Теннис • 14 Тамыз, 2023
Канаданың Монреаль қаласында жалауы желбіреген жүлде қоры 2 788 468 АҚШ долларын құрайтын WTA 1000 турнирі өз мәресіне жақындап қалды.
Спорт • 14 Тамыз, 2023
Кейінгі жылдары Қазақстанның таэквондошылары тым сүреңсіз өнер көрсетіп жүргені белгілі. Соңғы екі әлем чемпионатынан олжасыз оралуымыз – жоғарыда айтылған сөзіміздің айқын дәлелі.
Спорт • 03 Тамыз, 2023
Қырғыздар да қазақтар секілді күресті ерекше құрметтейді
Қазақстанда өтетін жарыстарда Жоламан Шаршенбековті жиі кезіктіріп жүрміз. 60 кг салмақта күш сынасатын қырғыз балуаны сол додалардың барлығында асқан шеберлігімен дараланып, еліне үнемі бас жүлдемен оралып жүр. Жалпы, Жоламанның жүріп өткен жолы жарқын жеңістерге толы. Ол 2018 және 2021 жылдары өткен әлем чемпионаттарында күміс медаль алса, былтыр бас жүлдені олжалады. Азия чемпионатында алтын мен күмісті қос-қостан еншіледі. Оған қоса, Әлем кубогі мен Ислам ынтымақтастығы ойындарының жеңімпазы деген атағы тағы бар. Осы белестердің барлығын Жоламан 23 жасына дейін бағындырды. Осыдан бірер ай бұрын ғана ол Астанада ұйымдастырылған құрлықтың басты додасында да атой салды. Сол кезде аталған саңлақпен әңгімеслескен едік.
Ұлттық спорт • 11 Шілде, 2023
Дүниежүзілік Аударыспақ федерациясы құрылды
Ұлттық спорттың бәсін биіктету – халқымыздың рухын көтеретін қуатты күш. Соңғы жылдары бұл бағытта қолға алынған бастамалар айтарлықтай жеміс беріп келеді. Мереке күндері Алматы қаласында Ат үстіндегі күрес (аударыспақ) федерациясының бірінші дүниежүзілік съезі өтті.
Футбол • 26 Маусым, 2023
Футболдан 2024 жылы өтетін Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінде Қазақстан Даниядан кейін Солтүстік Ирландияны ұтып, қатарынан екі сенсация тіркегені білгілі. Ал Исландия мен Португалия құрамалары Рейкьявиктегі «Лёйгартальсвётлюр» ұлттық стадионында күш сынасып, бұл бәсеке 1:0 есебімен қонақтардың пайдасына шешілген еді.
Хоккей • 23 Маусым, 2023
Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) күш сынасып жүрген Астананың «Барысы» жаңа маусым қарсаңындағы жоспарымен бөлісті.
Теннис • 23 Маусым, 2023
Қазақстанның ең үздік теннисшісі Елена Рыбакина Берлинде өтіп жатқан жүлде қоры 678 814 еуроны құрайтын халықаралық турнирдің екінші айналымынан аса алмады.
Спорт • 22 Маусым, 2023
Бұған дейін Талдықорғанда велоспорттан Қазақстан чемпионаты өтіп жатқанын хабарлағанбыз. Кеше элиталық топтағы бәсекелер аяқталды.
Теннис • 22 Маусым, 2023
Елена Рыбакина – фавориттер қатарында
Әйгілі «Еуроспорт» арнасы 3-16 шілде аралағында теннистен Лондонда өтетін Уимблдон турнирінің басты фавориттерінің есімдерін атады. Үздіктер қатарында Қазақстанның бірінші және әлемнің үшінші ракеткасы Елена Рыбакина да бар. Бұл тізімде оған екінші орын бұйырған екен.
Спорт • 22 Маусым, 2023
Бұл күндері Талдықорғанда велоспорттан ел чемпионаты өтіп жатыр. Бұл жарыста еліміздің әр өңірінен жиналған 175 үміткер бақ сынауда.