
Басылым • 24 Мамыр, 2025
Бала шақ пен болашақтың алтын көпірі
Алматы қаласында қаламгер қауым тағылымды естеліктермен өрілген мазмұнды іс-шараларға куә болды. «Қазақ газеттері» серіктестігіне қарасты «Ұлан» газетінің 95 жылдық мерейтойы «Мысль» журналының 105 жылдығымен сабақтасып, оны «Ana tili» газетінің 35 жылдығы жалғады. Осылайша, мазмұнды мерейтойлар легі «Aq jelken» журналының 100 жылдығымен түйінделді.
Өнер • 23 Мамыр, 2025
Обырға шалдыққан балалар EFW мінберінде сән үлгісін көрсетті
Елдік шеңберінен шығып, сән әлемінің халықаралық мінберіне айналған EURASIAN FASHION WEEK FW 25/26 биыл тосын сыйлар мен тамаша жаңалықтарға толы болды. Биылғы маусымның тақырыбы – Fluidum – дәуірлер тезінен шыққан көркем әлемнің үздіксіз қимылы мен икемділігін паш етіп, гендерлік шектеулер мен мәдени шекараларды бұзған еркіндік символы іспетті болды. Бұл жәй ғана мода емес – сән әлемін өнер, бизнес пен әлеуметтік платформа ретінде таныта алатын, талантты дизайнерлердің бағын ашатын алаң десек те болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы • 23 Мамыр, 2025
Жетісу облысындағы дарынды балаларға арналған Жыланды мамандандырылған лицей-интернатының оқушылары әлемдік аренада қазақ рухын, ғылымы мен өнерін қатар танытты.
Аймақтар • 22 Мамыр, 2025
Алматыда электромобильдерді қуаттандыратын 311 станция орнатылады
Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сүйенсек, 2025 жылдың 1 сәуірінде Алматыда 8 385 электромобиль тіркелген. Былтырғы осы уақытпен салыстырғанда олардың саны 1,5 есе өскен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өнер • 21 Мамыр, 2025
Отандық қолөнер шеберлері сыртқы нарыққа шықты
Былтыр Алматы қаласына «Әлем қолөнершілерінің қаласы» деген мәртебе берілгеннен кейін, қазақстандық шеберлерді ТМД елдерінен бөлек, Еуропа мен Азия елдері де мойындай бастаған, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 20 Мамыр, 2025
Алматы билігі жауапсыз мердігерді жазалайтын болды
Таяу күндері Алматыдағы Қала құрылысын бақылау басқармасы Рахат-Мәдениет шағын ауданында «Сапа Құрылыс 2007» ЖШС мердігерлік ұйымы жүргізіп жатқан су құбырлары мен кәріз желілерінің құрылысына инспекциялық тексеру жүргізген болатын, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өндіріс • 20 Мамыр, 2025
Алматының әлеуетін арттыратын жобалар
Биыл Алматының индустриалды аймағында құны 135,5 млрд теңгені құрайтын 11 жоба жұмысын бастауы керек. Қазірдің өзінде 2 662 адамға тұрақты табыс көзін тауып берген жобалардың ішінде алты ірі кәсіпорын, оның ішінде жеңіл автомобиль, биологиялық жем, шыны ыдыс, арматуралық торлар мен резеңке бұйымдар шығаратын зауыттарға қоса, қаланың өндірістік секторының одан әрі дамуына ықпал ететін бес шағын өнеркәсіптік өндіріс бар.
Білім • 19 Мамыр, 2025
Гөзел Құлжабаеваның кітабы неміс тіліне аударылды
Абайдан бастап, қазіргі жас ақындардың өлеңдерін тікелей неміс тіліне тәржімалауға мұрындық болған Қазақстандағы Гёте институты бұған дейін де «Өсімдіктер әлемі» оқу әдістемелік кешеніне арнап 58 тақырыптық кітапша шығарған Гөзел Құлжабаеваның «Өсімдіктердің ғажайып әлемі туралы аңыз-ертегілер» кітабын неміс тілінде жарыққа шығарды, деп жазады Egemen.kz.
Технология • 19 Мамыр, 2025
Ауыл балалары халықаралық робототехника жарысында жеңіске жетті
Еліміздің қай қиырын алсаңыз да, талантты, аса қабілетті балалар табылады. Осы демалыс күндері Жетісу облысында орналасқан Дарынды балаларға арналған Жыланды мамандандырылған лицей-интернатының оқушылары әлемдік аренада қазақ рухын, ғылымы мен өнерін қатар танытты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 17 Мамыр, 2025
Ауа райының күрт өзгеруіне байланысты Алматының коммуналдық қызметтері күшейтілген режимге көшті
«Қазгидромет» РМК мәліметіне сүйенсек, мамырдың 17-нен 18 қараған түні Алматыда ауа райы күрт өзгеруі ықтимал.