Ғалым СҮЛЕЙМЕН
Ғалым СҮЛЕЙМЕН«Egemen Qazaqstan»
3482 материал табылды

Спорт • 21 Қаңтар, 2025

Жарыс күнделігі

Семсерлесуден Бахрейннің астанасы – Манамада өтіп жатқан Әлем кубогінің кезеңдік сайысында еліміздің жастар құрамасы бас жүлдені олжалады. Жарыс барысында жерлестеріміз Сауд Арабия (45:36), Қытай (45:25), Франция (44:43) құрамаларын ұтты. Жеңімпаз команданың сапында Нұржан Әбжанов, Алексей Касаткин, Ғабиден Мұстафин, Кирилл Проходов өнер көрсетті.

Бокс • 21 Қаңтар, 2025

Қамшыбек спортпен қош айтысты

Боксшы Қамшыбек Қоңқабаев былғары қолғабын шегеге ілді. Бұл тура­лы ұлттық құрама командасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов мәлімдеді.

Футбол • 11 Қаңтар, 2025

Іріктеу турнирінің жеребесі тартылды

Швейцарияның Цюрих қаласында футболдан 2026 жылы АҚШ, Канада, Мексикада өтетін әлем чемпионатының іріктеу турнирінің жеребесі тартылды. Соған сәйкес қарт құрлықтың 54 ұлттық құрамасы 12 топқа бөлініп, өзара бәсекеде кімдердің «мундиальда» ойнауға лайық екенін анықтайды.

Спорт • 24 Желтоқсан, 2024

Рекорд жаңарса да, жүлде бұйырмады

Мажарстан астанасы Будапеште қысқа қашықтыққа жүзуден әлем чемпионаты аяқталды. Әлемнің әр қиырынан жиналған спортшылар алты күн бойы сайысқа түсіп, 46 жүлде жиынтығын сарапқа салды. Нәтижесінде, «Дунай-Аренада» небәрі 14 мемлекеттің әнұраны шырқалып, барлығы 25 елдің туы биікте желбіреді.

Спорт • 20 Желтоқсан, 2024

Софья мен Диас озды

Қарағанды қаласында мәнерлеп сырғанаудан ел чемпионаты аяқталды. Жарыста еліміздің бірқатар өңірінен келген ең үздік спортшылар бақ сынады.

Жекпе-жек • 19 Желтоқсан, 2024

Бразилиялыққа бет қаратпады

Бахрейннің Иса Таун қаласында аралас жекпе-жектен «Brave 91» турнирі өтті. Осы жарыста аса жеңіл салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп жүрген Диас Еренғайыпов октагонға шықты.

Егемен Қазақстан • 12 Желтоқсан, 2024

Ер мерейін өсірген мақала

Ел дзюдосы енді-енді еңсе тіктей бастаған ғасырлар тоғысында осы спорт түрін серік еткен сайыпқырандар жөнінде біраз мақала жаздық. Әсіресе жалындап өсіп келе жатқан дарынды жастарға көбірек көңіл бөлуге тырыстық. Сол кезде біздің назарымызға іліккен жас өрендердің бірі –Алмас Әлсенов.

Бокс • 12 Желтоқсан, 2024

Жігіттерде – 10 жүлде

Таиландтағы Азия чемпио­натының финалында еліміз­дің тоғыз боксшысы өнер көрсетті. Жетеуі өзбектермен жұдырықтасса, қалған екеуі Тәжікстан, Қытай өкілдерімен күш сынас­ты. Нәтижесінде, аталған жарысты біздің жігіт­тер 4 алтын, 5 күміс, 1 қола медальмен қорытын­дылады.

Футбол • 12 Желтоқсан, 2024

Үміткерлердің есімдері белгілі

Халықаралық футбол қауымдастығы (ФИФА) 2024 жылдың қорытындысы бойынша бірнеше аталымда үміткерлердің есімін жариялады. Тізімде мына ойыншылар мен жаттықтырушылар бар.

Спорт • 11 Желтоқсан, 2024

Францияда жүлде бұйырмады

Мәнерлеп сырғанаудан Фран­цияның Гренобль қала­сында Гран-при додасының финалдық сайыстары өтті. Аталған жарысқа еліміздің өкілдері бұ­ған дейін бірде-бір рет қа­тыс­паған еді. Биыл Михаил Шай­доровтың бағы жанып, ол үздік­термен бірге өнер көрсету мүмкіндігіне ие болды.