
Сұхбат • 11 Мамыр, 2022
Гун Аюрзана: Шетел әдебиеті болмаса, біз «Моңғолдардың құпия шежіресінде» өмір сүретін едік
Гун Аюрзана 1970 жылы Моңғолияның Баянхонгор қаласында дүниеге келген. Сол жердегі орта мектепті бітіргеннен кейін Ресейдің Мәскеу қаласына оқуға түскен. Максим Горький атындағы Әдебиет институтының «шығармашылық» мамандығы бойынша әдебиет магистрі дәрежесін алған. 24 жасында «Сәби өлеңдер» атты алғашқы поэзиялық кітабын шығарған. Оның жетінші поэзиялық кітабы 2009 жылы жарық көрді. Ол «Шаман аңызы», «Сиқырлы сағым», «Он арманның қарызы» сияқты бірнеше романның авторы. Гунның шығармашылығы Батыс елдеріне кеңінен танымал. Шығармалары отыздан астам тілге аударылған ақын-жазушы Аюрзана бізге берген сұхбатында өзінің шығармашылық әлемі, моңғол әдебиетінің қазіргі жағдайы хақында өз ойларын бүкпесіз айтты.
Тарих • 08 Мамыр, 2022
Бүгінгі сөз бір жазушының, атап айтқанда, Әдебиет бойынша Нобель сыйлығының лауреаты Светлана Алексиевичтің майдангер қыздарды іздеп, олармен тілдесіп, бірнеше блокнот пен сансыз магнитофон кассеталарын түгелдей соғыс туралы естеліктер мен оқиғалар тізбегіне толтырған жазбасы жайында болмақ.
Таным • 29 Сәуір, 2022
Жауһазынның жарты бет күнделігі
Осыдан тура бес жыл бұрын туған ауылыма бардым. Бәрі өзгерген. Мен барда таяқ ұстап жүрген қарттар ана дүниеге аттанып, олардың орнын басқа үлкендер басыпты. Көшеде кездескен әр қарт: «Ей, айналайын, сен әлгі қалаға кеткен баласың ғой ә, әй, мың болғыр, қаланың адамдары күн көрмейді деген рас екен, өңің аппақ қудай болып кетіпті» деп саңғырлай сөйлеп амандасатын.
Елорда • 20 Сәуір, 2022
Халықаралық кітап жәрмеңкесі ашылды
Аталған руханият жәрмеңкесі Нұр-Сұлтан қаласындағы ЭКСПО Халықаралық көрме орталығында басталды. Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, Түркияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Уфук Екидже, Қазақстан Жазушылар одағының басқарма төрағасы, ақын Ұлықбек Есдәулет, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің төрағасы Қуат Бораш және Ресей Кітап баспагерлері қауымдастығының президенті Константин Чеченев салтанатты ашылу рәсіміне қатысып, айтулы шараны ашып берді.
Қоғам • 17 Сәуір, 2022
Осыдан екі жыл бұрын республикалық әдеби газетте жұмыс істеп жүрген кезім. Кабинет есігі қағылды, төрт қыз, екі жігіт келіп тұр. Алматыдағы мәлім университеттің студенттері болып шықты, газетте тәжірибеден өтуге ниетті екен.
Әдебиет • 11 Сәуір, 2022
Үй Хуа: Мәңгілік шындықты әдебиет қана айта алады
Үй Хуа қазіргі ең танымал Қытай жазушысы. Оның әр романы кітап болып шығысымен-ақ тез таралып кетеді. Бұнда не сиқыр бар деп ойларсыз, бұл оның тек ұлт тағдырына саятын оқиғаларды арқау етуі, сол ұлттың ішіндегі мұң мен зарды ақ қағаз бетіне түсіруінде еді. Жазушы алғаш рет Қазақ журналисіне сұхбат бергенін айтып, өз шығармашылығы, романдары туралы, қазіргі әдеби орта, Нобель сыйлығы хақындағы ойларымен бөлісті. Тіпті ол өзіне Абай Құнанбаевтың өлеңдері әсер еткенін жасырмады.
Қоғам • 08 Сәуір, 2022
Біздің ауылдағылар телефонды ең алғаш рет Торғын дейтін қыздың қолынан көрді. Тоқсаныншы жылдардың басында біздің шағын ауылдың тұрғындары телефон ұстаған адамды мәртебесі биік немесе әлдебір шендінің бірі деп ойлайтын. Сол жазда ауылдың әңгімесінің тұздығы Торғын және оның телефоны болды. Өйткені Торғын өгізбен суға бара жатса да, мал қайырып жүрген әкесіне ілесіп өрісте жүрсе де, қолынан «жаңа затын» тастамайтын. Тіпті кейде төбенің басына шығып алып, әлдекімдермен ұзақ-ұзақ сөйлесетін. Жай сөйлесіп қана қоймай, тұрған орнында айнала беретін, айнала беретін. Мұны көрген үлкендер жағы «құрсын, телефон деген адамның басын айналдырып жіберетін зат екен» деген қауесет таратып та жіберді. Орталықтағы қалада оқитын Торғынның телефонына қызыққан жастар оған келесіде ауылға оралғанда бір-бір телефон әкеліп берсеңіз деген өтініштерін айтып, ақысына бір қойдан беретін болып келіседі. Мыңғыртып қой айдап жүргендер үшін бір қой деген не тәйірі? Оларға қызығы бір-бір телефон алып, әр төбенің басында айналсоқтап жүру. Сонда ғана елдің назары өздеріне ауады деп ойласа керек.
Әдебиет • 06 Сәуір, 2022
Осыған дейін «Оба», «Жат» атты керемет шығармаларымен бізге таныс Альбер Камюдың есімі әдебиетте жиі аталады. Шынын айтқанда, оның танымалдығы оған Нобель әдебиет сыйлығы берілуден бұрын болған жағдай.
Өнер • 05 Сәуір, 2022
Өзіндік дара стилімен әлемге әйгілі суретші атанған Сальвадор Далидің музейі әлемнің үлкен қалаларындағы жұрт көп баратын мәдениет орталықтарында орналасқан. Монмартрдегі Дали мұражайы бұл күндері Парижге саяхаттап барушылардың ат басын бұратын санаулы орынның бірі. Әрине, Парижде не көп, мұражай көп. Ал солардың ішінде суретші Далидің музейі несімен ерекшеленеді деген үлкен сұрақ туындайды. Бұған жауап та дайын.
Өнер • 05 Сәуір, 2022
Биыл он жылдық мерейтойы өтіп жатқан АҚШ-тағы Annapolis кино фестивалінде әлемнің түкпір-түкпірінен әр жанрдағы фильмдер бақ сынады, деп хабарлайды Egemen.kz.