Экономика • 21 Ақпан, 2021
Қазақстанда 2020 жылы 769,3 мың тонна арматура өндірілді
2020 жылы Қазақстанда 769,3 мың тонна арматуралық өнім өндірілді. Отандық құрылыс индустриясын дамыту үшін ішкі нарыққа 574,1 мың тонна арматура жөнелтілді. Бір тоннасы орташа алғанда 311,4 мың теңгеден сатылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 21 Ақпан, 2021
Хорватияда Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері талқыланды
Қазақстан Елшілігінде «Хорватия-Қазақстан» достық қоғамының салтанатты жиналысы және ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған классикалық музыканың камералық концерті өтті. Іс-шараға көрнекті саясаткерлер, Парламент депутаттары, Хорватия Конституциялық сотының мүшелері, сондай-ақ қоғам өкілдері, мәдениет және өнер қайраткерлері қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 21 Ақпан, 2021
Елордада қысқы триатлон жарысы өтті
Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының Триатлон паркінде Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай қысқы триатлоннан жекелеген жарысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 21 Ақпан, 2021
Кирилл Герасименко «Вердер» сапында жеңісін жалғастыруда
«Вердер» 2020/2021 маусымында Германия Бундеслигасындағы 20-матчын өткізді. Өз кезегінде қазақстандық Кирилл Герасименко және оның командаластары Грунветтербахтың ASV клубымен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Спорт • 21 Ақпан, 2021
Александр Недовесов Forte Challenger 100 турнирінің іріктеу финалына шықты
Қазақстандық теннисші Александр Недовесов Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан Forte Challenger 100 турнирінің жекелей сынның іріктеуінің финалына шықты, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Қоғам • 21 Ақпан, 2021
Бейбіт Атамқұлов «АрселорМиттал Теміртау» жұмысымен танысты
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Теміртау қаласындағы металлургия комбинатында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ басшылығымен көшпелі кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 21 Ақпан, 2021
ІІМ Алматы академиясы базасында жаңа арнайы факультеттер ашылды
Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ІІМ Алматы академиясы базасында жаңа арнайы факультеттер ашты, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Руханият • 21 Ақпан, 2021
Зейнетке шыққан экс-сенатор жеке көрмесін өткізді
Кеше Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық музейде мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері, профессор Төлеубек Мұқашевтың «Балалық шаққа саяхат» атты жеке көрмесі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz baq.kz сайтына сілтеме жасап.
Коронавирус • 21 Ақпан, 2021
Шетелден ұшып келген жолаушыдан коронавирус табылды
Өткен тәулікте халықаралық авиарейспен келген жолаушылар туралы ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 21 Ақпан, 2021
Елордада «Қан тапсыр – өмірді құтқар» қайырымдылық акциясы өтті
«30 игі іс» аясында елордалық ҚХА мүшелері «Қан тапсыр – өмірді құтқар» акциясы аясында қан тапсырды. Бұл туралы Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.