Спорт • 05 Қыркүйек, 2022

Джонсонмен жұдырықтасқысы келеді

120 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сингапурдың ONE FC промоушенінде өнер көрсе­тіп жүрген қазақ спортшысы Қайрат Ахметов аса жеңіл салмақтағы чем­пиондық белбеудің иегері, аме­рикалық Деметриус Джонсонды жекпе-жекке шақырды.

Джонсонмен жұдырықтасқысы келеді

36 жастағы АҚШ спортшысы 2011-2018 жылдар ара­лығында UFC-де күш сынасып, өз салмағында қарсылас шақ келтірмеді. «Күшті тышқан» де­ген жанама атқа ие Деметриус сол атағын 11 мәрте сәтті қорғап, аталған ұйымның рекордын жаңартты. 2018 жылдың жазында Генри Сехудодан ұпай санымен ұтылғаннан соң ол ONE FC-ге ауысты. Алғашқы үш кез­десуде жеңіске жеткенімен, былтыр көктемде бразилиялық Адриано Мораеске есе жібер­ді. Үстіміздегі жыл­дың 27 тамы­зында қос мықты­ның жолы қай­та түйісті. Бұл жолы Джон­сон Мораесты тізе­мен теуіп, есінен тандырды. Осылайша, америкалық саңлақ алтын бел­беуді беліне тақты. Аралас жек­пе-жектен бар­лығы 37 кездесу өткізген Деметриус 32 рет жеңіске жетіп, 19 қарсыласын сұлатып салды. Төрт рет ұты­лып, бір бәсекеде тең есеп тір­келді.

34 жастағы Қайрат Ахметов те кезінде ONE FC-дің чемпионы болған. Кейіннен қандасымыз ол атақтан айырылды. Десек те қазақ жігітінің соңғы кездегі қарқыны қуантарлық. 2008 жылдан бері бес рет жекпе-жекке шыққан Қайрат сол бәсекелердің барлығын өз пайдасына шешті.

Соңғы жаңалықтар

Егін жинау науқаны аяқталуға жақын

Шаруашылық • 25 Қазан, 2025

Географиясы Гиннеспен өлшенген

Қазақстан • 25 Қазан, 2025

Тәуелсіздік қаласы

Ғалам ғажаптары • 25 Қазан, 2025

Жойқын қаруды жойған шешім

Ғалам ғажаптары • 25 Қазан, 2025

Креативті кітапхана ашылды

Кітапхана • 25 Қазан, 2025

Ірімшіктен балмұздақ жасады

Қоғам • 25 Қазан, 2025

Бәсі жоғары дода

Спорт • 25 Қазан, 2025

Мүмкіндігі мол мегаполис

Алматы • 25 Қазан, 2025

Зияткерлік байқау

Байқау • 25 Қазан, 2025

«Оян, қазақ!» авторына құрмет

Білім • 25 Қазан, 2025

Жаңа буынның көзқарасы мен танымы

Республика күні • 25 Қазан, 2025

Өткен күнде белгі бар

Республика күні • 25 Қазан, 2025