Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ
Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
1249 материал табылды

Аймақтар • 09 Сәуір, 2019

Оралда ономастика мамандары арнайы мектепте оқиды

Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен елімізде тұңғыш рет «SCHOOL OF ONOMASTICS» (ономастика мектебі) жұмысын бастады. 32 сағаттық курстың алғашқы кезеңіне облыс аудандары мен Орал қаласынан 13 адам қатысып, нақты әдістемелік көмек алды.

Аймақтар • 09 Сәуір, 2019

Батыс Қазақстан облысында «Битрикс 24» сервисі қолданылады

Батыс Қазақстан облысында инвестициялық жобаларды жүзеге асырып, бизнес-процестерді басқаруда қабылданатын шешімдерді жүйелеуге, бақылауда ұстауға және жұмысты жеңілдетуге арналған «Битрикс 24» сервисі қолданыла бастады. Бұл жөнінде өңір басшысы Алтай Көлгінов инвесторлармен кездесу барысында хабарлады.

Аймақтар • 08 Сәуір, 2019

Оралда ерекше балалар фестивалі өтті

Орал қаласында Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында республикалық «Жұлдызай» фестивалінің іріктеу кезеңі өтті. Бұған Ақ Жайық өңірінің түкпір-түкпірінен келген 150-ден аса ерекше балалар қатысты.

Аймақтар • 08 Сәуір, 2019

Оралда «Туған өлке – тұнған тарих» ғылыми-зерттеу жобасы өтті

Орал қаласында Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен облыстық «Туған өлке – тұнған тарих» ғылыми-зерттеу жобасы байқауы өткізілді. Байқауға 4 аудан мен Орал қаласынан техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары өкілдері, барлығы 19 үміткер қатысты.

Аймақтар • 05 Сәуір, 2019

Батыс Қазақстан облысының әкімі қарапайым қар тазалаушыларға алғыс айтты

Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов биылғы қыста Орал қаласын қардан тазартып, көктемгі су тасқынының алдын алған коммуналдық сала қызметкерлерімен кездесіп, еңбек үздіктеріне алғыс хат табыс етті.

Қоғам • 05 Сәуір, 2019

Браконьердің көлігі енді киік қорғайды

Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасы елімізде жойылып бара жатқан киікті қорғау мәселелері бойынша баспасөз мәслихатын өткізді. Жиында 2017-2018 жылдары киікті заңсыз аулауға қарсы іс-қимыл және табиғатқа келтірілген шығынды қайтару мәселелері талқыланды.

Аймақтар • 04 Сәуір, 2019

Оралдық оқушы шетелдік 11 ЖОО грантын жеңіп алды

Орал қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 12С сыныбында оқитын Алина Молдағалиева – «Алтын белгіден» үміткер үздік оқушы. Білімпаз өрен қазірдің өзінде АҚШ пен Гонконгтің 11 жоғары оқу орнынан шақырту алып отыр.

Аймақтар • 02 Сәуір, 2019

Батыс Қазақстан облысы көктемгі егіске дайын

Батыс Қазақстан облысы диқандары көктемгі егіске дайындалып жатыр. Батыс Қазақстан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы өңірдегі егін шаруашылығымен айналысатын ұйымдармен арада жасалған меморандумға сүйеніп, биыл егіс алқабы 542,3 мың га болатынын хабарлады.

Аймақтар • 30 Наурыз, 2019

Орал қаласында, Тасқала және Бәйтерек аудандарында су басу қаупі жоғары

Биыл Орал қаласы соңғы 30 жыл болмаған қарлы қысты бастан өткерді. Қалалық коммуналдық қызмет өкілдері 4 ай бойы қар тазалаумен болды. Осы қыста 1,5 млн текшеметр қар шығарылған екен. Бұл жылдағыдан бірнеше есе көп. Орал қаласының әкімі Мұрат Мұқаев «Жайық таза қала» компаниясының қызметіне оң баға беретінін айтады.