
Әдебиет • 28 Ақпан, 2023
Мағжан – өлең, Мағжан – ғұмыр. Тұтас өмірін ұлт жолына, ұлт әдебиетіне арнаған рухты ақынның әр жыры маздақ жалынға, қанжардай өткірлікке толы. Түркінің тік шаншылған найзасы іспетті асқақ рухы бойды толқытып, ойға құнар себері анық.
Руханият • 26 Ақпан, 2023
Бейбарыс сұлтан есімі ұлықталды
Дала тарихы – мыңжылдық шежірені ішіне бүккен тылсым тарих, тұғырлы жылнама. Қойнауы кеніш, алабы айқасқа ескерткішке толған ұлы даланың ашылмаған жады, айтылмаған сөзі орасан. Бейбарыс сұлтан есімі – сол құдіретті ұлағаттың тасқа таңбаланған бір көрінісі.
Әдебиет • 21 Ақпан, 2023
Адамзат жаралғалы асу-асу белдердің аңқасы кеуіп, адырларға ат ізі түсіпті. Мұхит түбіне жұтылған кемелерді мүк басып, аралға жасын құлапты. Уақыт тоқтап тұрыпты, адамдар көшіпті. Сол лек ішінде Құдайдың бұйрығымен қағілез сары қыз дүниеге келіпті. Қазақ болып жаралыпты. Ең қызығы, ең нәубеттісі Жаратушы пәрменімен талант атты алып қуатты арқалап туыпты.
Әдебиет • 16 Ақпан, 2023
Пауло Коэльо шығармалары Шығыстың жынысты шатқалдарын, лабиринт толы бұғаздарын еске салады. «Мың бір түн» ішіне енгендей, ескі қорымдарды іздеп шыққан жолаушыдай алабөтен сезімді бастан кешесіз.
Әдебиет • 13 Ақпан, 2023
Түсінсем бұйырмасын, Оскар Уайльд жаныма неге сонша жақын? Неге сонша алыс? «Бақытты ханзада» әңгімесі әлемде ең көп оқылатын шығармалардың сапына енеді. Теріде әлдебір жәндік жыбырлаған сынды шоршытар, төбе құйқаңды шымырлатар мейірімді ханзаданың әрбір жаратылыс иесіне жаны ашуы, жақсы көруі, алабөтен сезімі басқаларға ұқсамайды.
Поэзия • 08 Ақпан, 2023
Көктемнің жазға ұласар шағында қыр алабы көкпеңбек түске боялатын. Тасбақа гүл деп аталар сары гүлдер самсап, шат-шадыман ететін. Махаббат пен жарқын өмір ғана бар еді онда, бауырым. Дүниеде әділетсіздік оты жанады десе сенбес едік. Сөреде тұрған «Аманат» атты күрең түсті кітап қиялымызды қоздатып, мың бір түн аралдарына сүйрей жөнелетін.
Таным • 08 Ақпан, 2023
Әр адамның өмірге келгендегі ең басты міндетінің бірі – өзін тану. Өзін тану арқылы адам қоршаған ортаны, әлемді, Құдайды таниды. Лао-Цзы айтқандай, бір адамды білу арқылы барлық адамды, бір отбасыны білу арқылы барлық отбасының жай-күйін біле аламыз. Бүгінгі әңгімемізге философ Ларошфуко мен психолог Дейл Карнегидің өзін тану жолындағы ізденістері арқау болмақ.
Әдебиет • 06 Ақпан, 2023
Ерте, ерте, ертеде, ескі жылдар қойнауында, Түркістан облысының белгісіз бір ауылында, белгісіз бір үйде қоп-қоңыр қос томдық тұратын. Ішіне үңілсеңіз балалық пәктікпен, аусар адалдық, жылылықпен үйлесетін ақмоншақ жырлар төгіле беретін. Сәби райлы, нәркес жүректі самал елітіп, еліктіре түсетін. Сірә, ақыннан қалары қорғаушысыз, кепілсіз бейкүнә өлеңдер ғана.
Руханият • 05 Ақпан, 2023
Домбырасына бұлбұл ұя салған Қаратау күй мектебінің өкілі, дәулескер күйші Төлеген Момбековтің «Салтанат» күйі ойы сәулелі кісіні тебірінтпеуі мүмкін емес. Мұхиттай тұңғиық адам жанындағы шұңғыма сырлар мен көкөрім мұңды естелік зиратынан тірілтер шығарма күші орасан. Бір адамның тарихы – адамзат тарихының бөлшегі. Күйші өз әлемін тудыру арқылы, бүкіл жұртқа жаңа кеңістік сыйлайды. Ақ жүрек пен таза ақылды серік еткен сырлы кеудеге назды күй сәйкес келсе шығарма жаны табылады.
Әдебиет • 30 Қаңтар, 2023
Қазақ поэзиясында Еуропаға алғаш «жорық» жасаған Абай болса, сол жорықты тереңдеткен, поэзиямызға Еуропалық ырғақ әкелген – Мағжан. «Еуропалық әшекейлері» сылдырлаған өрнекті өлеңдер әдебиетімізге жаңа тыныс қосты.