Президент • 25 Қараша, 2024

Владимир Путин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді

236 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 27 қараша күні Қазақстанға Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин мемлекеттік сапармен келеді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Владимир Путин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді

Фото: Алексей Никольский

Сапар аясында жоғары деңгейдегі келіссөздер жүргізіледі. Мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Ресейдің ХХ Өңіраралық ынтымақтастық форумына бейнеконференция режимінде қатысады деп жоспарланып отыр.

Ал 28 қараша күні Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті сессиясы өтеді. Жиында аймақтық және халықаралық қауіпсіздіктің негізгі мәселелері талқыланады. Отырыс қорытындысы бойынша бірқатар құжатқа қол қойылады.

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жер сілкінді

Экология • Бүгін, 11:17

Жүз жастан асқан кейуана

Аймақтар • Кеше