Президент • 25 Сәуір, 2024
Қасым-Жомарт Тоқаев: Ассамблея – ел бірлігін нығайтатын ұйым
Елордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясының отырысы өтіп жатыр, деп жазады Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 24 Сәуір, 2024
Зайсанда 2 балдық жер сілкінісі болды
Бүгін, 24 сәуірде Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданында 2 балдық жер сілкінісі болды, деп жазады Egemen.kz.
Балалар • 24 Сәуір, 2024
Балалардың жазғы демалысын білім басқармаларының басшылары ұйымдастырады
Бүгін Оқу-ағарту министрлігінің аппараттық кеңесінде өңірлік білім басқармалары, ведомстволық бағынысты ұйымдар мен әдістемелік кабинет басшыларының қатысуымен балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Төтенше жағдай • 24 Сәуір, 2024
Алматы облысында төрт күннен бері қамыс өртеніп жатыр
Алматы облысы Балқаш ауданында қамыс пен құрғақ шөп өртеніп, жалын үлкен аумаққа таралып жатыр. Өрт сөндірушілер тілсіз жаумен төрт күннен бері арпалысып жүр, деп жазады Egemen.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тағайындау • 24 Сәуір, 2024
Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасарлары тағайындалды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасарларын тағайындады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 23 Сәуір, 2024
Биыл 4 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
Жыл басынан бері 4 351 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 132,7 мың этникалық қазақ оралды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.
Қоғам • 23 Сәуір, 2024
Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша көмек қалай көрсетіледі?
Үкімет су тасқыны салдарынан зардап шеккендерге қосымша көмек көрсету тетіктерін түсіндірді, деп жазады Egemen.kz.
Тағайындау • 23 Сәуір, 2024
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі комитетінің төрағасы тағайындалды
Өнеркәсіп және құрылыс министрінің бұйрығымен Бақытжан Мұратұлы Жүнісбеков ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 23 Сәуір, 2024
Алматының 212 тұрғынын кене шақты
Көктем мезгілі басталғалы бері Алматыда 200-ден астам адамды кене шаққан. Бұл туралы қаланың санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 23 Сәуір, 2024
Мемлекет басшысы KIA корпорациясының президентін қабылдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев KIA корпорациясының президенті Хо-сунг Сонгты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.