Ауыр атлетика • 05 Қараша, 2025
Бахрейн астанасы Манамада жасөпірімдердің Азия ойындары аяқталды. Сары құрлықтың әр қиырынан ең дарынды жас өрендер жиналған жарыста еліміздің спортшылары 93 медаль олжалап, жалпыкомандалық есепте үшінші орын иеленді. Жеңіп алған жүлдеміздің 24-і алтын, 29-ы күміс, 40-ы қола.
Спорт • 04 Қараша, 2025
Еліміздің танымал теннисшісі Александр Бублик Париждегі «Мастерс» турнирінің жартылай финалында сүрінді. Бастапқы бәсекелерде Алексей Попырин (Аустралия), Корантен Муте (Франция), Тейлор Фриц (АҚШ), Алекс Де Минордан (Аустралия) басым түскен жерлесіміз жартылай финалда Феликс Оже-Альяссимге (Канада) 6:7, 4:6 есебімен есе жіберді.
Спорт • 04 Қараша, 2025
Қытайдың Уси қаласында ерлер мен әйелдер арасындағы әлем чемпионаты аяқталды. Додада 150 мемлекеттен келген 900-ден аса даян шеберлері күш сынасып, 16 жүлде жиынтығын сарапқа салды.
Кәсіпқой бокс • 01 Қараша, 2025
Қазақтың әйгілі кәсіпқой боксшысы, IBF пен WBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жегін 6 желтоқсанда АҚШ-тың Сан-Антонио қаласында өткізеді. Бұл бәсекені атақты «Premier Boxing Champions» промоутерлік компаниясы ұйымдастырып отыр.
Күрес • 01 Қараша, 2025
Жаңартылған рейтинг көңіл көншітпейді
Жер-жаһанның әр қиырынан жиналған белді балуандардың басын қосқан Хорватия астанасы Загребтегі әлем чемпионаты аяқталған соң Біріккен күрес әлемінің (UWW) рейтингі жаңартылды.
Күрес • 30 Қазан, 2025
Сербияның Нови Сад қаласында күрес түрлерінен 23 жасқа дейінгі балуандар арасындағы әлем чемпионаты (U-23) аяқталды. Жарысты еліміздің құрамасы бес жүлдемен қорытындылады.
Футбол • 29 Қазан, 2025
Еліміздің Премьер-лигасы мәреге жетті. Ерте көктемде басталып, қоңыр күзге дейін жалғасқан жарыста Алматының «Қайраты» алдына жан салмады.
Спорт • 24 Қазан, 2025
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Хорватияның астанасы Загребте өткен әлем чемпионатында бас жүлдені олжалаған грек-рим күресі шебері Айтжан Қалмахановқа Ташкент облысының орталығы – Нурафшан қаласынан пәтер сыйлады.
Спорт • 24 Қазан, 2025
Президент кубогі сарапқа салынады
25-29 қазан аралығында Астанадағы «Beeline Arena» спорт кешенінде үстел теннисінен Қазақстан Республикасы Президентінің ашық кубогі өтеді.
Спорт • 24 Қазан, 2025
Индонезия астанасы Джаркартада ерлер мен әйелдер арасындағы әлем чемпионаты өтіп жатыр. 14 жүлде жиынтығы сарапқа салынатын жарыста еліміздің туы астында алты жерлесіміз өнер көрсетеді.