
Аймақтар • 01 Маусым, 2019
Прецеденттік құқық элементтерін имплементациялау мүмкіндіктері талқыланды
Абай атындағы ҚазҰПУ-да Сорбонна-Қазақстан институты «Cases law» орталығында «Қазақстан Республикасының заңнамасына прецеденттік құқық элементтерін имплементациялау мүмкіндіктері туралы. «Астана» ХҚО-ның тәжірибесі» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өтті.
Руханият • 31 Мамыр, 2019
Алматы ашаршылық құрбандарын еске алды
Екі жыл бұрын Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша Алматының орталығында ашаршылық құрбандарына ескерткіш ашылып, онда қазақ халқының ауыр қайғысы әбден әлсіреген баласын кеудесіне қысқан ана бейнесі арқылы көрсетілген еді. Бүгін алматылықтар Қарағайлы скверіне келіп, 1931-1933 жылғы ашаршылық құрбандарына тағзым етіп, ескерткішке гүл шоқтарын қойды, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.
Аймақтар • 31 Мамыр, 2019
Алматыда ғалым әйелдер форумы өтті
Осыдан екі жыл бұрын құрылған Қазақстан ғалым әйелдер қоғамының бастамасымен ұйымдастырылған «Ұлы Дала рухани мұрасы-ұрпақ тәрбиесіндегі ұлттық құндылықтарды сақтау тірегі» республикалық ғылыми-тәжірбиелік форумға отандық ғылым саласының өкілдері қатысып, әйелдердің қоғамдағы рөлі төңірегінде пікір алмасты.
Сұхбат • 31 Мамыр, 2019
Бейбіт Қойшыбаев: Ұлттық мемлекеттілікпен мақтанатын тарих керек
– Саналы ғұмырын ұлттың мұрат-мүддесіне, ұлт азаттығының жолына арнаған ұлт қайраткерлерінің бірқатары жарық көргеніне биыл 100 жыл толып отырған «Егемен Қазақстанның» бастауында еңбек еткені белгілі. Сонау сұрапыл жылдарда жүзден астам журналистің саяси қуғын-сүргінге ұшырағандығы белгілі болды.
Аймақтар • 30 Мамыр, 2019
«Ашаршылық пен Үлкен террордың тарихи сабақтары» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті
Саяси-қуғын сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Тарихтан тағлым – өткенге тағзым» тақырыбында кітап көрмесі және дөңгелек үстел өтті.
Руханият • 30 Мамыр, 2019
«Майлықожа Сұлтанқожаұлы. Толық шығармалар жинағы» таныстырылды
«Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасында қазақтың суырып салма ақыны Майлықожа Сұлтанқожаұлының 180 жылдығына орай жарыққа шыққан «Майлықожа Сұлтанқожаұлы. Толық шығармалар жинағының» таныстырылымы өтті.
Аймақтар • 27 Мамыр, 2019
Алматы түлектері алтын ұя – мектебімен қоштасты
Алматы мектептерінің 8 мыңнан астам түлегі үшін «Соңғы қоңырау» соғылды деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Руханият • 24 Мамыр, 2019
Академик Мәлік-Айдар Асылбековтің туғанына 90 жыл толуына орай конференция өтті
Академик Мәлік-Айдар Асылбековтің тарихи демография мәселелеріне арналған еңбектері қоғамдық ғылымдарға барынша ықпал етіп, үстемдік жүргізген кеңестік идеологиялық факторлар салдарынан ұзақ уақыт бойы тоқырауға ұшыраған ғылым саласына ірі бетбұрыс әкелді деп батыл айтуға болады. Мәлік-Айдар Асылбековтың туғанына 90 жыл толуына орай Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында өткен ғылыми-тәжірибелік конференция барысында институт директоры Зиябек Қабылдинов ғалымның еңбек жолына қарата осындай ойларымен бөлісті.
Аймақтар • 23 Мамыр, 2019
Тарихи тұлғалар мен ұлттық тарих сабақтастығы
Бүгінде отандық тарих ғылымының алдында көптеген келелі мәселелер тұр. Күні кеше қоғамның мұрат-мүддесі жолында күрескен тұлғалардың есімін бүгінгі күнде ардақтаудың демократиялық жолдарын ұсынып отырған ғалымдар қауымы тарихи жадымызды ретке келтіріп, түгендеп, бағыт-бағдарын анықтаудың өзектілігін ортаға салды.
Әлем • 22 Мамыр, 2019
Cарапшылар жаһандық үдеріс жағдайындағы жоғары білімді дамыту тақырыбын талқылады
Соңғы он жылдықтарда ғаламдық үдерістер Қазақстанның жоғары білім саласының алдына үлкен міндеттер жүктеп отыр. Мемлекеттің стратегиялық бағыты ретінде ғылым мен білім саласын ұлттық құндылық ретінде дамыту мәселелерінде халықаралық ықпалдастық пен инновациялық технологияларды игерудің маңызы зор.