Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ
Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
100 материал табылды

Қазақстан • 13 Қараша, 2023

Қазақша мәзіріңіз қалай?

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министр­лігі Тіл саясаты комитеті Ш.Шаях­метов атындағы «Тіл-қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы дәстүрлі «Қазақша мәзір» республикалық конкурсын ұйымдастырды.

Руханият • 13 Қараша, 2023

Қу басты таныған сыншы

Қазақтың ежелгі генетикалық жадысынан орын алған ұлттық қасиеттерінің бірі һәм бірегейі ат сыншылығы. Бұл туралы ел ішінде небір аңыз-әңгімелер жетерлік. Атап айтсақ, соның бірі – ХVII ғасырда өмір сүрген атақты Толыбай сыншы. Бұл кісінің сыншылығы хақында ғұлама атамыз Мәшһүр Жүсіп және жазушы Сәуірбек Бақбергеновтің жазбаларында кездеседі.

Тарих • 09 Қараша, 2023

Тұғырыл ханның ордасы

Орта ғасырда Орталық Азияда орын алған тарихи оқиғалар тізбегі күллі адамзаттың назарын әлі күнге өзіне аударумен келеді. Әсіресе ұлы қаған Шыңғыстың өмір тарихына қатысты мате­риалдарда керей, найман, қоңырат, меркіт, оңғыт (уақ), жалайыр тайпалары хақында дерек көп. Соның бірі – керей тайпасының билеушісі Тұғырыл хан туралы мәліметтер.

Егемен Қазақстан • 07 Қараша, 2023

«Егемен Қазақстан» мұрағатындағы тарихи деректер

Биыл 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың белді өкілі, Торғай көтерілісінің қолбасшысы Аманкелді Имановтың туғанына 150 жыл толу орайында мына бір дерекке тоқталғанды жөн көріп отырмыз. Екінші дүнижүзілік соғыс жүріп жатқанда «Социалистік Қазақстан» газетінің 18 маусым күнгі № 121 санында батыр туралы мақалалар топтамасы жарияланыпты. Бұл деректер 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс тарихын және батырдың өмірбаянын зерттеп жүрген адамдар үшін қажет болары анық.

Зерде • 01 Қараша, 2023

Ит ұлыған түн

Таяуда елорда төрінде «Отандастар» қоры» КеАҚ ұйым­дас­ты­руымен әлем қазақтары бас қосқан форум өтті. Мәртебелі жиынға түркиялық Нұрахмет Гюнеш есімді егделеп қалған аға­мыз келіпті. Бағзыдан бергі бір әдетім, түркиялық көнекөз қазақ­тарды көрсем болды, сонау 40-жылдары Алтайдан ауып, Анадолыға барған алғашқы көштің баяны туралы сұрамай тынбаймын. Әр кез бұрын-соңды хабарым болған бір оқиғаны естимін. Бұл жолы да қызық әңгіме естіп тебірендім. Сонымен...

Ең қысқа әңгіме • 19 Қазан, 2023

Абылайдың ақ үйін айқындаған

Тура жиырма жыл бұрын, 2003-тің қоңыр күзі-тін. Дәл қазіргідей қазан айының аяғы. Ұмытпасам, 29 қазан болатын. «Егемен Қазақстан» газетінің ел іздеп оқитын «Етжеңді» дейтін саны қолыма тиді. Баппен, байыптап оқып отырып, «Абылайдың ақ үйі» деген тақырыпқа көзім түсті. Шағын мақалаға хан ордасының қиранды фотосы қоса беріліпті. Санам селк етті. Үңіліп авторына қарасам, Жақсыбай Самрат деп тұр.

Жәдігер • 16 Қазан, 2023

Жүсіп ата жазбасы

Ел аузында сақталған аңыз – әпсана деректерде Қожа Ахмет Ясауидің шәкірті саналатын әулие, пір Жүсіп атаның қолжазбасы табылғаны туралы мәліметті Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің баспасөз қызметі таратты.

Өнер • 12 Қазан, 2023

Жүлде алған сурет

ЮНЕСКО ұйымы жыл сайын «Жібек жолы – жастар көзімен» атты халықаралық фотобайқау өткізуді дәстүрге айналдырды. Биыл да бұл үрдіс жалғасын тапты.

Тұлға • 08 Қазан, 2023

Бошайдың үш қарасы

Екінші дүниежүзілік соғыс ар­дагері, Социалистік Еңбек Ері, данагөй тұлға, әйгілі атбегі Бошай Кітапбаевтың туғанына биыл 100 жыл толып отыр. Бошекең – көзінің тірісінде аңызға айналған адам. Әсіресе бұл тұлғаның атбегілік өнері хақында өткен ғасырдың 70-жылдары үлкен қаламгер Ғабит Мүсірепов очерк жазса, ақындар Ғафу Қайырбеков, Кәкімбек Са­лықов, Фариза Оңғарсынова жыр арнапты.

Тарих • 04 Қазан, 2023

Тарихи фотодағы кімдер?

Мына ұсынылып отырған сурет көзіқарақты қауымға жақсы таныс деп ойлаймыз. 1918 жылы сәуір айында Алаш арыстары Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Райымжан Мәрсековтердің Шәуешек қаласындағы сапары кезінде түсірілген. Бұл бейнені тарихқа таңбалаған – әуесқой фотограф Мұхаметжан Юсупов.