Спорт • 11 Шілде, 2025
Дүниежүзілік универсиада өтеді
16 шілдеде Германияда XXXII жазғы Дүниежүзілік универсиаданың алауы тұтанады. Бәсекелер Рейн-Рур аймағындағы Дуйсбург, Бохум, Эссен, Хаген, Мюльхайм қалалары мен ел астанасы – Берлинде өтеді. 12 тәулікке созылатын жарыс барысында спорттың 18 түрінен 234 жүлде жиынтығы сарапқа салынады.
Спорт • 11 Шілде, 2025
АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында үстел теннисінен «United States Smash» турнирі аяқталды. Кіл мықтылар бас қосқан жарыста еліміздің бірінші ракеткасы Кирилл Герасименко өнер көрсетті. Бастапқы бәсекелерде бельгиялық Мартин Аллегру (3:1) мен гонконгтық Хо Кван Киді (3:2) қапы қалдырған жерлесіміз үшінші кездесуінде аустриялық Дэниел Хабесонға (1:3) есе жіберді.
Спорт • 11 Шілде, 2025
17-20 шілде аралығында Мажарстан астанасында Поляк Имре мен Варга Яностың мемориалы өтеді. Рейтингтік турнирде еліміздің 12 еркін күрес шебері өнер көрсетеді.
Спорт • 09 Шілде, 2025
Болгарияның Пазарджик қаласында бадминтоннан «Victor Bulgaria Junior Challenge 2025» турнирі аяқталды. Әлемнің 25 елінен спортшылар қатысқан жарыста еліміздің жасөспірімдер құрамасы екі жүлдеге ие болды. Жұптық сайыста Диана Наменова мен Алиса Кулешова қола медаль иеленсе, Арнұр Тәпішев пен Алиса Кулешова аралас жұптық бәсекеде дәл сол межеден көрінді.
Спорт • 09 Шілде, 2025
АҚШ-та өткен «The Ultimate Fighter» (TUF) реалити-шоуында қазақ ұланы Әліби Ыдырыс (11-0) өзбекстандық Фуркатбек Екубовпен (15-4) айқасты. Әйгілі Чейл Соннен командасында жаттығатын «Belarusian Fight Championship» промуошенінің алтын белбеуінің иегерін ұту қандасымызға көп қиындық туғызған жоқ. Барлық төреші Әлібидің мықтылығын бірауыздан мойындады.
Спорт • 09 Шілде, 2025
Екі балуанымыз – алғашқы ондықта
Жақында газетімізде «Әбиба жаһандық рейтингтің көш басында!» (27.06. 2025 жылы) атты мақала жарық көрді. Онда әйелдер дзюдосы жайында біраз әңгіме қозғаған едік. Бүгін ерлердің жай-күйін тілге тиек етпекпіз.
Спорт • 05 Шілде, 2025
Білікті бапкер Мадияр Құрамысов жаттықтыратын еліміздің ұлттық құрамасы Түркияның Коджаэли қаласында өткен халықаралық турнирде табысты өнер көрсетті.
Спорт • 02 Шілде, 2025
Қазақ теннисшісі Жібек Құламбаева Сербияның Куршумлия-Баня қаласында ұйымдастырылған ITF W15 турнирінде топ жарды. Финалда ол жергілікті ойыншы Драгинии Вуковичті 6:4, 7:6 (7:4) есебімен ұтты. Бұл – жерлесіміздің осы маусымдағы үшінші титулы. Бұған дейін Жібек Мадрид пен Висбадендегі жарыстардың жұптық сайысында бас жүлдені олжалады.
Бокс • 02 Шілде, 2025
Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы спорт кешенінде Әлем кубогінің үшінші кезеңі басталды. World Boxing-тің мұрындық болуымен ұйымдастырылып отырған жарыста жер-жаһанның бірқатар мемлекеттерінен келген белді былғары қолғап шеберлері күш сынасады.
Спорт • 27 Маусым, 2025
Әбиба жаһандық рейтингтің көш басында!
Дзюдодан Будапешттегі әлем чемпионаты аяқталғаннан соң, IJF-тің рейтингі қайта жаңартылды. Дунай жағалауындағы жарыста ел қоржынына бір ғана күміс медаль түскені белгілі. Сол жүлденің иегері Әбиба Әбужақынова қазіргі рейтингте әлемде екінші орынды иеленеді. Оның алдында италиялық Ассунта Скутто ғана. Дәл осы Апеннин түбегінің аруы финалда Әбибадан айласын асырған еді.