Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
23586 материал табылды

Медицина • 07 Желтоқсан, 2022

Аурудың алдын алайық!

Скрининг – дерт белгісі әлі болмаған кезде ауруды ерте кезеңде анықтау мақсатында жүргізілетін профилактикалық медици­налық тексеру және қосымша тексеру әдістерін қамтитын іс-шаралар кеше­ні. Қала және ауыл тұрғындары ара­сын­да медициналық қызметтердің қолже­тім­ділігі тең еместігіне және ауылды жерлерде сақтандырылмаған азамат­тардың көп болуына байланысты, 20 қазан­нан бастап ауыл тұрғындары үшін профи­лактикалық тексерулердің жаңа пакеті енгізілді.

Қоғам • 07 Желтоқсан, 2022

Құмар ойынның құрбандары

Құмар ойын бизнесін ұйымдастырушылардың қалтасы қампиғанымен, құмар ойыншылардың тағдыры бұзылғаны алаңдатады. «Бір көрейінші» деп бастап, барынан айырылғанша бәс тігетін адам қаншама?! Жеңіл ақшаға әуес болып, миллиондарды желге ұшырады. Өзін ғана емес, отбасын да шырылдатып, шығынға батырып ойнайтын құмарлық – шынында да аурудың асқынған түрі.

Руханият • 07 Желтоқсан, 2022

Сұлулық сапары

Нешеме жылдар өтсе де, жадыңда жаңғырып, көңiлiңнен кетпей жүретiн көркем кiсiлер бар. Соның бiрi де бiрегейi академик Зейнолла Қабдолов едi. Дана адамның дидары кейбiр тұнжыр күндерде есiңе түссе, тiптi еңсеңдi тiктеп жiбередi. Сол аяулы ұстаздың асыл жары Сәуле апаймен арагiдiк хабарласып тұру дағдыға айналған талай күндер де өттi. Арадағы дәнекер, әрине, ұлы ұстаз рухы.

Әдебиет • 07 Желтоқсан, 2022

Ежелгі тарихтың ескерілмеген парағы

Жақында Алматыдағы «Аbai baspasy» Зәріпбай Ораз­бай әзірлеген «Ұлы тарих және Ұлы әулиелер» атты жи­нақты жариялады. Ол Ақтан сопы Құтбтың «Біздің тарихымыз» (1730) деп аталатын шағатай қарпіндегі қол­жазбасы негізінде даярланған. Онда Шың­ғыс ханның (қолжазбада – Шыңғыз) ең сенімді қолбасшысының бірі Ноқта (кей деректе Бұқыршын) ноян мен оның ағасы Орақты ұрпақтарының XVIII ғасырдың басына дейінгі тарихы баяндалған. Аталған кітаптағы түркілер мен Шыңғыс ханға қатысты мәліметтер Ра­шид ад-дин Фа­зуллах Хамаданидің «Жамиғ ат-тауарих» (1316) және Шараф ад-дин Әли Йаздидің «Зафарнама» (1425) еңбектеріндегі деректерге сәйкес ке­леді. Жинаққа Бекасыл әулиенің «Зикзал» мұрасы туралы деректер мен Мәшһүр Жүсіптің естеліктері, сондай-ақ академик Ғарифолла Есімнің «Шыңғыз хан туралы тосын пікір» атты мақаласы енген. «Ұлы тарих және Ұлы әулие­лер» көне заманнан осы күнге дейінгі ел тарихын дұрыс байыптауға жәрдемін тигізеді.7 желтоқсан күні сағ. 15.00-де елордадағы Академиялық кітапханада көне тарихтан мағлұмат беретін «Ұлы тарих және Ұлы әу­лиелер» атты жинақтың тұсаукесері өтеді.

Руханият • 07 Желтоқсан, 2022

«Хат қоржын»

Қазақстан • 06 Желтоқсан, 2022

6 желтоқсан - Прокуратура күні

Саясат • 06 Желтоқсан, 2022

Азық-түлік бағасын тұрақтандыруға арналды

Премьер-Министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

Саясат • 05 Желтоқсан, 2022

Тұрақтылыққа төнген үлкен қауіп

Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов бастаған Қазақстанның парламенттік делегациясы Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы Парламенттік Ассамблеясының кезекті отырысына қатысу үшін Мәскеуге жұмыс сапарымен барды.

Әдебиет • 05 Желтоқсан, 2022

Қажығали – халықтың азаматы

Қазақтың көрнекті жазушысы Қажығали Мұханбетқалиұлы тірі болса, біздің де, өзінің де 80 жылдық мерейтойында жарқырап ортамызда отырар еді. Бірақ тағдырдың жазуы осындай болды, Қажекең қазір арамызда жоқ. Есесіне, артында өлмейтін шығармалары қалды, ұрпағы, жары қалды.

Қоғам • 05 Желтоқсан, 2022

Ұлтқа қызмет

Кеңестік «жылымықтан» кейінгі Барыс жылы дүние есігін аш­қан­дар кезек-кезегімен алпысты ба­ғын­дырып жатыр. Белгілі әдебиет­танушы-академик, журналист Бауыржан Омарұлының сөзімен айтсақ: «Алпысқа жұрт әртүрлі жолмен, әртүрлі кейіппен келеді. Мәселен, мынандай алпыстар бар... Айшуақ алпыс, ақ­жайық алпыс, ағеден алпыс, ақ­көңіл алпыс, азусыз алпыс, асау алпыс, асқақ алпыс, айбарлы алпыс, ашушаң алпыс, ақырған алпыс, алғыр алпыс» болып жік­теліп кете береді. Ал бүгін біз сөз еткелі отырған Қазыбек Иса құр­да­сымыздың алпысы – «мінезді алпыс» деуге әбден лайық.