
Өнер • 26 Ақпан, 2024
Қазақ өнері өзіне тән өрнегімен шетел жұртын таңдандырып жүргені мәлім. Тіпті қазақ тілін үйренуге ықыластылардың саны артып келеді. Таяуда ғана ұлт өнері Америкада тағы бір асқақтады.
Таным • 25 Ақпан, 2024
Ақындық пен батырлық – егіз ұғым. «Батыр ақын болмаса, ол бойына мін емес, ақын батыр болмаса, көрген күні күн емес». Батырлық пен ақындықты түйістірген сирек тұлға – Бауыржан Момышұлы. Батыр жырлары қаһармандық көзіндей, айбынды ерліктің өзіндей.
Әдебиет • 13 Ақпан, 2024
Адамзат өркениеті ежелгі Грек-Рим мәдениетінен күш алып, орта ғасырда ілгері тұғырға қол жеткізді. Бірақ діни ахуалдар, үстем тап пен төменгі тап тартысы, Еуропадағы шіркеулердің қасаң түсінігі ғылым мен мәдениетті ойсыратып бақты. Іле жаңа ғасыр шуағы таралып, түрлі ойшыл ықпалымен тұңғиық түсініктердің тоңы жібіді, азат сана мен адамның жеке құқығы алға шықты. Әдеби шығармалар қаулап өсіп, еркін ой құсы көкті шарлады. Ендеше, «пейіш пен тозақ айтысы» дегендей, орта ғасыр мен жаңа ғасыр тартысына назар салалық.
Таным • 06 Ақпан, 2024
Тарих ақиқат жағында дүр. Оны бұрмаламақ ниеттілер Алтын Орда тарихын бізден тыс қарауға талпынды. Алайда жалғандықта жанды өмір болмасы анық. Араб тарихшысы әл-Омари ежелгі Ордамыз хақында: «Ертеден бұл қыпшақтар елі болатын. Кейін татарлар қыпшақтармен араласып, туыстасып кетті» деп жазады. Қыпшақ елінің тағы бір дәлелі, оның оғыз-қыпшақ тілінде жазылған әдебиеті. Хорезмидің «Мұхабатнамасы», Құтбтың «Фархад-Шырыны», Дүрбектің «Жүсіп-Зылиқасы».
Әдебиет • 31 Қаңтар, 2024
Эпиграмма жанрының алғашқы шеберлері антикалық гректің Симонид Кеосский, Асклепиад, Мелеагр сынды ақындары болған деседі. Әйгілі Байронның ақсүйектерді сықақ еткен шумақтары оның елінен біржола кетуіне себеп болды. Ал Байронға еліктеген Пушкин усойқы эпиграммалары салдарынан жапа шегіп, талай мәрте дуэльге түсті.
Әдебиет • 29 Қаңтар, 2024
Қанша оқысақ та айызымыз қанбас, үнемі жаңалық табар екі дастан болса, бірі – «Гилгамеш туралы дастан». Алтайдан үдере көшкен түркінің басы шумерлер деп болжалдасақ, дастандағы қаһарман қос батыр тұрқы ұлы даланы еске салады. Тіпті қазақ жырларымен үндестігі менмұндалайды.
Таным • 13 Желтоқсан, 2023
«Әлемді сұлулық құтқарады» деді Достоевский. Пикассо: «Еңбек пен әйел өмірді ұзартады» деген тұжырымды ой айтты. Бақсақ, қайбір ұлы шығарманың бойында алтын кездіктей жарқырап әйел бейнесі мұнартады.
Қоғам • 06 Желтоқсан, 2023
Кітап – қазына бұлағы. Елімізде баспа ісі жыл сайын өркендеп, жаңаша сипат алып келеді. Тәуелсіз жастардың әлемдік мәдениетке үлес қосқан, аты мәшһүр іргелі кітаптармен төл тілімізде танысуына жол ашылып отыр.
Әдебиет • 05 Желтоқсан, 2023
Ұлтқа қызмет ету үлгісі туралы сөз қозғасақ, тілімізге оралатыны – Абай мен Алаш. Ал Ыбырай ше? Ол алғаш ел ішіне қанатымен су тасыған қарлығаш еді ғой. Отарлық езгісінен еңсесі түсіп, жігері кетіле бастаған ұлтқа аттан салған рух сарбазы Ыбырай емес пе еді? Жалғыз рет берілер дүрия-дүниенің сәті мен сағатын ел мұраты жолында пида еткен қайсар талант еді ол. «Бір Құдайға сиынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық» деп Алаш баласын тұңғыш рет жаһандық білімге үндеген Алтынсарының ұлы болатын.
Әдебиет • 29 Қараша, 2023