Спорт • 10 Сәуір, 2023

Көш басында – Швентек пен Джокович

150 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Теннисшілердің әлемдік рейтингі қай­та жаңартылды. Әлемнің ең үздік ойыншыларының алғашқы бестігінде айтарлықтай өзгеріс жоқ.

Көш басында – Швентек пен Джокович

Польшаның мақтанышы Ига Швентек WTA рейтингінде көш бастап тұр. Оны белоруссиялық Арина Соболенко, америкалық Джессика Пегула, тунистік Онс Жабер және франциялық Каролин Гарсия өкшелеп келеді. Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина сол бұрынғы сегізінші орнын сақтап қалды. Бұл – ел құрама командасы мүшелері арасындағы ең жақсы нәтиже. Елена Путинцева 45-сатыға жайғасты.

АТР рейтингінде негізгі бәсекелестік Сер­бияның саңлағы Новак Джокович пен Испанияның аса дарынды ойыншысы Карлос Алькарас арасында өрбіді. Әзірге Джокович дара тұр. Одан кейінгі сатыларға грекиялық Стефанос Циципас, норвегиялық Каспер Рууд және ресейлік Даниил Медведев жайғасты. Отан­дастарымыздың арасынан ең тәуір көр­сеткіш Александр Бубликке тиесілі. Ол 53-орынды еншілеген.

 

Соңғы жаңалықтар

Қайта түлеген спорттық инфрақұрылым

Университет • Бүгін, 08:12

ЖИ-аватар

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Білім нысандарын аралады

Аймақтар • Бүгін, 08:03

Робот-полиция

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Жедел жәрдем автопаркі жаңарды

Аймақтар • Бүгін, 07:55

Бұйырмаған қазы

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 07:50

Сирек аңдармен толықты

Алматы • Бүгін, 07:45

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 07:35

Аян

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:30