Гүлайым ДӘУІТБАЙ
Гүлайым ДӘУІТБАЙ«Egemen Qazaqstan»
1999 материал табылды

Аймақтар • 02 Қыркүйек, 2019

Маңғыстау облысы әкімінің экс-орынбасарына үкім шықты

Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 2017-2018 жылдары Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарған С.Аманғалиевке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы 4 бөлігімен келіп түскен қылмыстық іс бойынша сот үкімі жарияланды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

Аймақтар • 02 Қыркүйек, 2019

РХБҚ бөлімшелері алғаш рет рет жаяу әскерінің реактивтік огнеметтерінен жауынгерлік атыстарын өткізді

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының Атырау облысындағы «Каработан» оқу полигонында алғаш рет РПО-А «Шмель» огнеметтерінен атыстар өтті.

Аймақтар • 02 Қыркүйек, 2019

Жас лейтенанттар мен сержанттар Қарулы күштердің қатарын толықтырды

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының қарамағына келген 2019 жылғы әскери оқу орнының  120-дан астам офицерлері мен кадеттері лауазымға тағайындалар алдындағы жиындарын өтуде. Бұл туралы «Батыс» өңірлік қолбасшылығы Басқармасының баспасөз қызметінен капитан Рустем  Игисинов хабарлады.

Аймақтар • 02 Қыркүйек, 2019

Маңғыстаудағы 9,10 сынып оқушылары жаңартылған білім бағдарламасына көшеді

Ақтаудағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде өткен конференцияның басты тақырыбы аймақтағы жалпы білім беру мектептерінің 9, 10 сынып оқушылары жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша оқуға өтуі. Кездесу барысында сарапшылар мен ұстаздар бағдарламаның ерекшеліктеріне тоқталып, пәндік секциялардың арнайы шеберлік сағаттарына қатысты.

Аймақтар • 02 Қыркүйек, 2019

«Батыс» Өңірлік қолбасшылығында әскери байланысшылардың ауқымды оқуы аяқталды

Атырау облысында «Батыс» Өңірлік қолбасшылығының әскери байланысшылары шартты қарулы қақтығыс жағдайында байланыс жүйесін орналастырды. Негізгі тапсырмалар байланысшылармен орындалды. Бұл туралы «Батыс» ӨңҚ баспасөз қызметінен хабарлады.

Аймақтар • 02 Қыркүйек, 2019

Ақтау қаласында Өзбекстан Республикасының Бас Консулдығы ашылды

Ақтау қаласында Өзбекстан Республикасының Бас Консулдығының ашылу рәсімі өтті. Бұл бауырлас қазақ пен өзбек елдерінің арасындағы достық қарым-қатынасты одан әрі нығайту жолындағы маңызды шаралардың бірі. Тарихи сәттің тағы бір ерекшелігі - Өзбекстан Республикасының Бас Консулдығы Қазақстан Республикасының Конституциясы күні және Өзбекстан Республикасының Тәуелсіздігі күні аясында ашылуда. Сондай-ақ 2019 жылы Өзбекстан елінде Қазақстанның жылы деп жарияланып, жоғары деңгейде ұйымдастырылуда.

Аймақтар • 02 Қыркүйек, 2019

«ҚазМұнайГаз» басшысы Маңғыстау өңірінің мұнайшыларын құттықтады

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма Төрағасы Алик Айдарбаев Маңғыстау облысының мұнайшыларын кәсіби мерекемен және қазақ мұнайының 120 жылдық мерейтойымен құттықтады. Салтанатты іс-шаралар 2019 жылдың 30-31 тамызында Жаңаөзен және Ақтау қалаларында өтті.

Аймақтар • 02 Қыркүйек, 2019

Маңғыстауда жауынгерлік авиацияның қатысуымен оқу-жаттығулар өтіп жатыр

Маңғыстау облысында әскери ұшақтардың қатысуымен барлау бөлімшелерінің арнайы тактикалық жаттығулары өтіп жатыр. Оқуға барлығы 500 әскери қызметші мен 50 бірлік жауынгерлік техника жұмылдырылған. Бұл туралы «Батыс» өңірлік қолбасшылығы Басқармасының баспасөз қызметінен капитан Рустем Игисинов хабарлады.

Аймақтар • 23 Тамыз, 2019

Ақтауда «ҚазТрансОйл» жастарының форумы өтті

«ҚазТрансОйл» АҚ жас мамандары Ақтау қаласында бас қосты. Үш күнге созылған форумда жас буын еліміздегі бірегей ұлттық мұнай тасымалдау компаниясының даму болашағын талқылады. Форум аясында өткен «Болашақ бүгіннен басталады» атты конференцияға «ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры Димаш Досанов қатысты. Еліміздің түкпір түкпірінен келген жігерлі, жан жақты, білікті жүз жас маман ток-шоу форматында компания басшысына өздерінің сауалдарын қойып, жұмыс процессіне цифровизация мен роботизацияның әсері туралы жан-жақты мәселелерді талқылады. 

Аймақтар • 23 Тамыз, 2019

Маңғыстау мектептерінде «Домбыра-дастан» жобасы жүзеге аспақ

«Келешекке – кемел біліммен!» атты Маңғыстау облысы педагогикалық қызметкерлерінің тамыз конференциясында Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов өңірдің білім беру саласын жетілдірудің жолдарын талқылап, нақты тапсырмалар берді.