика бойынша XII халықаралық ғылыми жобалар байқауында Алматы қаласының құрама командасы жеңіске жетті. Тәжікстан, Қырғызстан және Қазақстаннан 150-ден астам оқушы қатысқан байқауда алматылық команда 4 алтын, 2 күміс және 4 қола медаль иеленді.
Университет • 09 Наурыз, 2023
Жаңа заман талабына сай білікті, бәсекеге қабілетті мамандар даярлаумен қатар, агросектордағы ғылыми ізденістерге қол жеткізуді мақсат етіп отырған Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде зооинженерлер даярлау ісі қайта қолға алынды. Ғалымдар сүйіншілеген жаңалық агрокешен саласында жаңа буын мамандарын даярлаудың заманауи тәжірибесіне негізделіп отыр.
Үкімет • 09 Наурыз, 2023
Былтыр Алматы қаласын дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасын және 2030 жылға дейінгі ортамерзімді перспективаларын іске асыру аясында білім беруді дамытудың жол картасы әзірленген болатын. Жол картасы өңірдегі білім беру саласында туындаған өзекті мәселелерді шешуге бағытталған.
Білім • 06 Наурыз, 2023
Оқулық оқушының үдесінен шықса игі
Бүгінде мектеп оқушылары жаңартылған оқу бағдарламасына сай жазылған оқулықтар негізінде білім алып жатыр. Оқу үрдісін еңбекпен, шығармашылық және өмірлік құндылықтарды игерумен ұштастырған білімнің жаңа мазмұны озық ойлы ұрпақ тәрбиелеуге бағытталған. Алайда көп ұзамай заман талабына сай білім беруге бағытталған бағдарламаға да, оқулық сапасына да қатысты сын айтыла бастады.
Білім • 03 Наурыз, 2023
Жекеменшік мектеп: Білім бе, әлде бизнес пе?
Елдегі өзекті мәселенің бірі – мектептердегі орын тапшылығы. Қазір білім ордаларында 250 мыңнан астам орын жетіспейді. Бұл көрсеткіш үш жылда 1 млн-нан асады деген болжам бар. Сол себепті Үкімет мемлекеттік мектептермен қатар жекеменшік білім ошақтарын да қолдауға көңіл бөле бастады.
Саясат • 02 Наурыз, 2023
Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (FAO) жобалары біздің елдегі агрокешенді қолдауға бағытталмақ.
Аймақтар • 02 Наурыз, 2023
Көктем келісімен, дала алқаптары, тау бөктерінде қаулап өсетін бәйшешектің гүлдеуін қазақ даласы әр кез жақсылықтың, қуаныштың нышаны деп қабылдайды. Алматыдағы Ботаникалық бақта бәйшешек гүлдеп, қала жұртшылығының назары табиғаттың осы ерекше бір сәтіне ауды.
Медицина • 02 Наурыз, 2023
Қан тамырларын тазартатын әдіс
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы деректеріне сүйенсек, кейінгі елу жыл шамасында экономикасы дамыған елдердің өзінде атеросклероз ауруы кең таралып барады. Аурудың патогенетикалық механизмдерін мамандар өмір салтының түбегейлі өзгеруімен байланыстырып отыр.
Университет • 22 Ақпан, 2023
Агрономдарды бірлесіп даярлайды
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің басшысы Ақылбек Күрішбаев Канаданың Қазақстандағы елшісі Алан Хамсонмен және елшіліктің Сауда мәселелері және бизнесті дамыту жөніндегі аға кеңесшісі Эдуард Юомен кездесті. Кездесуде екі елдің университеттері, ғылыми орталықтары мен аграрлық сектор кәсіпорындары арасындағы әріптестікті дамыту мәселелері талқыланды.