Аймақтар • 14 Қазан, 2021
Қордаланған мәселелерге қозғау салынбақ
Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтың төрағалығымен өңірдегі құрылыс индустриясының дамуы талқыланған жиын өтіп, оған облыстағы құрылыс компанияларының басшылары мен мемлекеттік орган өкілдері қатысты. Кездесуде өңірдегі бірқатар маңызды мәселені шешу жолдары қарастырылды және тиісті орындарға тапсырма жүктелді.
Аймақтар • 11 Қазан, 2021
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Жаңаөзен қаласында атқарылып жатқан жұмыстарды таныстыру мақсатында қалалық әкімдіктің ұйымдастыруымен республикалық және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары үшін баспасөз-туры өткізілді.
Аймақтар • 07 Қазан, 2021
Шетпеде ұн шығаратын цех ашылды
Өңірлерде, әсіресе, ауылдық жерлерде жаңа жұмыс орындарының ашылуы – жаңалық. Бұл халық тұрмысына қажетті нәрсе өндіру арқылы ел экономикасын арттыруға үлес қосамын деген мақсатты ұстанса – қуаныш.
Қазақстан • 06 Қазан, 2021
Украинадағы «Қазақ бұрышын» жаңғыртып қайтты
Маңғыстаулықтар ізгі сапармен Украина елінде болды. Өңір басшысы Н.Ноғаевтың тапсырмасымен, Қазақстанның Украинадағы елшісі Д.Кәлетаевтың шақыруымен Т. Шевченко мемлекеттік музей-қорығындағы «Қазақ бұрышын» қалпына келтіріп, жыл сайын өтетін lX халықаралық Шевченко оқуларына қатысу үшін Канев қаласына сапар төрт күнге созылды.
Аймақтар • 30 Қыркүйек, 2021
Ауыл шаруашылығына мән беріле бастады
Биыл Маңғыстауда орын алған қуаңшылық өңірде ауыл шаруашылығы, соның ішінде мал шаруашылығы саласына жете назар аударуды күн тәртібіне шығарды. Бұл бағытта Маңғыстау облысының әкімдігі малға қажетті құдық қазуға қосымша субсидия бөлу мүмкіндігін қарастыруда.
Аймақтар • 29 Қыркүйек, 2021
Көтерме-тарату орталығы мен коммуналдық базар салынады
Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевқа коммуналдық базар мен көтерме-тарату орталығының құрылыс жобалары таныстырылды. Облыс әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл нысанда жергілікті ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілеріне тегін сауда орындары ұсынылады. Бұл өз кезегінде тұтынушылар үшін бағаны тұрақтандыруға оң әсер етпек.
Тарих • 16 Қыркүйек, 2021
Маңғыстау музейі көне жәдігермен толықты
200 жылдық тарихы бар бұл жәдігерді Маңғыстау музейіне белгілі археолог табыстады. Маңғыстау даласынан көненің көзін іздеп, талай тың жаңалықтарды ортаға салған танымал археолог Андрей Астафьев осыдан екі ғасырдан астам уақыт бұрын Каспий теңізінде жүрген кеменің бекіткіш бұрандалары мен шегелерін тауып алды. Тарихи жәдігер Түпқараған ауданына қарасты «Түлкілі сай» жеріндегі теңіз жағалауында көміліп жатқан.
Аймақтар • 16 Қыркүйек, 2021
Мал шаруашылығына – қаржылай қолдау
Бүгінгі таңға дейін Маңғыстау облысында 600 ірі шаруа қожалығы мен 6 мыңға жуық жеке үй қожалықтарына қаржылай қолдау көрсетілді, дейді Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Серік Қалдығұл.
Аймақтар • 15 Қыркүйек, 2021
Су тұщыту зауытының құрылысы басталады
Маңғыстауда ауыз су мәселесі жылдар бойы өзекті күйінде қалып келеді, тіпті тұрғындар саны артқан сайын мәселе қордалана түсті деуге болады. Мәселені шұғыл шешу қажеттігі күн тәртібіне шыққалы аз болған жоқ.
Аймақтар • 15 Қыркүйек, 2021
Ақтау қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы Дәурен Түркпенбаев пен география пәнінің мұғалімі Біржан Жұмашев, тарих пәнінің мұғалімі Армат Дүйсалиев «Туған елге тағзым» зерттеушілік экспедициясы аясында Маңғыстаудың ұмытылған бұлақ көздерін іздеуге арналған шағын экспедицияға шықты.