
Қоғам • 04 Наурыз, 2020
Саналы ғұмырын қазақ тілі ғылымының дамуына сарп етіп, қиын-қыстау кезеңдерін басынан өткере жүріп, ғылымды киелі деп таныған саңлақ ғалым, академик Шора Сарыбаев еңбектеріне зер салғанда тіл білімінің қалам тартпаған саласы кемде-кем екендігіне көз жеткізе түсеміз. Бүгінде еңбектері күллі түркі әлеміне танылған түрколог-ғалымның туғанына 95 жыл толуына орай «Қайнар» академиясының ұйымдастыруымен Ұлттық кітапханада «Академик Ш.Сарыбаев тағылымы: тіл тағдыры және ұлт ұлағаты» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Аймақтар • 02 Наурыз, 2020
ҚазҰУ-де «Әр алуандық және білім беру: көзқарастардың тоғысуы» халықаралық семинары өтті
Халықаралық ықпалдастық отандық білім саласына заманауи мүмкіндіктер жүктеп отыр. Осы орайда IT саланың артықшылықтарын игеру, электронды оқулықтарды жетілдіруде шет тілдеріне маманданатын студенттерге қолайлы жағдайлар қарастырылуда.
Руханият • 01 Наурыз, 2020
Алматыда этномәдени бірлестіктер өкілдері Алғыс айту күнін атап өтті
1 наурыз – Қазақстанда Алғыс айту күні. Мереке қарсаңында Алматыда «Мың тағдыр – бір Ел» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Руханият • 29 Ақпан, 2020
«Механика туралы ғылым: әл-Фарабиден бүгінге дейін» республикалық ғылыми семинары өтті
«Ғылым ордасы» ғимаратында Алғыс айту күні және көрнекті ғалым-механик, ҚР ҰҒА академигі Өмірбек Жолдасбековтың туғанына 89 жыл толуына орай ҚР ҰИА және академик Ө.А.Жолдасбеков атындағы механика және машинатану институтының ұйымдастыруымен «Механика туралы ғылым: әл-Фарабиден бүгінге дейін» республикалық ғылыми семинары өтті.
Руханият • 29 Ақпан, 2020
«Әйелдер қауымын бүкіл әлем құттықтайды» мерекелік іс-шарасы өтеді
Мемлекеттік орталық музейі 6 наурыз күні сағат 10.00 «Бәйтерек» Халықаралық мектеп-лицейімен бірлесіп, 8наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай «Әйелдер қауымын бүкіл әлем құттықтайды» іс-шарасын өткізеді.
Аймақтар • 28 Ақпан, 2020
Орталық музейде «Қызғалдақтар гүлдегенде» Art-көрме-жәрмеңкесі ашылды
Көктемгі мерекелер және және 8 наурыз қарсаңында Орталық музейінің «Бақыт» сәндік-қолданбалы өнер орталығымен бірлескен «Қызғалдақтар гүлдегенде» Art-көрме-жәрмеңкесі ашылды.
Аймақтар • 28 Ақпан, 2020
Алматыда бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтеді
Ағымдағы жылдың 4-5 наурыз күндері Алматыда өтетін жәрмеңкеге 20-дан астам компания қатысады. Онда жұмыс іздеушілер республиканың басқа да қалаларынан бос жұмыс орындарын табу мүмкіндігіне ие болмақ.
Аймақтар • 28 Ақпан, 2020
Ұлттық университетте омыртқалы жануарлар топтамасының каталогы таныстырылды
«Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Биологиялық мұражайының омыртқалы жануарлар топтамасының каталогы» кітабының тұсаукесері өтті. Үш тілде шыққан еңбектің авторы ҚазҰУ биология музейінің директоры Қылышбай Мұсабеков. Басылым мұражайдың бірегей коллекциялық қорын жүйелендіру бойынша көпжылдық жұмыстың нәтижесін қамтиды деп хабарлайды университеттің баспасөз қызметі.
Аймақтар • 28 Ақпан, 2020
VII Халықаралық журналистика және коммуникация қысқы мектебі өтті
Қазақ ұлттық университеті мен Қазақстандағы ЮНЕСКО-ның бастамасымен Бүкіл әлемдік радио күніне және Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына арналған VII Халықаралық журналистика және коммуникация қысқы мектебі өтті, делінген университеттің баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының хабарламасында.
Аймақтар • 28 Ақпан, 2020
Алматының Алмалы ауданында «Бюджетке қатысу» жобасы бойынша 15 жоба жүзеге асады
Өткен жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары мен биылғы жылдың жоспарлары туралы баяндаған Алмалы ауданының әкімі Бекқали Торғаев «Бюджетке қатысу» пилотты жобасы биыл жалпы сомасы 240,4 млн теңге болатын 15 жобаны жүзеге асыратын боламыз, деп атап өтті.