
Қоғам • 13 Қараша, 2020
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне арналған семинар-тренинг өтті
Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің қазақ филологиясы кафедрасының жанындағы Мемлекеттік тілді дамыту орталығының ұйымдастырыуымен ЖОО, колледж оқытушыларына, мектеп мұғалімдеріне "Оқытушының кәсіби дамуын және тәжірибесін арттыратын мүмкіндіктер" тақырыбында қалалық тәжірибелік онлайн семинар өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 13 Қараша, 2020
NIS білім берудегі әлемдік тәжірибелердің үздік ондығына енді
"Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымының Педагогикалық шеберлік орталығы әлем мұғалімдерінің кәсіби дамуын жоғарылатудағы айрықша жетістіктері үшін әлемдік тәжірибелердің үздік ондығына енді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 13 Қараша, 2020
«Жас толқын» өнер орталығы ашылды
Алматы қаласының Наурызбай ауданында демеушілердің қолдауымен бой көтерген «Social Music Center» нысанында «Жас толқын» өнер орталығы ашылды.
Сұхбат • 13 Қараша, 2020
Роза Рымбаева: «Өнер адамын өсіретін – кәсіби білім»
Арада көп жылдар өтсе де көкейден кетпейтін, құлаққа жағымды ғұмырлы әндер бар. Осы жолдар Бәкір Тәжібаевтың сөзіне жазылған композитор Сейдолла Бәйтерековтің «Әлия» әніне қарата айтылып отыр. Қазақтың қаһарман қызының ерлігін паш еткен музыкалық шығарма Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаеваның орындауында шартарапқа танылды. 1977 жылы Болгарияда өткен «Алтын Орфей» байқауында Бас жүлдені иеленіп, «Ең үздік жыл әні» деп танылғаны өнерсүйер қауымның әлі есінде. Әйгілі әншімен әңгімеміз өнердегі әсерлі сәттер жайында өрбіді.
Білім • 13 Қараша, 2020
Part-time (Сырттай оқытудың орнын басқан жүйе қаншалықты тиімді?)
Осы уақытқа дейін сырттай оқығандардың білім сапасына қатысты айтылған сын көп болды. Зерттеулер нәтижесі көрсеткендей, мектептердегі мұғалімдердің 30 пайыздан астамы аумалы-төкпелі жылдарда жоғары оқу орындарында сырттай оқығандар болып шықты.
Аймақтар • 10 Қараша, 2020
Арбитраждар қызметі бизнеске қысым жасау құралына айналып бара ма?
Бүгінде Алматыда "Төрелік туралы" заңмен реттелген 12 арбитражды қызмет тұрақты жұмыс істейді. Десек те, қоғамда жеке қолға берілген төреліктердің қызметі кейбір жағдайларда бизнеске қысым жасау құралы ретінде пайдаланып келеді, деп жазады Egemen.kz
Білім • 10 Қараша, 2020
Назарбаев мектептерінде өткен спартакиаданың жеңімпаздары анықталды
Тоғызқұмалақтан Назарбаев зияткерлік мектептері арасындағы желілік спартакиаданың жеңімпаздары анықталды. Алғаш рет ежелгі ойынның жанкүйерлері өз қарсыластарымен онлайн форматта, PlayOk платформасында кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz
Тағайындау • 10 Қараша, 2020
Алматыда Кәсіпкерлер палатасының директоры тағайындалды
"Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасының шешімімен Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры болып Айтуар Қошмамбетов тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz
Білім • 10 Қараша, 2020
Сәтбаев университеті Schlumberger компаниясымен ғылыми ынтымақтастықта
Қараша айының басында Алматы қаласында Сәтбаев университеті мен Қазақстан Республикасындағы Schlumberger компаниясы басшылығының кездесуі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz
Сұхбат • 09 Қараша, 2020
Қырым Алтынбеков: «Реставрация бизнес емес, міндеті – жәдігерлерді сақтап қалу»
Ұлы даланың көне мәдениеті мен бай мұрасын зерттеп, қалпына келтіруге қырық жылдан астам еңбек жолын арнаған суретші-реставратор, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, Мажарстанның «Рыцарлық Крест» орденінің иегері Қырым Алтынбековтің есімі шартарапқа мәлім. Суретшінің қылқаламынан туған туындылар көшпенділер әлемінің хабаршысындай десек, «Қырым аралы» ғылыми-реставрациялық орталығында қайта қалпына келген «Алтын адам», Сармат көсемі, Үржар ханшайымы, Берел қорғандарынан табылған ғажайып жәдігерлер көшірмесі еліміз музейлерінде, сондай-ақ БҰҰ штаб пәтерінде салтанат құрып тұр. Сурет өнеріне бала жасымнан қызығып өстім деген Қырым Алтынбеков бүгінгі жеткен жетістіктерінде әкесі Қасенхан мен анасы Гүлжаханның еңбегі өлшеусіз екенін айтады. Ғалымның кешенді ғылыми ізденістерінен туған зерттеулері Ресей, Ұлыбритания, Аустрия, Бельгия, Мажарстан, Корея, Қытай, АҚШ, Түркия және басқа да елдерде өткен конференцияларда әлемдік ғалымдардың көшпелілер тарихына деген қызығушылығын арттырып келеді. Заманауи медицина технологияларын зертхана ісіне бейімдеу, жәдігерлерге тың әдістер қолдану, тарихи деректерді тереңнен тану сияқты кешенді жұмыстардың қайнаған ортасында жүрген Қырым Алтынбеков қазынаға толы әлем жайында әңгімелеген еді.