Жекпе-жек • 07 Желтоқсан, 2023

Қарсыласын айқын жеңді

115 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше Бахрейннің астанасы Манамада аралас жекпе-жектен Brave CF 77 турнирі өтті. Бұл жарыста еліміздің екі спортшысы өнер көрсетті.

Қарсыласын айқын жеңді

Жартылай жеңіл салмақтағы (66 кг) Николай Самусев осыған дейінгі 8 бәсекенің барлығында жеңіске жеткен еді. Бірақ Парсы шығанағында оның жолы болмады. Қырғыз файтері Әділет Нұрматовпен (12-2) күш сынасып жатқан кезінде ол октагонда абайсызда тайып құлап, қолын сындырып алды. Соның салдарынан жекпе-жекті жалғастыра алмады.

Ал Олжас Досқараев (14-7) ресейлік Руслан Тедеевпен (13-3) айқасты. Бұл кездесуде Олжастың басымдығы анық байқалды. Ол тік тұрып айқасқанда да, күрестің әдісіне салып алысып-жұлысқанда да қарсыласына қарағанда әлдеқайда алым­ды болды. Нәтижесінде, екінші раунд бас­талған бетте Олжас Русланды қылқындыру тәсілімен ұтты.