Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
1720 материал табылды

Тұлға • 23 Сәуір, 2024

Қонысбайдың халықшыл қасиеті

2022 жылдың 3 желтоқсаны. Түн құшағындағы елордада қыс қаһарына мініп, аяз ақырып тұрған. Жұртты әбігерге салған осындай ызғарлы, суық ауа райымен бірге бізге бірер жылдан бері денсаулығы сыр беріп жүрген аяулы досымыз Қонысбай Әбілдің дүниеден озғаны туралы суық хабар жетті. Қайғылы қазаны сол тұстағы Жазушылар одағының басқарма төрағасы, көрнекті ақын Ұлықбек Есдәулет Фейсбук парақшасында жеткізген еді...

Тұлға • 23 Сәуір, 2024

Адалдықты ту еткен азамат

Өмір бізді қай қиырға, қай қиынға салса да, адамгершілік жолынан аттамай, Құдай берген қабілет-қарымымен ортасына, ел-жұртына, ең бастысы, кәсібіне адал да абыройлы жандар арамызда аз емес. Көзге көрінуді емес, көңілден шығуды ойлайтын, еңбегімен елге сыйлы сондай азаматтың бірі – сот жүйесінің білгірі, заң саласының кәсіби маманы Сәкен Абдолла. Бүгінде әділеттік пен әділет жолындағы азамат туралы айту мен жазу көкейкесті болса, аталған ұғымға сыятын тұлға ретінде де осы кісіні таңдар едік.

Мәселе • 23 Сәуір, 2024

Шекаралық аудандар қамқорлыққа зәру

Әр елдің шекарасының беріктігі мен тұтастығы ұлттық стра­те­гия­сы­ның басым бағытына жатады. Еліміздің 14 өңірінде 65 аудан 5 мемлекетпен шектескен. Шекара маңындағы елді мекендердегі әлеуметтік нысандар, шағын және орта бизнес, туризм, сауда, жұмыс орындарын құру, халықты тұрақтандыру тетіктерін әрдайым назарда ұстап, ұдайы жетілдіріп отыру – уақыт пен қоғам талабы.

Зерде • 20 Сәуір, 2024

Қасіретті күндердің дерек-дәлелі

Өткен жылдың күзінде Қырғызстан ғалымдары – Д.Ш. Қызаева, З.К.Құр­ма­­нов, А.Ж.Абдрахманов «Қазақстандағы ашаршылық: Қырғыз­стан­дағы қазақ босқындары. 1932-1933 жж. (Ашаршылық в Казахстане: казах­ские беженцы в Кыргызстане. 1932-1933 гг.)» Қазақстандағы қайғылы аштық­тың 90 жылдығына арналған құжаттар мен материалдар жинағын жария­лады. Жинақта нақты құжаттар негізінде 1932-1933 жылдардағы аштық салдарынан туған жерлерінен босқан қазақтардың ауыр тағдыры, оларға Жүсіп Абдрахманов басшылық еткен көрші Қырғызстан тарапынан қандай көмек көрсетілгендігі баяндалады.

Пікір • 20 Сәуір, 2024

Мақсат – қылмыстың алдын алу

Президент қол қойған жаңа заң арқылы 15 заңнамаға, оның ішінде 7 кодекс пен 8 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп жатыр. Ілеспе заң Әкімшілік құқық бұзушы­лық туралы кодекске түзетулер енгізуді қарастырады.

Оқиға • 19 Сәуір, 2024

Оқжетпестің асқарына өрлеген

Өлең-жырларында, зерттеулерінде өлке тарихын да қоса өріп, өн­дірте еңбек етіп келе жатқан қаламгер Тортай Сәдуақаспен таныс болуым, ол 1979–1995 жылдары Алматыда «Жазушы» баспасында редактор кезінен басталды. Ол кезде «Жазушы» бас­пасы республикадағы ең іргелі баспа болатын. Әдебиетіміздің ең құнды дүниелері осы мәдениет ошағынан көп тиражбен халыққа кең тарап жататын.

Пікір • 19 Сәуір, 2024

Өркениетті қоғам құру жолында

Мемлекет басшысының әйел құқығы мен бала қауіпсіздігін қам­тамасыз ететін заңдарға қол қойғаны жөніндегі хабарды қуаныш­пен қарсы алдым. Заңдарға әйел мен балаға қатысты кез келген сипат­тағы зорлық-зомбылық үшін жауап­кер­шілікті қатаңдататын, сондай-ақ отбасы институтын, кәме­летке толмағандардың қауіп­сіз­дігін нығайтатын нормалар енгізіл­ген.

Құқық • 19 Сәуір, 2024

Әйел құқы басты назарда тұрады

Әйел құқығын қорғау және бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету қоғамның дамуы үшін өте маңызды. 2017 жылы елімізде тұр­мыстық зорлық-зомбылық үшін жауап­кер­шілік әлсіз болды. Ал 2019 жылдан бастап осы уақытқа дейін қоғамда тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресу, оған қарсы тұру турасында қызу пікірталастар жүрді.

Абай • 19 Сәуір, 2024

Абайдың музыкалық мұрасы

Абайдың музыкалық шығармалары абайтану нысанасының сүбелі бір бөлігін құрайды. Ерекше дарын иесі, ұлы ақын Абай – қазақ поэзиясын қаншалықты биік шыңға көтерсе, ұлттық музыка өнерінде де жаңаша соқпақ сала білді. Дәстүрлі халықтық музыкаға соны түр, жаңаша екпін, ерекше нақыш әкелді. Абайдың осы ән өнерін тереңірек түсіндіру мақсатында Назарбаев университетінің профессоры Жанар Әбдіғаппарова студенттерге «Хакім Абайдың музыкалық мұрасы» атты семинар-тренинг өткізді.

Пікір • 18 Сәуір, 2024

Қиындықты ел болып еңсереміз

Президент табиғаттың тосын мінезінен туындаған биылғы су тасқынын бұрын-соңды болмаған үлкен табиғи апат деп атап, жауапты сәтте барша азаматты қиын жағдайда қалған халыққа қол ұшын созуға шақырды. Мемлекет басшысының сын сағатта халқымызға жасаған үндеуі «Ауыл» партиясы өкілдері тарапынан кеңінен қолдау тапты.