Жақсыбай САМРАТ
Жақсыбай САМРАТ«Egemen Qazaqstan»
1864 материал табылды

Қоғам • 08 Сәуір, 2025

Бала жанының бағбаны

Қызылжардың Ғ.Мүсірепов атындағы облыстық балалар және жасөс­пірімдер кітапханасында белгілі балалар жазушысы, халықаралық Алаш әдеби сыйлығының лауреаты Толымбек Әбдірайымның «Құс ұясы» атты жинағының тұсаукесер рәсімі өтті.

Оқиға • 07 Сәуір, 2025

Петропавлда көтергіш крандар зауыты іске қосылады

Петропавлдың «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағында «KazCrane» ЖШС көтергіш крандар жасайтын зауыт құрылысын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 06 Сәуір, 2025

Төрешілдік жазықсыз жапа шектіруде

Солтүстік Қазақстан облыстық кәсіпкерлер палатасының бөлім бастығы Айдос Жанашұлы Кеңпейілов Петропавл қаласы әкімдігінің бір кәсіпкерге қатысты жосықсыз қылығы туралы айтты.

Қоғам • 04 Сәуір, 2025

Теріскейге бет түзеген көш

Оңтүстіктен солтүстікке көшу бағдарламасы бойынша был­тыр 7 мың квота бөлінген. Оған биыл Қарағанды, Абай, Ұлытау, Шығыс Қазақстан, Қос­танай, Павлодар мен Сол­түс­тік Қазақстан облыстары сияқты 7 облыс қамтылып отыр.

Су тасқыны • 03 Сәуір, 2025

Қарғын судан қауіп жоқ

«Қазгидрометтің» Солтүстік Қазақстан филиалы бақы­лау бекеттерінің айтуына қарағанда, наурыздың аяғын­да Петропавл су қоймасындағы Есіл өзенінің деңгейі 52 см-ге көтерілген, Сергеев су қоймасындағы деңгей 3 см тө­мен­деген. Сондай-ақ облыс орта­лығының ірге­сін­дегі Борки, Дол­матов мекендерінде тиісінше 51, 59 см көтерілген.

Жәдігер • 03 Сәуір, 2025

100 жыл сақталған бердеңке

Мал ұрлығына қарсы республикалық шаралар жүргізу барысында солтүстік­қазақ­стандық пинкертондар қызық «олжаға» тап болды. Аққайың ауда­нын­дағы мал ұрлығына қатысы болуы мүмкін деген күдікпен ауыл тұрғындары­ның бірі­нің қорасын тексергенде, үйілген шөп маясынан екі бірдей бердеңке та­был­ған. Тұрғын оның бабасынан қалған раритеттік мұра екенін айтқан.

Тағзым • 02 Сәуір, 2025

Атағы Алашқа аян ғалым

Ғұлама ғалым, химик-ме­таллург, прозашы, сыншы, аудармашы Ебіней Бөке­товтің туғанына 100 жыл толуына орай Қы­зыл­­жар­дың зиялы қауым өкіл­дері оның қала ортасын­дағы ескерткішіне гүл шоқ­тарын қойып, С.Мұ­қа­нов атындағы об­лыс­тық әмбебап, ғылы­ми кі­тап­­ханада «Е.Бөке­тов­тің біре­гей мұрасы» атты дөңгелек үстел мәжілісін өткізді.

«Таза Қазақстан» • 02 Сәуір, 2025

Аулалар абаттана бастады

Солтүстік Қазақстан облысында да «Таза Қазақстан» жал­пы­ұлттық эколо­гия­лық акциясы жақсы нәтиже беріп келеді. Жүйелі жобаның маусымдық іс-шара­лар­мен, сенбіліктермен шек­теліп қалмай, әлеуметтік нормаға айналып, халық сана­сын­да орнығып, жалғасын тауып келе жат­қанына қалың бұқара куә болып отыр.

Өшпес даңқ • 29 Наурыз, 2025

Иесін тапқан орден

Балтабек Мұстафин Солтүстік Қазақстан облысының Преснов (қазіргі Есіл) ауданындағы Тауағаш ауылында 1926 жылы дүниеге келген. Әкесі Қабдол – асқан саятшы, аштық жылдарында ауылдастарын аңмен асыраған атақты бүркітші болған. Өзі балуан, екі иығына екі жігіт мінгендей, зор денелі болған. Балтабек – оның көп қыздан кейін көрген жалғыз ұлы.

Аймақтар • 22 Наурыз, 2025

Қызыққа толы Қызылжар

Қызырлы Қызылжардағы Наурыз мейрамы басқа да облыстардағыдай 14 наурыздағы Көрісу күнін атаудан басталған. Биылғы көктем де өз сәнімен басталып, күннің қызуы да көңілді көтеріп тұрды. Кей жылдары болатын көктемгі ызғырық та биыл болмай, ауа температурасы түннің өзінде нөлден жоғары болып тұр.