Қоғам • 15 Наурыз, 2021
Асхат Аймағамбетов тарихшы ғалымдармен кездесті
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Алматы қаласында тарихшы ғалымдармен және тарих пәнінің мұғалімдерімен кездесті. Бұл туралы ол өзінің Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 15 Наурыз, 2021
Қазақстан Президентінің ресми сайты жаңарды
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми Аkorda.kz сайты жаңарды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 15 Наурыз, 2021
Ақтоты Райымқұлова Иманбек Зейкеновті құттықтады
Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Дыбыс жазу, өнер және ғылым ұлттық академиясының Grammy сыйлығын жеңіп алған Иманбек Зейкеновті марапатымен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 15 Наурыз, 2021
Президент халықаралық шарттар туралы заңға қол қойды
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үкімет • 15 Наурыз, 2021
Асқар Маминнің БАӘ сапары: 2,2 млрд долларға инвестициялық келісім жасалды
Премьер-Министр Асқар Мамин Абу-Даби қаласына жұмыс сапары аясында Біріккен Араб Әмірліктерінің вице-президенті және Премьер-Министрі, Дубай әмірі Мұхаммед ибн Рашид әл Мактуммен және БАӘ Премьер-Министрінің орынбасары, Президент істері жөніндегі министрі шейх Мансұр бен Заид әл Нахаянмен келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz Премьер-Министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 15 Наурыз, 2021
Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті
Мемлекет басшылары Орталық Азиядағы ахуал жөнінде пікір алмасып, стратегиялық маңызы зор өңірдегі қауіпсіздікті, тұрақтылықты және өркендеуді қамтамасыз ету мақсатында ауқымды әрі жемісті ынтымақтастыққа екі тараптың да мүдделі екенін нақтылады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 15 Наурыз, 2021
Шымкентте дәстүрлі ұлттық өнер мектебі ашылды
Шымкент қаласында Наурыз мерекесі қарсаңында «Қаратау» дәстүрлі ұлттық өнер мектебі ашылды. Салтанатты iс-шараға қала әкімі Мұрат Әйтенов және жергiлiктi зиялы қауым өкілдері қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 15 Наурыз, 2021
Мәулен Әшімбаев «Грэмми» сыйлығының иегері Иманбек Зейкеновті құттықтады
Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев музыкант Иманбек Зейкеновті «Грэмми» сыйлығын жеңіп алуымен құттықтады. Бұл туралы ол өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 15 Наурыз, 2021
Сенаторлар автокөлік ұрлығына қарсы күрес туралы заң жобасын қарайтын болды
Палата Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың төрағалық етуімен Бюро отырысы болды. Онда депутаттар 2021 жылғы 18 наурызда өтетін Сенаттың алдағы отырысының күн тәртібін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 15 Наурыз, 2021
Ақтауда дзюдодан Азия ашық кубогі аяқталды
Ақтауда Тұрар Жолдыбаевты еске алуға арналған дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында Азия ашық кубогі аяқталды. Дүбірлі додаға Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Ресей және Австриядан 200-ге жуық спортшы қатысты. Татами шеберлері 14 салмақ бойынша өзара мықтыны анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ұлттық Олимпиада комитетіне сілтеме жасап.