Аймақтар • 07 Қаңтар, 2020
«Оралда эпидемия жоқ» деп хабарлады мамандар
Орал қаласы тұрғындары арасында «тұмау ауруынан екі бала қаза тапқаны» жөнінде ақпараттарап, ел-жұрт дүрлігіп қалған болатын. Батыс Қазақстан облысы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті бұл ақпаратты жоққа шығарды.
Аймақтар • 06 Қаңтар, 2020
БҚО полициясы 5 күнде 1356 құқықбұзушылық анықтады
2019 жылдың 31 желтоқсаны мен биылғы қаңтардың 5-і аралығында Батыс Қазақстан облыстық Полиция департаментінің қызметкерлері 1356 әкімшілік құқықбұзушылықты анықтады.
Аймақтар • 31 Желтоқсан, 2019
Орал қаласында Батыс Қазақстан облысының дәстүрлі жастар сыйлығы табысталды. «Жыл үздігі-2019» сыйлығын биыл әр салада үздік нәтиже көрсеткен 12 қыз-жігіт иеленді. Жеңімпаздарға арнайы диплом мен сыйкәдеге қоса 100 мың теңгелік сертификат табыс етілді.
Аймақтар • 29 Желтоқсан, 2019
Батыс Қазақстанда бірнеше цифрлық жоба іске қосылды
Батыс Қазақстан облыстық ақпараттандыру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және архивтер басқармасы өңірді цифрландыру бойынша қолға алынған бірнеше жобаны облыс әкімі Ғали Есқалиевке және журналистерге таныстырды.
Аймақтар • 27 Желтоқсан, 2019
Батыс Қазақстан облысындағы Чинарев мұнай-газ конденсаты кен орнында табиғи газды ауыр көмірсутегінен тазартып, техникалық пропан, тауарлы құрғақ газ, пропан-бутан қоспасы және қалыпты газ конденсатын алуға болатын жаңа кешен жұмысын бастады. «Жайықмұнай» компаниясының соңғы үлгідегі №3 газды кешенді дайындау қондырғысын іске қосу рәсіміне Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев қатысты.
Аймақтар • 20 Желтоқсан, 2019
Орал театры жүлдегерлерін салтанатпен қарсы алды
Хадиша Бөкеева атындағы Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театының бір топ қызметкері Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан театрлар қауымдастығы ұйымдастырған салтанатты кеште жоғары марапатқа ие болды. Астанадан абыроймен оралған әріптестерін оралдық театр ұжымы әуежайдан үлкен құрметпен қарсы алды.
Аймақтар • 20 Желтоқсан, 2019
Оралда жаңа спорт мектебі ашылды
Орал қаласына қарасты Деркүл кентінде спорт саласындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттың жаңа ғимараты пайдалануға берілді.
Аймақтар • 20 Желтоқсан, 2019
Экология талабын бұзғандар жауапқа тартылды
«Батыс Қазақстан облысындағы Жаңақала ауданы прокуратурасы жерді заңсыз қазған және тұрмыстық қалдықтарды заңсыз төккен оқиғаларды анықтап, кінәлілерді жауапқа тартты», деп хабарлады Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі.
Руханият • 18 Желтоқсан, 2019
VIII «Алтын домбыра» иесі – Рүстем Қайыртай
Орал қаласында «Тұғыры биік Тәуелсіздік!» тақырыбымен өткен VIII «Алтын домбыра» республикалық ақындар айтысының бас жүлдесін ақын Рүстем Қайыртайұлы жеңіп алды.
Аймақтар • 17 Желтоқсан, 2019
Орал қаласында жаңа зауыт ашылды
Орал қаласында тәуелсіздік күні қарсаңында кабелді өткізгіш өнімдерін шығаратын «Орал Кабель» ЖШС зауыты іске қосылды. Зауыт өнімдері негізінен Қазақстанның ішкі сұранысын қамтиды. Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Мұхтар Манкеевтің айтуынша, болашақта бұл өнімдер Ресейдің көршілес өңірлеріне экспортталуы мүмкін.