
Қоғам • 18 Қаңтар, 2021
Алматы ХҚО-лары мемлекеттік қызметтерді қашықтан алуға шақырды
Жаңа жыл басталғалы бері Алматы ХҚО-ларына келушілер қатары көбейген. Жыл жаңарып, құжаттарын да осы жылмен қайта рәсімдейтіндердің бәрі ХҚО-ларға ағылып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 18 Қаңтар, 2021
Кәсіпкерлер «Almaty Business - 2025» бағдарламасын пайдалана ала ма?
Бүгін «Almaty Finance» ЖШС Басқарма төрағасының орынбасары Заңғар Сәлімбаев алматылық кәсіпкерлерді қолдау шараларын белсенді түрде пайдалануға шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 18 Қаңтар, 2021
«Almaty Finance» бизнеске қолдау көрсету бағдарламалары кеңейтілді
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша кәсіпкерлікті дамыту және қолдау үшін 2019 жылы «Almaty Business – 2025» өңірлік бағдарламасы әзірленіп, қабылданды, оны іске асыру шеңберінде «Алматы «ӘКК» еншілес құрылымы – «Almaty Finance» құрылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 18 Қаңтар, 2021
Алматыда модульді госпиталь қайта ашылады
Таяу күндері Б. Момышұлы көшесі 1\55 (бұдан әрі-Модуль-1) мекенжайында орналасқан И. Жекенова атындағы «Қалалық клиникалық инфекциялық ауруханасы» модульдік госпиталі қайта ашылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Алматының әкімі міндетін аяқтаған депутаттарға алғысын білдірді
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев міндетін аяқтаған депутаттарға алғысын білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Алматы мәслихаты шешуге тиісті ең өзекті мәселе қандай?
Бүгін VII шақырылымдағы қала мәслихатының бірінші сессиясында сөз сөйлеген Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев бірқатар өзекті міндеттерді атап өтті, оларды шешуге мәслихат депутаттары мегаполис әкімдігімен бірге кірісетін болады деп хабарлайды Еgemen.kz
Медицина • 15 Қаңтар, 2021
2020 жылы Алматыда 8 елдің азаматтары емделді
Былтыр, яғни 2020 жылы Алматыдағы Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында Германия, Корей, Ауғанстан, Ресей Федерациясы, Грузия, Әзірбайжан, Өзбекстан мен Қырғызстан елдерінің азаматтары емделді, деп хабарлайды Egemen.kz
Оқиға • 15 Қаңтар, 2021
Альбиностарды – табиғат ғажабы десек те болады. Дегенмен, елден тым ерекше болып туу бақ па, сор ма? Бұлай дейтініміз, өкінішке қарай, әлі күнге дейін африкалықтар альбиностардың шашы, сүйегі, жыныс мүшелері және бас бармағы ерекше емдік қасиетке, күшке ие дегенге сенеді. Қара нәсілді құрлықта аппақ боп туған адамдардың кептірілген, үгітілген, дорбаларға салынған немесе теңізге шашылған дене мүшелері балық өсімін молайтады, тастардың арасынан алтын табуға немесе саясаткерге сайлауда жеңіске жетуге көмектеседі деп түсінеді.
Қоғам • 15 Қаңтар, 2021
Әлемдегі 10 баланың 4-еуі ғана анасын емеді
Ананың ақ сүтін ештеңе де алмастыра алмайтынын бүгінгінің көзі ашық қыз-келіншектеріне айтып, түсіндіріп отырудың өзі артық. Уызына жарымаған баланың денсаулығында да, мінез-құлқында да бір кінәрат қалатынын баяғылар арнайы зерттемесе де ішкі түйсікпен білген ғой. Ендеше Қазақстанның әйелдері күштерінің альянсы жұмыс берушілерді өз қызметкерлеріне бала емізетін орындар ұйымдастыруға үндеп отыр.
Аймақтар • 14 Қаңтар, 2021
Соңғы тәулікте Алматыда 122 адамның індет жұқтырғаны анықталды
Осы уақытқа дейін Алматыда коронавирус инфекциясын 19 980 адам жұқтырып алса, өткен тәулікте мегаполис бойынша 122 науқастан ПТР тестілеудің оң нәтижесі анықталды. 2020 жылғы желтоқсан айының бірінші онкүндігімен салыстырғанда коронавирустық инфекция бойынша сырқаттану деңгей 1,7 есе өскен, деп хабарлайды Egemen.kz.