Ғалым СҮЛЕЙМЕН
Ғалым СҮЛЕЙМЕН«Egemen Qazaqstan»
3414 материал табылды

Спорт • 17 Қараша, 2022

Желтоқсанда жекпе-жек көп

Жекпе-жек десе делебесі қозып, қаны қыз-қыз қай­най­­тын жанкүйерлерді жел­тоқсанда айында бір­қатар дүбірлі дода күтіп тұр. Әлем­нің әр қиырында өтетін сол жарыстарда қазақ­стан­дық спортшылар да өнер көрсетеді. Ал біздің жан­күйерлер әлемдегі ең белді ұйым – UFC жарыстарын тағат­сыздана күтіп отыр.

Спорт • 16 Қараша, 2022

Жетпісбаевтың жүлдесі үшін

Таяуда Қонаев қаласында дзюдодан Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, самбодан әлем және Азияның екі дүркін чемпионы, Әлем кубогі жолындағы жарыстың бірнеше дүркін жүлдегері Берік Жетпісбаевтың құрметіне жасөспірімдер арасында республикалық турнир ұйымдастырылды. Оған еліміздің бірқатар өңірінен келген 200-ден аса балғын балуан қатысты.

Спорт • 15 Қараша, 2022

Жас спортшылар жетістігі

Алматыда үстел теннисінен жасөспірімдер арасында өткен «Мықтылар турнирі» өз мәресіне жетті. Республикамыздың бірқатар өңірінен жиналған жеткіншектердің жарысын жанкүйерлер қызыға тамашалады. Себебі қазіргі кезде спорттың осы түрін серік еткен теннисшілеріміз халықаралық аренада елеулі табыстарға қол жеткізіп жүр. Ал бүгін ADD орталығында өнер көрсеткен жеткіншектер ертеңгі күні ұлттық құрама сапындағы спортшыларды алмастыратыны анық.

Спорт • 15 Қараша, 2022

Бішкекте бас жүлде бұйырмады

Қырғызстанның астанасы – Бішкекте самбодан ерлер мен әйелдер арасындағы кезекті әлем чемпионаты аяқталды. 50-ден аса мемлекет өкілдерінің қатысуымен өткен дүбірлі додада Қазақстанның ұлттық құ­рама командасы да өнер көр­сетті. Жауынгерлік самбоны қоса есептегенде, бұл жарыс­та біздің балуандар 10 жүлде олжалады. Оның үшеуі күміс және жетеуі қола.

Спорт • 14 Қараша, 2022

Мықтылығын мойындатқан

Таяуда штаб-пәтері Лондонда орналасқан Ұлыбританияның talkSPORT басылымы өзде­рі­нің спорттық мансабында бір­де-бір рет жеңілістің кермек дәмін татпаған кәсіпқой бокс­шылардың рейтингін жариялады. Үздіктер көшін атағы алысқа жайылған АҚШ-тың апайтөсі Флойд Мей­ве­зер бастап тұр.

Спорт • 14 Қараша, 2022

Қазақтың қайсар ұлы чемпиондық атағын сақтап қалды

АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында қазақтың әйгілі кәсіпқой боксшысы Жәні­бек Әлімханұлы орта салмақтағы WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағын қорғау үшін Ұлыбританияның өкілі Дензел Бентлимен күш сынасты.

Спорт • 11 Қараша, 2022

Чемпиондар өз таңдауын жасады

Франция құрамасының бас бапкері Дидье Дешам Қатарда өтетін әлем чем­пионатында қай шәкірттеріне се­нім артатынын жария етті.  

Спорт • 11 Қараша, 2022

Елге олжалы оралды

Кеше шорт-тректен Қазақстанның ұлт­тық құрама командасын жан­күйер­лер, федерация қызметкерлері, туған-туыс­тары Астананың Халық­аралық әуе­жайынан гүл шоқтарымен күтіп алды.

Спорт • 11 Қараша, 2022

Қоржында бес жүлде бар

Бұл күндері Әзербайжанның бас ша­һа­ры – Бакуде парадзюдодан әлем чем­пионаты өтіп жатыр. Дүбірлі додада 41 мем­лекеттен келген 270 балуан бақ сынауда.

Спорт • 10 Қараша, 2022

Испанияға есе жібердік

Бұл күндері Глазгода өтіп жатқан Билли Джин Кинг кубогінің тұсаукесер кездесуінде Ұлыбританияны ұтқан жерлестеріміз кеше Испаниямен шеберлік байқасты. Шыны керек, сарапшылар бұл бәсекеде Қазақстан құрамасының жеңіске жететініне күмәнданған жоқ еді. Бірақ бәрі біз ойлағандай болмады.