Спорт • 30 Маусым, 2022
Аралас жекпе-жектегі ең беделді промоушен – UFC өзінің рейтингін қайта жаңартты. Өткен аптаның аяғында АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында ұйымдастырылған турнирде жергілікті спортшы Нил Мэгниді екінші раундта қылқындыру әдісімен жеңген жартылай орта салмақтағы Шавқат Рахмонов бірден бес сатыға жоғарылады. Қазіргі кезде қазақтың қайсар ұлы мықтылар тізімінде 10-орынды иеленуде.
Спорт • 30 Маусым, 2022
30 шілдеде Бразилияның Гояния қаласында аралас жекпе-жектен өтетін BRAVE CF 60 турнирінде қазақ спортшысы Асу Алмабаевтың кіммен күш сынасатыны белгілі болды.
Спорт • 30 Маусым, 2022
2023 жылы әйелдер арасында Аустралия мен Жаңа Зеландияда өтетін әлем чемпионатының іріктеу турнирінің кезекті тур кездесулері өтті.
Спорт • 30 Маусым, 2022
Ұлыбританияның астанасында өтіп жатқан «Уимблдон» турнирінің екінші күні Қазақстанның үш теннисшісі кортқа шықты. Олар – Юлия Путинцева, Елена Рыбакина және Михаил Кукушкин.
Спорт • 29 Маусым, 2022
Еркін күрестен Қарағандыда ұйымдастырылған Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті. Жарыстың екінші күні біз тағы бес салмақ дәрежесі бойынша өткен бәсекелерді тамашаладық. Бұл жолы жанкүйерлер алыптардың айқасын тағатсыздана күтті. Көпшілік жорамалдағандай, бас жүлдені еліміздің ең белді екі балуаны – Юсуп Батырмұрзаев пен Олег Болтин өзара сарапқа салды.
Спорт • 29 Маусым, 2022
Еркін күрестің ерлері анықталды
Бұл күндері Қазақстанның беделді балуандары кеншілер қаласы – Қарағандыда бас қосып, ел чемпионатының түрлі-түсті жүлделерін сарапқа салып жатыр. Солардың қатарында әлемдік және құрлықтық деңгейдегі додаларда дараланған саңлақтар да бар. Жарысты әдеттегідей еркін күрес шеберлері бастады. Алғашқы күні бес салмақ дәрежесінің жүлделері сарапқа салынды.
Спорт • 29 Маусым, 2022
Оңтүстік Кореяның Чхунчхон қаласында таэквондодан Азия чемпионаты аяқталды. Бұл жарысты Қазақстанның ұлттық құрамасы сегіз жүлдемен қорытындылады.
Спорт • 29 Маусым, 2022
Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) күш сынасып жүрген Нұр-Сұлтанның «Барысы» 2022/23 жылғы маусымға қалай даярланатынын жария етті.
Спорт • 28 Маусым, 2022
Футболдан Қазақстан чемпионатының 15-туры аясында жеті кездесу өтіп, соның үшеуінде қонақтар жеңіске жетсе, үшеуі тең аяқталды. Тағы бір бәсекеде алаң иелерінің мерейі үстем болды.
Спорт • 28 Маусым, 2022
Сербияның Прокупле қаласында өткен жүлде қоры 25 мың АҚШ долларын құрайтын ITF турнирінде Жібек Құламбаева табысты өнер көрсетті.