Олимпиада • 07 Тамыз, 2024
Демеу – финалда, Назымда – қола
Жетісу облысы Жаркент өңірінде дүниеге келген Демеу Жадыраевты 13 жасынан Жұмахан Тұрғанбек жаттықтырды. Баланың бойында бұла күштің бұғып жатқанын байқаған ауылдың қарапайым бапкері арада бес жыл өткеннен соң Алматыда еңбек етіп жүрген Боранбек Қоңыратовқа сеніп табыстады.
Спорт • 07 Тамыз, 2024
Еліміз сыйақы беруден де тоғызыншы орында
Парижде алауы тұтанған Олимпия ойындарында орасан зор табысқа қол жеткізген спортшыға ең көп сыйақы тағайындаған мемлекеттерді білесіз бе? Бұл көшті Гонконг бастап тұр. Олар алтын тұғырға көтерілген саңлаққа – 768 500, күміспен күптелгендерге – 384 000, қолаға қол созғандарға 192 000 доллар табыс етеді. Екінші орында – Сингапур. Оңтүстік-Шығыс Азияда орналасқан ел Үкіметінің белгіленген тарифі мынадай: алтын – 737 000, күміс – 369 000, қола – 184 000 доллар. Үздік үштікті Тайпей түйіндеп тұр. Аралдақтардың төлейтіні: алтын – 720 000, күміс – 251 000, қола – 178 000 доллар.
Спорт • 06 Тамыз, 2024
Таяуда әйгілі ESPN арнасы ХХІ ғасырдың ең үздік спортшыларының рейтингін жариялады. Бұл тізімде АҚШ жүзушісі Майкл Фелпс жеке-дара көш бастап тұр.
Олимпиада • 06 Тамыз, 2024
Францияның бас шаһарында өтіп жатқан XXXIII жазғы Олимпия ойындарының кезекті күні еліміздің өрендері спорттың үш түрі бойынша сынға түсті. Бірақ осы аптаның басы біз үшін сәтті болмады. Жарыс жолына шыққан жерлестеріміздің барлығы да жеңілістің кермек дәмін татты.
Олимпиада • 06 Тамыз, 2024
Қазақстанның жеңіл атлетика тарихындағы тұңғыш әлем чемпионы Нора Джерутодан да күтеріміз көп. 3 000 метрге кедергілер арқылы жүгіруде ол мәреге 9 минут 16,46 секундта жетіп, бесінші сатыға тұрақтады. Осы көрсеткіш оның финалға жолдама алуы үшін жеткілікті болды. Енді ақтық сында тек желмен жарысқан жүйріктер ғана сайысқа түседі. Арасында осалы жоқ. Барлығы да мықты. Десек те біз Джерутадан аса жоғары нәтиже күтеміз. Дәл осы желаяқ Қазақстан құрама командасының қоржынына тағы бір медаль салуға тиіс.
Олимпиада • 06 Тамыз, 2024
Ендігі үміт – Нұрбек пен Назымда
Қазақстаннның 10 боксшысы Сена өзенінің жағалауына жұлқынып келген еді. Өкінішке қарай, олардың сегізі сәтсіз өнер көрсетті. Атап айтсақ, Аслан Шымбергенов (71 кг), Қамшыбек Қоңқабаев (+91 кг), Айбек Оралбай (80 кг), Махмуд Сабырхан (57 кг), Карина Ибрагимова (57 кг), Валентина Хальзова (75 кг) сынды әлемдік деңгейдегі додаларда олжа салып жүрген сақа спортшылар алғашқы айналымнан аса алмады.
Олимпиада • 05 Тамыз, 2024
Өткен аптаның соңында дзюдошылардың додасы аяқталды. Соңғы болып татамиге әйелдер арасындағы аса ауыр салмақтағы Кәмилә Берліқаш шықты.
Спорт • 02 Тамыз, 2024
UFC-де күш сынасып жүргеніне аса көп уақыт болмаса да, біраз бедел жиын үлгерген қазақтың аралас жекпе-жек шебері Асу Алмабаев қазіргі кезде аса жеңіл салмақтағы (56,7 кг) спортшылардың рейтингінде 14-орынға көтерілді.
Спорт • 01 Тамыз, 2024
Сейсенбіде Париж Олимпиадасында тағы бірнеше жүлде жиынтығы сарапқа салынды. Өкінішке қарай, бұл тәулікте де Қазақстанның қоржынына бірде-бір медаль түспеді. Әсіресе біз дзюдошы Абылайхан Жұбаназар мен Есмигүл Куюлова және жүзуші Әділбек Мусиннің жолына үмітпен қарадық.
Спорт • 31 Шілде, 2024
Парижде алауы тұтанған Олимпия ойындарының алғашқы күндері қоржынымызға 1 алтын мен 2 қола медаль түскенде қазақ жанкүйерлері қуаныш пен шаттыққа бөленді. Барлығымыз арқа-жарқа болып қалған едік. Ал осы аптаның басы біз үшін көңілсіздеу басталды. Дүйсенбі күні жерлестеріміз бірде-бір жүлдеге қол жеткізе алмады.