
Саясат • 17 Қараша, 2022
Қайырымдылық жанашырлары марапатталды
Астана қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен Qaiyrymdylyq Jarshylary бірінші республикалық еріктілер форумы өтті.
Саясат • 16 Қараша, 2022
Дипломатиялық корпус өкілдерімен кездесті
Астанада Сыртқы істер министрлігінде шетелдік дипломатиялық корпус өкілдеріне арналған кезектен тыс президент сайлауына дайындық туралы баспасөз мәслихаты өтті. Жиында Премьер-Министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мен Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров баяндама жасады. Іс-шара барысында елшілер тақырып төңірегінде сауалдарын қойып, тұщымды жауап алды.
Әлем • 15 Қараша, 2022
Тоқаев цифрландыру орталығын құруды ұсынды
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымы басшыларының саммитінде Astana Hub халықаралық технопаркінің базасында Цифрландыру орталығын құруды ұсынды.
Әлем • 15 Қараша, 2022
Ынтымақтастық одан әрі беки түседі
Түркияның Marmara Group қорының президенті Аккан Сувердің айтуынша, Самарқандта өткен Түркі мемлекеттері ұйымының саммиті сәтті өтті. Ол саммиттің түркітілдес мемлекеттер арасындағы саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени және басқа да салалардағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуде серпіліс жасағанын жеткізді.
Әлем • 15 Қараша, 2022
Түркі мемлекеттері ұйымы жол картасын талқылады
Өзбекстанның Самарқанд қаласында өткен Түркі мемлекеттері ұйымының тоғызыншы саммитінде жол картасы саналатын маңызды бірқатар құжатқа қол қойды.
Әлем • 14 Қараша, 2022
Түркияны дүрліктірген лаңкестік
Әлемді әбігерге салған лаңкестік, өкінішке қарай, Ыстанбұлға тағы да жетті. Соның салдарынан 8 адам қаза тауып, 81-і ауыр жарақат алды. Түркия Президенті Реджеп Тайип Ердоған мұны «террористік шабуыл» деп мәлімдеді. Қазақстан басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жантүршігерлік лаңкестік салдарынан құрбан болғандар туралы хабарды күйзеліспен қабылдағанын жеткізіп, Түркия Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады.
Үкімет • 14 Қараша, 2022
Мәжілісте «Балық шаруашылығын дамыту туралы» Үкімет сағаты өтті. Жиын барысында осы салаға жауапты сала басшылары баяндама жасап, депутаттар жан-жақты талқылау жүргізді. Балық шаруашылығын дамыту жөнінде ұсыныстар да жасалды.
Әлем • 10 Қараша, 2022
Кеше Түркі мемлекеттері ұйымының IX саммиті қарсаңында Сыртқы істер министрлерінің кеңесі өтті. Қазақстандық делегацияны Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді басқарды.
Үкімет • 10 Қараша, 2022
Бюджет бекітілерде халықтың жағдайы ескеріледі
Кеше Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтті. Онда депутаттар 2023-2025 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі, Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт және алдағы үш жылға арналған республикалық бюджет туралы заң жобаларын қарады.
Үкімет • 09 Қараша, 2022
Алқабилер соты сенімді арттыра ма?
Кеше Мәжіліс Спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен Палатаның жалпы отырысы өтті. Жиын барысында бірқатар заң жобасы жұмысқа алынып, сот алқа билері қарайтын сот істеріне қатысты заң жобасы мақұлданды.