
Айбын • 13 Ақпан, 2024
Шымкентте сарбаздар ардагерлермен кездесті
Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 35 жыл толуы қарсаңында Шымкент қаласындағы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының механикаландырылған бригадасының сарбаздарымен дәстүрлі кездесу өтті. Кездесу Ауған соғысына қатысқан сарбаздар мен офицерлердің ерліктерін есте сақтап, өскелең ұрпақты патриоттық, Отанға деген сүйіспеншілік рухында тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылды.
Құқық • 13 Ақпан, 2024
Әлімжеттікпен күресте нәтиже аздау
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық педагогтер съезінде оқушылардың бір-біріне әлімжеттігі тыйылмай тұрғанын айтып, буллингтің алдын алу шараларын күшейтуді тапсырған еді. Осы орайда Бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкіл Жанетта Жазықбаеваны әңгімеге тартып, аймақтағы осы мәселеге қатысты біраз жайға қатысты сұрақтарымызды қойған едік.
Аймақтар • 09 Ақпан, 2024
Шымкентте әскери қызметшілер арасында жарыс өтті
Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін Ауғанстаннан шығарудың отыз бес жылдығы қарсаңында механикаландырылған бригадада бөлім командирінің кубогіне «Қазақша күрестен» жарыс өтті. Жарысты өткізу алаңы 35748 әскери бөлімінің гарнизондық спорт кешені болды, деп жазады Egemen.kz.
Шымкент • 06 Ақпан, 2024
Шымкент қаласында ХІХ ғасырда салынған Дәуітұлы Шыңғысбай қажы мешітінің жанындағы қосалқы ғимараттың бұзылуына байланысты түсініктеме берілді. Әлеуметтік желідегі «тарихи нысан рұқсатсыз бұзылып жатыр» деген дабылдың анық-қанығы белгілі болды.
Айбын • 29 Қаңтар, 2024
Шымкенттегі «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының механикаландырылған бригадасында алты тілді меңгерген сарбаз Абзал Жаңабай қызмет етеді.
Энергетика • 25 Қаңтар, 2024
Тиімді энергия алуда атом электр стансаларының мүмкіндігі мол. Өндірісті дамыту үшін бірінші кезекте ең қажеттісі, ол – энергия. Дамыған елдердің көпшілігінде атом электр стансасы салынған.
Шымкент • 11 Қаңтар, 2024
2023 жылы Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты Оқушылар сарайының ашылғанына 80 жыл толды. 1943 жылы іргесі қаланған мекеме мегаполис былай тұрсын, тіпті республикадағы мектептен тыс білім беретін бірегей ұйымның бірі саналады.
Құқық • 11 Қаңтар, 2024
Тура жолдан тайдырған тегін грант
Шымкент қаласының полиция департаментіне дау көтерген бір топ әйел, арасында еркегі де бар, баса-көктеп кіріп келді. Сөздеріне қарағанда, грант алып берем деген біреуге бар ақшасын ұстатып, алданып қалған. Алаяқ бір күйдірсе, аудандық полиция арызымызды қабылдамай жатыр деп одан сайын ашуға булығып келген беттері екен. Біз бұл жайтқа полиция департаментінде болған жиыннан шығып бара жатып, кездейсоқ кезігіп қалдық.
Қоғам • 03 Қаңтар, 2024
Америкалық философ Абраһам Маслоу – адам қажеттілігінің пирамидасын ойлап тапқан адам. Оның бұл жүйесі өз атымен «Маслоу пирамидасы» деп аталады.
Балалар • 26 Желтоқсан, 2023
Балғындарға қуаныш сыйлаған мереке
Шымкент қаласындағы «Көрме» орталығында білім басқармасының ұйымдастыруымен «Қош келдің, Жаңа жыл» атты президенттік жаңажылдық шырша мерекесі ұйымдастырылды.