Батырхан СӘРСЕНХАН
Батырхан СӘРСЕНХАН«Egemen Qazaqstan»
260 материал табылды

Таным • 13 Қыркүйек, 2024

Көшпелілер кеңістігіндегі Поло

Кейбір шығыс ғұламалары өмірін үш кезеңге бөліп қарас­тырады. Бірінші – оқу-тоқу, екінші – саяхатшылық, сапар шегу, үшінші – екі кезеңнен қорытқан дүниелерді қағазға түсіру. «Көп жасағаннан сұрама, көпті көргеннен сұра» деген қазақ мақалы тегін айтылмаса керек.

Қоғам • 07 Қыркүйек, 2024

Ұлт ұстазы ұлықталды

Алаш мұрасы – ортаймас байлық, түгесілмес қазынамыз. Әр саланың іргетасын қалаған тұлғалар жылдан-жылға жаңаша зерделеніп келеді. Ұлт ұстазы атанған Ахмет Байтұрсынұлының ұшан-теңіз еңбегі – елдік мақтанышымыз.

Мәдениет • 05 Қыркүйек, 2024

Сальвадор салған суреттер

Сальвадаор Дали... Өнер биігі, өре асуы. Жұмбақ жүрегінен шыққан самалды жаһанға жайған суретшіні білмейтін мәдениетті жан кемде-кем болар. Жалықтырмас жам­поздың қолынан туған өнердің түпнұсқасы елге келді дегенде, өрекпіген көңіл кемерінен аса түскен.

Руханият • 04 Қыркүйек, 2024

Ар өлшемін ардақтасақ...

Ұлт пен ұлтты айыратын – мәдениеті, тілі, салт-дәстүрі. Жер бетінде қаншама халық жеке мәдениеті мен тілін жоғалтып құрдымға кетті. Ұлтты сүю сол елдің тілін сүюден бастау алу керек.

Мәдениет • 04 Қыркүйек, 2024

Ұлттық құндылықты ардақтайтын бірегей жоба

Ұлттық құндылықтар – қай орынға да көрік берер теңдессіз байлық. Елдің даралығын айшықтар нақышты өрнектер бүгінде түрлі бейнелер арқылы әр тұстан көрініс тауып­ келеді. Ұлан-ғайыр жеріміздің құнын арттырар іргелі қазыналарымыз шетелдіктерді де тамсандырып отыр.

Өнер • 29 Тамыз, 2024

Берлинде бебеулеген домбыра

«Домбыра мұнша шешен болдың неге?» деп жырға қосқандай, қасиетті қара домбыра талайды таңдандырып келеді. Қайбір классикалық музыканы да оңай ығына жыққан сиқырлы аспап Берлин төрінде өнерден ту тікті.

Өнер • 28 Тамыз, 2024

Ұлттық үлгідегі қуыршақтар

«Жаңа дегеніміз – ескінің түрленуі» дейді данышпандар. Ал ұлттық құндылықтар, дәстүрлі қазыналар ешқашан бағасын жоймақ емес. Қазақтың ұлттық брендтері елімізде ғана емес, өзге мемлекеттерде де сұранысқа ие болып отырғаны – сөзімізге тұздық, пікірімізге дәлел.

Жастар • 26 Тамыз, 2024

«Alqa» Жетісуда жүр

Тәуелсіздік жастары – рухы азат, ойы еркін. Олардың арасында терең тарих пен бүгінді ұштастырып, ұлан-ғайыр жердің қасиетін сезінер сөз сардарларының орны бөлек. Осы орайда Мәдениет және ақпарат министрлігі жанынан құрылған «Alqa» жастар әдеби клубының көшпелі отырысы Жетісу облысында өтті.

Өнер • 26 Тамыз, 2024

«Келші, айым» әні қалай туды?

Өмір деген тулап жатқан тұңғиық сыр теңізі емес пе? Бұл маңда біз көрмеген, біз қол алыспаған, біз жолықпаған қанша жан жүрді екен? Қаншасы қайырылмаған қапалы сәтке өкініп, мидай далаға шарасыз қарап тұрды екен? Солардың жазылмаған арманын, көңіл түкпірінде көрінбей кеткен үмітін, ешкім ұқпаған сезімін әйгілейтін жақсы ән, жақсы жыр емес пе?

Әдебиет • 23 Тамыз, 2024

Сәуегей өлең

Келешек көкжиегін, ажалын, ақырғы күнін, жер тағдырын болжаған шайырлар Шығыс пен Батыста қадау-қадау қарауытады. Фирдоусидің өшпес даңқын болжағаны секілді, заманында туған сәруар жырлар өз уақытынан озып, кеше мен бүгінге үкім айтқаны даусыз.