
Әлем • 31 Наурыз, 2020
ЮНИСЕФ: Пандемия және балалар қауіпсіздігі
Қазіргі уақытта коронавирус (COVID-19) жайлы есту көпшілік үшін ауыр тиіп жатқаны белгілі. Әсіресе, пандемия жайындағы ақпараттардың балаларға әсері мен олардың жағымсыз мәліметтерді қабылдауы тұрғысында unicef.org отбасында балалармен ашық сөйлесудің, баланың көңілін аулау әрекетінде, ақпаратты қабылдауы, т.б. жағдайларға орай кеңестер ұсынады.
Әлем • 31 Наурыз, 2020
Daimler AG кемінде 10 млрд еуро несие алу бойынша келіссөздер жүргізуде
Германияның Daimler AG автомобиль өндіру концерні банктермен құны кем дегенде 10 млрд еуроны құрайтын жаңа несие желісін тарту туралы келіссөздер жүргізде.
Әлем • 31 Наурыз, 2020
АҚШ-та қорғаныс өндірістері тыныс алу құралдарын жасауға көшті
Трамп әкімшілігіне коронавирусқа шалдыққандар санының күрт өсуіне байланысты тыныс алуды жеңілдететін аппараттар өндірісін жеделдету бойынша өтініш түскен. Қазіргі кезде Нью-Йорктағы бірқатар ауруханалар екі науқасқа бір тыныс алу аппараттарын пайдалануда, деп хабарлайды Reuters.
Әлем • 31 Наурыз, 2020
Америкамен шекараның жабылуынан миллиондаған мексикалық жұмыссыз қалды
Әлемдегі ең ірі жаяу жүргіншілер шекарасы жабылды. Дүние жүзінде коронавирустың өршуі Мексикадан Америкаға келіп жұмыс істейтін миллиондаған мексикалықтардың табыс табуына кері ықпал етті.
Әлем • 31 Наурыз, 2020
Пандемия кезінде Амстердамда Ван Гогтың туындысы ұрланды
Нидерланд еліндегі карантин режимінде Винсент Ван Гогтың туындысы ұрланды, деп хабарлайды Reuters. Амстердамға жақын маңда орналасқан Ларен қаласында орналасқан Зингер музейінен Ван Гогтың «Көктемгі бақ» туындысы қолды болған. Музейде дабыл құрылғылары дереу іске қосылғанымен де, полиция қашып үлгерген ұрыларды ұстай алмаған.
Қазақстан • 31 Наурыз, 2020
«ҚазАгро» еншілес ұйымдары қарыз алушыларға төлемдерін кейінге қалдыруды ұсынды
Несиелік демалыстар төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты қаржылық мүмкіндігі жоқтарға беріледі. «ҚазАгро» холдингінің еншілес ұйымдары (Аграрлық несие корпорациясы, «ҚазАгроҚаржы» және Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры) кейінге қалдыруға қажеттілік туындаған жағдайда, несие / лизинг алған клиенттерге ағымдағы жылдың 16 наурызына дейін кейінге қалдырылған төлемдер бойынша шарттарын ұсынады. Төтенше жағдай кезінде төлемдерді кейінге қалдыруға рұқсат беру тәртібі «ҚазАгро» сайтында жарияланған.
Әлем • 31 Наурыз, 2020
«Dzintars» аукционда 6,9 миллион еуроға сатылымға қойылды
Парфюмерия және косметика өндіруші Латвиялық Dzintars зауытының төлем қабілетсіздігі бойынша әкімшісі өндірістік және кеңсе ғимараттарын сатуға аукцион өткізілетіндігі жайында хабарлады.
Әлем • 31 Наурыз, 2020
Toyota корпорациясы Еуропа мен Түркиядағы өндірісін тоқтатты
Өндірісін 19 сәуірге дейін тоқтатқан Жапонияның Toyota Motor Toyota Motor Corporation коронавирустың таралуына қарсы күресу үшін Еуропа елдері мен Түркиядағы зауыттарын уақытша тоқтату тарулы шешім қабылдады.
Бизнес • 31 Наурыз, 2020
QazIndustria елдегі кәсіпорындарға қолдау көрсетуді онлайн жүйеде жалғастыруда
QazIndustria Сауда және интеграция министрлігінің отандық өңделген тауарларды жылжыту бойынша операторы бола отырып, шығындардың бір бөлігін ағымдағы жылдың 12 наурызынан 1 маусымына дейін өтеуге өтінімдер қабылданатынын хабарлады. Жартылай шығындар туралы талаптар онлайн режимінде тапсырылуы керек. Ағымдағы жылы шығындарды өтеуге бөлген мемлекеттің жалпы сомасы 9,8 млрд. теңгені құрайды.
Қазақстан • 31 Наурыз, 2020
Тоғыз қалада биологиялық қорғаныс бөлімшелері дезинфекциялау жұмыстарын жүргізуде
Төтенше жағдай жарияланған алғашқы күннен бастап Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Қызылорда мен Тараз қалаларында орналасқан құрылыс нысандары мен оларға қарасты аумақтардың Қарулы Күштері биологиялық қорғаныс бөлімшелерінің әскери қызметшілері арнайы залалсыздандыру жұмыстарына қатысуда.