 
                                                            Аймақтар • 28 Маусым, 2019
Батыс Қазақстан журналистері марапатталды
Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев өңірдегі журналистер қауымын қабылдап, кәсіби мерекемен құттықтады.
Аймақтар • 27 Маусым, 2019
ЕҚЫҰ инспекторлары әскери бөлімді аралады
Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымының бір топ әскери бақылаушысы Қазақстан Ұлттық ұланы «Батыс» аумақтық қолбасшылығының Орал қаласындағы 5517 әскери бөлімін аралап көрді. Канада, Чехия, Испания, Ұлыбритании және АҚШ елдерінің өкілі жиналған топты канадалық Казо Джозеф Марсель Франсуа бастап жүр.
Аймақтар • 26 Маусым, 2019
Шыңғырлауда «Қазақ даласының ұлы мәдениеті» атты фестиваль өтті
Батыс Қазақстан облысындағы көркем мүйістердің бірі – Торыатбасы тауының баурайында «Қазақ даласының ұлы мәдениеті» атты фестиваль өтті. 2 күнге созылған шараға ұйымдастырушы Шыңғырлау ауданынан бөлек, Сырым, Ақжайық, Бөрлі, Тасқала аудандары мен Орал қаласынан командалар арнайы келді.
Аймақтар • 26 Маусым, 2019
Батыс Қазақстан облысының байтақ даласы құнды тарихи қазынаға толы. Биыл жаз басталғалы өңірде бірнеше жерде археологиялық қазба жұмысы басталды.
Аймақтар • 25 Маусым, 2019
Оралдан Арысқа құрылыс материалдары тиелген алғашқы керуен шықты
Түркістан облысы Арыс қаласында орын алған апатқа байланысты «Арыс, біз біргеміз!» республикалық акциясына Батыс Қазақстан облысы да белсене қатысуда.
Аймақтар • 24 Маусым, 2019
Автокөлігінен киіктің 70 дана мүйізі табылған адам ұсталды
«Батыс Қазақстан облысының Қазталов ауылында түн ішінде автокөлігінен киіктің 70 дана мүйізі табылған Жәнібек ауданының тұрғыны ұсталды» деп хабарлайды БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Саясат • 21 Маусым, 2019
Батыс Қазақстанда мыңнан аса полиция қызметкері марапатталды
Қазақстан полициясының кәсіби мерекесіне орай Батыс қазақстан облыстық полиция департаменті 1 мыңнан аса қызметкерін марапаттады.
Аймақтар • 19 Маусым, 2019
Ақжайық футбол клубының стадионы жөнделеді
Биылғы сәуір айында сенімгерлік құқығымен «BANEM» компаниясына берілген «Ақжайық» стадионының жасанды төсеніші ауыстырылады. Бұл жөнінде клубтың баспасөз хатшысы Түгелбай Бисен хабарлады.
Руханият • 19 Маусым, 2019
Қыз Жібек шәкірттерімен Ақ Жайыққа келді
Қазақстанның халық әртісі, театр және кино майталманы Меруерт Өтекешева Нұр-Сұлтан қаласындағы Қазақ Ұлттық өнер университетінде өзі ұстаздық ететін актер шеберлігі және режиссура кафедрасы студенттерін ертіп, Батыс Қазақстан облысына келді. Университет студенттері қойған «Sol bir kez» атты музыкалық спектаклі Хадиша Бөкеева атындағы Батыс Қазақстан облыстық театрының сахнасында аншлагпен өтті.
• 19 Маусым, 2019
«Ұлы дала мұрагерлері» экспедициясы 5 мың шақырым жол жүрді
Орал қаласынан шыққан «Ұлы дала мұрагерлері» экспедициясы 5 мың шақырым жол жүріп, Ресей Федерациясының Астрахань, Пятигорск өңірлерін аралап, Қырым түбегіндегі Ялта және Бақшасарай қалаларында болды. Саяхатшылар Бөкей Ордасының соңғы билеушісі Жәңгір ханға қатысты тың мәліметтер тапқан.
 
                             
                                 
             
             
             
             
             
             
             
             
             
             
             
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                