
Жәдігер • 25 Маусым, 2025
Түркістан қаласында орналасқан «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музей қорында құнды жәдігер бар. Оның анықтамалығында дарабоз батыр «Қабанбайдың қанжары» деп жазылған.
Тарих • 24 Маусым, 2025
Мына бір фото соғыс жылдары Қызыл Армияның Әскери әуе кұштерінің үнпарағы «Сталинский сокол» (жауапты редакторы В.П.Масковский) газетінің 1944 жылғы 5 желтоқсан күнгі №98 (292) санына жарияланыпты. Жәдігердің астына: «Бірінші Прибалтика майданы. Қазақ экипажы. Звено командирі үш орденді гвардия аға лейтенанты Есіркепов – 100 дүркін жауынгерлік ұшу жасаған. Звено штурманы гвардия лейтенанты Имашев – 50 дүркін жауынгерлік ұшу жасаған. Екі орденді радист-атқыш гвардия сержанты Тәжібаев 30 дүркін жауынгерлік ұшу жасаған. Барлығы – Сталинград, Белоруссия, Прибалтика шайқастарына қатысқан. Суретті түсірген И.Фигурова», деп жазылыпты.
Таным • 21 Маусым, 2025
Құста да тіл бар. Ел арасында «құстың тілін құсбегі біледі» деген сөз бекер айтылмаған. Тәжірибелі құсбегілер тек бүркіт қана емес, әртүрлі құстың сайрағанына құлақ түріп, қандай жағдайда, қандай дыбыс шығаратынын тыңдап, не айтып жатқанын түсінеді. Тіпті бүркіттің аналығы мен аталығын дауысына қарап ажыратады.
Жәдігер • 18 Маусым, 2025
«Әзірет Сұлтан» ұлттық музей-қорығы сайтында мекеменің нумизматикалық жәдігерлер қорында сақталған теңге-тиын (пуль) туралы мәлімет жарияланды. Бұл бұйым кезінде Сығанақ қаласында соғылған екен. Жәдігерді музей қорына 2004 жылы Түркістан қаласының тұрғыны Н.Досметов есімді азамат тапсырыпты.
Зерде • 10 Маусым, 2025
«Рүстем қырғыны» дастаны қалай жазылды?
Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, барлық жанрда қалам тартқан әмбебап дарын – ақын, жазушы, драматург, журналист Ілияс Жансүгіров азғана ғұмырында көптеген поэма жазды. Соның бірі – 1926 жылы жазылған «Рүстем қырғыны» дастаны. Бұл туынды ақынның көзі тірісінде жарияланбаған. Өмірден өткен соң, жиырма екі жылдан кейін, яғни 1960 жылы алғаш жарық көрсе, екінші рет 2004 жылы жазушының «Қазығұрт» баспасынан шыққан көптомдығының 3-томына енген.
Фотогалерея • 10 Маусым, 2025
Кеңес одағы кезінде шет мемлекеттерде өмір сүріп жатқан қандастарға Қазақстан тарапынан мәдени-рухани қолдау болды. Соның бір айғағы – мына фото. Яғни 1962 жылы күзде бір топ қазақстандық өнер қайраткерлері Бай-Өлке аймағына барып, өнер көрсеткен.
Жәдігер • 04 Маусым, 2025
Адамзат тарихында әлемде алғаш рет көшпелілер им-периясын құрған – ғұндар. Мағжан Жұмабаев «Ерте күнде отты күннен ғұн туған, Отты ғұннан от боп ойнап мен туғам» дегеніндей, ежелгі ата-бабамыздан қалған мұра көп. Күллі Еуразия даласында ғұндарға тән 13 қорған-кешен болса, осылардың тоғызы моңғол даласында екен.
Зерде • 04 Маусым, 2025
Мына бір әңгіме М.Әуезов атындағы Әдебиет өнер институтының қорында сақталыпты. Сілтемесі – Қ.866, 2-3 дәптер. Жазбаны қорға 1976 жылы айтыскер ақын, әнші, өнертанушы һәм Қазақстаның еңбек сіңірген әртісі Ғали Дүйсеков (1900–1978) деген адам тапсырыпты.
Жәдігер • 29 Мамыр, 2025
Моңғолияның «iNews.mn» танымал порталы жақында ортағасырлық қыпшақ жауынгері қолданған торкоз сауыт пен темірден тұтас құйылған дулығаның суретін жариялады. Жәдігер жуық жылдары Украинаның Липовец елді мекені маңына жүргізіліген археологиялық қазба жұмыстары кезінде 264-қорғаннан табылған екен.
Мирас • 24 Мамыр, 2025
Абай Құнанбайұлының шығармаларын хатқа түсіріп, бүгінге жеткізген адам – Мүрсейіт Бікеұлы. Осы кісінің бір беттік жазбасы 1957 жылы жазушы Мұхтар Әуезовтің бастамасымен Қазақ КСР Ғылым академиясы Тіл және әдебиет институты әзірлеуімен Қазақ Мемлекеттік көркем әдебиет баспасынан жарық көрген ақынның екітомдық толық жинағының І томының 209-бетіне жарияланыпты (суретте).