
Медицина • 26 Қаңтар, 2021
Пандемия жағдайындағы Алматыда МСАК рөлі күшейтілді
Алматы қаласының №32 қалалық емханасының бас дәрігері Артур Қажыбаев бүгінгі ӨКҚ брифингінде COVID-19 жұқтырған адамдарды үйде емдеуде алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарының жұмысы туралы баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz
Коронавирус • 25 Қаңтар, 2021
Алматыда шамамен індеттің 40%-ы қоғамдық орындарда жұғады
Алматы әкімдігі қаланың коронавирус бойынша «қызыл» аймаққа кіруіне байланысты мегаполистегі эпидемиялық жағдайды ескере отырып, қала тұрғындары мен қонақтарын коронавирустық инфекцияның алдын алу шараларын күшейтуге - бетперде режимін, әлеуметтік қашықтықты сақтауға, мүмкіндігінше қоғамдық орындарға, әсіресе нашар желдетілетін жабық орындарға (ғимараттарға) барудан бас тартуға шақырады.
Медицина • 25 Қаңтар, 2021
Отандық нейрохирургтар тұңғыш рет "Cerebra” инновациялық бағдарламасымен ота жасады
ТМД және Қазақстан бойынша тұңғыш рет Алматы қалалық N7 клиникалық ауруханасында жасанды интеллект көмегімен инсультты ерте анықтаудың радиологиялық бағдарламасы енгізілді. Бұл анықтау жүйесі «Cerebra» жасанды интеллект негізінде жүзеге асады. Алдымен пациент КТ-тексеруден өтеді, оның түсірілімін инновациялық софт жүйесі сканерлейді.
Аймақтар • 25 Қаңтар, 2021
Алматының Түрксіб ауданында газ қосылмаған үйлердің саны 60%-ға қысқарды
Газдандырылмаған 10 мыңнан астам үйді сумен жабдықтау жүйесіне қосу тапсырмалары қалай орындалып жатыр? Бұл туралы ӨКК брифингінде Алматы қаласы Түрксіб ауданының әкімі Бақытжан Ақжаров хабарлады.
Аймақтар • 25 Қаңтар, 2021
Алматыда 10 кітапхана жаңартылды
Соңғы уақытта Алматы кітапханаларының жаңа тыныс ашылды, десек те болады. Қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасымен мегаполистің кітапхана жүйесін модернизациялау жалғасуда, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 24 Қаңтар, 2021
Алматыда екі тәулікте 58 кәсіпкерлік нысанның карантинге бағынбағаны анықталды
Мегаполисте құрамына аудан әкімдіктерінің, жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері, сондай-ақ «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өкілдері кіретін мониторингтік топтар кәсіпкерлік нысандары бойынша карантиндік режим талаптарының бұзылу фактілерін анықтау және жолын кесу, коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу үшін қолданыстағы шаралардың қажеттілігін түсіндіру мақсатында 22-24 қаңтар аралығында аудандарды аралап шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 23 Қаңтар, 2021
Кардиология институтында бауырды тексеретін бірегей УДЗ аппараты іске қосылды
Алматыдағы Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында инвазивтік емес эласто және стеатоометриямен қосымша функционалдық диагностика жасау мүмкіндігі бар Hitachi Аloka Arietta бірегей УДЗ аппараты пайдалануға берілді.
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021
Алматыда әйелдер онкологтарға тегін қарала алады
Ертең, яғни 2021 жылдың 23 қаңтарында сағат 9-00-ден 13-00-ге дейін Алматы онкологиялық орталығында жетекші онколог-гинеколог мамандардың қатысуымен Ашық есік күні өткізіледі. Іс-шара Қазақстандағы жатыр мойны обырының алдын алу апталығы аясында өткізіледі.
Қазақстан • 22 Қаңтар, 2021
Алматыда кәсіпкерлерді қызметкерлерін МӘМС жүйесінде 25 қаңтарға дейін сақтандыруға шақырды
Шағын және орта бизнес қызметкерлері МӘМС пакетінен медициналық көмек алуы үшін олардың жұмыс берушілері 2021 жылғы 25 қаңтарға дейін әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жалдамалы қызметкерлер туралы ақпарат беруі тиіс. Бұл туралы "ӘМСҚ" КЕАҚ Алматы қаласы бойынша филиалында айтылды.
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021
Алматының телемедицина орталығы КВИ жұқтырғандарға тәулік бойы көмек көрсетеді
Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапары барысында медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру мақсатында құрылған денсаулық сақтау саласының бірқатар нысандарын аралады.